Навигация

Серіктестер

Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімі

Ономастикалық жұмыс және мониторинг бөлімі

Мекенжайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдыкорган қ., Жансүгіров көшесі, 36 «б»

Электрондық адресі: obl.til.damytu.5.@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-61; 40-01-62

Факс: 8 (7282) 30-59-50



Бөлім құрылымы

Аты, жөні, тегі​

Қызметі

Байланыс телефоны

e-mail

1

Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев

Бөлім басшысы

8 (7282) 40-01-61

onomastika_obltildamytu@bk.ru

2

Өзекбаев Жігер Асылғазыұлы

Бас маман

8 (7282) 40-01-62

ecolog.74@mail.ru

3

Кожухова Дамира Қайратқызы Бас маман

8 (7282) 40-01-62

 

Бөлім басшысы - Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев

1. Ономастикалық жұмыс және мониторинг бөлімі «Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, тікелей басқарма басшысына бағынады.

2. Өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», Бюджет кодексін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қоса бөлім туралы ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің негізгі мақсаты:

- Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, облыстағы тіл саясатын үйлестіру жұмыстарын, мекемедегі ономастика, көрнекі ақпарат және іс жүргізу мәселелерінен туындайтын міндеттерді іске асыру.

4. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыру және бақылау жасауды қамтамасыз етедi, ономастикалық комиссиялардың жұмысын үйлестіреді, мемлекеттік ономастикалық жұмыс бағдарламасының орындалуына бақылау жасайды;

2) облыстық ономастика комиссия қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді, қалалық, аудандық ономастикалық жұмысшы топтармен байланыс орнатады;

3) облыстық ономастика комиссиясына келіп түскен материалдардың уақытында қаралуын, олар жөнінде негізделген қорытындылар қабылдануын, осы материалдарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк ономастика комиссиясына одан ары қаралуына және қорытынды шешiм қабылдануына жiберудi қамтамасыз етеді;

4) бөлiм қарауына келiп түскен өтініш берушілердiң хаттарымен жұмыс жүргізеді және оларға жазбаша жауап береді;

5) облыстағы тіл ахуалының жағдайына және дамуына мониторинг жасау, әлеуметтік зерттеу базасы негізінде талдау материалдарын дайындау, ономастикалық жұмыстың жай-күйі туралы мәлiметтердi қоса отырып облыстағы тілдік ахуалды зерттеу бойынша деректер базасын құрайды;

6) тілдерді дамыту саласында iс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету, тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделейді;

7) ғалымдармен, ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас орнатады, ізденiс және ғылыми жұмысты іске асырып, географиялық, әкімшілік-аумақтық нысандар атауларының өзгергені жөнінде мәліметтерді тауып тіркейді;

8) ежелгі халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға тұрғындардың құрметпен қарау қатынасын қалыптастыру мақсатында ономастика мәселелерi жөнiнде мерзімді баспада материалдар жариялайды;

9) нысандарды, сыртқы ақпараттық жарнамаларды, маңдайшаларды көркем безендендіру барысында тіл мәдениетін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүргізеді;

10) жоғары тұрған ұйымдардың ономастика мәселелері жөніндегі бақылауда тұрған құжаттары бойынша ақпараттық материалдарды уақытында дайындауды қамтамасыз етеді;

11) тіл саясатының мәселелері жөнінде семинарлар, мәжілістер, конференциялар, конкурстар және басқа да көпшілік шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.

5. Негізгі міндеттерді және өзінің қызметін іске асыру үшін бөлімнің:

1) өзінің құзіреті шеңберінде жұмыс істеу үшін заңды тұлғалардан қажетті мәліметтерді сұрауға;

2) бөлімнің қызметіне байланысты басқарма басшысының бұйрықтар

жобасымен танысуға;

3) осы ережеде қарастырылған міндеттерге байланысты, жұмысты жетілдіру жөнінде, басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізуге;

4) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша басқарма басшысынан ақпараттар мен құжаттарды алуға құқығы бар.

 

БЕКІТЕМІН

Алматы облысының

тілдерді дамыту жөніндегі

                                                                  басқармасының басшысы

                                                                  ____________ А. Башбаев

                                                                  «_______»__________ 2017 жыл

 

Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау

бөлімінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары

р/с

Атқарылатын іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

  1.  

Бөлімнің жұмысына қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің қаулысын, шешімдері мен өкімдерін іске асыру

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Алматы облысының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Облыстағы тілдік ахуалға және  ономастикалық жағдайға сараптама жасау

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Тіл туралы заңнамалар мен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекетік бағдарламасын орындауға мемлекеттік бақылау жасау, тексеру жұмыстарын жүргізу (2018 жылдың тексеру жоспарына сәйкес)

ІІ жартыжылдық

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Басқарманың Веб-сайтына ономастика мәселелері бойынша материалдар әзірлеу және ұсыну

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізу

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Бөлімге келіп түскен өтініштерді, хат-хабарларды қарап, мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз ету

келіп түскеніне қарай

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттардың жарнамалардың, маңдайша жазуларының т.б. көрнекіліктердің мемлекеттік тілде жазылып, ресімделуін бақылау мақсатымен рейдтер ұйымдастыру

жоспарға сәйкес

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Облыстық ономастика комиссиясының отырысын өткізу

тоқсан сайын

Е. Ақшабаев

  1.  

Аудан, қала әкімдіктерінен     әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы келіп түскен ұсыныстар мен құжаттарды қарап, ономастика комиссиясының отырысына әзірлеу

келіп түскеніне қарай

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысы берілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлеу, тиісті министрліктермен келісу,                                 ҚР Үкіметінің Кеңсесіне өткізу

қаңтар-ақпан

Е. Ақшабаев

Ж. Өзекбаев

  1.  

Облыс әкімдігі, мәслихат, департамент және басқармалардың, аудан, қала әкімдіктерінің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне талдау жүргізу, мәліметтерді жинақтау

тоқсан сайын

Ж. Өзекбаев

  1.  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық жұмыс комитетіне облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі туралы мәлімет ұсынып отыру

тоқсан сайын

Ж. Өзекбаев

  1.  

Жеке кәсіпкерлерден және жарнама агенттіктерінен келіп түскен көрнекі ақпарат пен жарнамалардың мемлекеттік тілдегі мәтінін қарап, келісу жүргізу

келіп түскеніне қарай

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Аудан және қала әкімдіктерінде  ономастикалық жұмыстарды тиімді жүргізу үшін семинар – кеңестер өткізу

қажеттілігіне қарай

Е. Ақшабаев

 

  1.  

Латын әліпбиіне қатысты көрнекі ақпараттық материалдар дайындау

наурыз

Е. Ақшабаев

  1.  

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына дайындық және оны өткізу комиссиясы отырысының хаттамалық тапсырмасына                 сәйкес елді мекендердің құрамдас бөліктерін «Астана» атауымен атау мәселесі бойынша дәйекті түсіндіру жұмыстары мен ұйымдастыру шараларын жүргізу

үнемі

Е. Ақшабаев

  1.  

«Арман қала - Астана» тақырыбында латын қарпінде эссе жазу

сәуір

Е. Ақшабаев

  1.  

«Тіл тазалығын сақтайық» акциясын ұйымдастыру және өткізу

сәуір-маусым

Ж. Өзекбаев

  1.  

Мағжан оқулары облыстық байқауы (М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай)

мамыр

Ж. Өзекбаев

  1.  

«Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» облыстық семинар-кеңес ұйымдастыру және өткізу

маусым

Е. Ақшабаев

 

  1.  

«Текті сөздің төресі – терме» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу

тамыз

Е. Ақшабаев

  1.  

«Тіл парасат» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу

қыркүйек

Ж. Өзекбаев

  1.  

Басқарма тарапынан өткізілетін шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына қатысу

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Ономастика мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есеп дайындау

І-ІІ жартыжылдық

Е. Ақшабаев

 

 

Бөлім басшысы                                                         Е. Ақшабаев

 

 

2018 жылдың І тоқсанына

АҚПАРАТ

Ономастика комиссиясының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес І тоқсандағы комиссия отырысында Балқаш ауданындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімінің орынбасары Сайран Сейткемелұлы Смағұловтың есебі тыңдалып, 1 ауылдық округке, 4 елді мекенге, 298 көшеге, 6 мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру және оларды қайта атау бойынша барлығы 309 ұсыныс қаралған. Нәтижесінде, 4 әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы өзгертілді, 294 көшенің атауын өзгерту бойынша оң қорытынды берілді, 2 білім және мәдениет мекемелерінің құжаттарын ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау туралы ұйғарым қабылданды.

2018 жылдың ІІ тоқсанына

АҚПАРАТ

Ономастика комиссиясының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаевтың есебі тыңдалып, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша 170 ұсыныс қаралды. Нәтижесінде, 139 көшенің атауын өзгерту бойынша оң қорытынды берілді.

2018 жылдың І жартыжылдығына

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» №396 қаулысына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы «Алматы облысының ономастикалық комиссиясын құру және Ережесін бекіту туралы» №154 қаулысы қабылданып, облыс әкімінің 2013 жылғы 6 маусымдағы №334-ө өкімімен облыстық ономастика комиссиясының дербес құрамы бекітілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі А. Райымқұлованың 2018 жылғы 16 наурыздағы №13-04-19/664-И хатына орай облыс әкімінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі №43-ө н/қ өкімімен ономастика комиссиясының дербес құрамына облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Дәркен Нұржанұлы Нұржанов комиссия мүшесі ретінде енгізілді.

Облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес аудан, қалалардағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, атқарылған жұмыстар бойынша аудан, қала әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарының есептерін тыңдау және объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселесі бойынша келіп түскен ұсыныстарды қарау мәселелері қарастырылған.

Бүгінгі күнге 2 отырыс өткізіліп, Балқаш, Еңбекшіқазақ ауданы әкімі орынбасарларының есебі тыңдалып, 1 ауылдық округке, 4 елді мекенге, 468 көшеге, 6 мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру және оларды қайта атау бойынша барлығы 480 ұсыныс қаралған. Нәтижесінде, 4 әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы өзгертілді, 433 көшенің атауын өзгерту бойынша оң қорытынды берілді, 2 білім мекемесінің құжаттарын ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау туралы ұйғарым қабылданды.

Қазіргі таңда облыс аумағындағы 17 аудан, 3 қаланың 100 %, 256 ауылдық (кенттік) округтің 97,2 %, 741 елді мекеннің 96,8 %, 10548 көшенің 89,1 % мемлекеттік тілде аталады. Сонымен қатар Заречное, КазЦик, Энергетический, Космос, Садовое секілді 7 ауылдық округтің, 19 елді мекеннің, Набережная, Степная, Юбилейная секілді 1152-ге жуық көшенің атауы, жалпы алғанда 10 пайызы өзгертуді қажет етеді.

Осы орайда, ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру жұмыстары жоғарғы атқарушы органдар тарапынан келіп түскен тапсырмалар аясында және Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су аттары», «Дәстүрлі атаулар» бойынша жасалған тізімдерге сәйкес жүргізілуде.

 

БЕКІТЕМІН

Алматы облысының

тілдерді дамыту жөніндегі

                                                                  басқармасының басшысы

                                                                  ____________ А. Башбаев

                                                                  «_______»__________ 2018 жыл

 

Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің 2018 жылға ІІІ тоқсанға арналған

жұмыс жоспары

 

р/с

Атқарылатын іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

  1.  

Бөлімнің жұмысына қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің қаулысын, шешімдері мен өкімдерін іске асыру

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Алматы облысының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Облыстағы тілдік ахуалға және  ономастикалық жағдайға сараптама жасау

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Басқарманың Веб-сайтына ономастика мәселелері бойынша материалдар әзірлеу және ұсыну

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізу

үнемі

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Бөлімге келіп түскен өтініштерді, хат-хабарларды қарап, мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз ету

келіп түскеніне қарай

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттардың жарнамалардың, маңдайша жазуларының т.б. көрнекіліктердің мемлекеттік тілде жазылып, ресімделуін бақылау мақсатымен рейдтер ұйымдастыру

жоспарға сәйкес

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Облыстық ономастика комиссиясының отырысын өткізу

тоқсан

сайын

Е. Ақшабаев

  1.  

Аудан, қала әкімдіктерінен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы келіп түскен ұсыныстар мен құжаттарды қарап, ономастика комиссиясының отырысына әзірлеу

келіп түскеніне қарай

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Облыс әкімдігі, мәслихат, департамент және басқармалардың, аудан, қала әкімдіктерінің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне талдау жүргізу, мәліметтерді жинақтау

тоқсан

сайын

Ж. Өзекбаев

  1.  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық жұмыс комитетіне облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі туралы мәлімет ұсынып отыру

тоқсан

сайын

Ж. Өзекбаев

  1.  

Жеке кәсіпкерлерден және жарнама агенттіктерінен келіп түскен көрнекі ақпарат пен жарнамалардың мемлекеттік тілдегі мәтінін қарап, келісу жүргізу

келіп түскеніне қарай

Бөлім қызметкерлері

  1.  

Аудан және қала әкімдіктерінде  ономастикалық жұмыстарды тиімді жүргізу үшін семинар – кеңестер өткізу

қажеттілігіне қарай

Е. Ақшабаев

 

  1.  

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына дайындық және оны өткізу комиссиясы отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес елді мекендердің құрамдас бөліктерін «Астана» атауымен атау мәселесі бойынша дәйекті түсіндіру жұмыстары мен ұйымдастыру шараларын жүргізу

үнемі

Е. Ақшабаев

  1.  

«Текті сөздің төресі – терме» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу

тамыз

Е. Ақшабаев

  1.  

«Тіл парасат» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу

қыркүйек

Ж. Өзекбаев

  1.  

Басқарма тарапынан өткізілетін шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына қатысу

үнемі

Бөлім қызметкерлері

 

 

Бөлім басшысы                                                         Е. Ақшабаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.