Навигация

Серіктестер

Ашық сабақтар

Мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша

Мемлекеттік тілді оқытуға арналған типтік бағдарлама негізінде «Қазақ тілі В2» ортадан жоғарғы деңгейге арналған оқулықты басшылыққа ала отырып, бекітілген күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес, В2 деңгейінің топтарында және іс жүргізу курсының сабақтары жүргізілуде. Белгіленген жұмыс бағдарламасында 8 модуль қамтылған болатын. Жыл басынан «Отбасы мәселелері», «Тіл білудің мәселелері», «Әлем тағамы алдыңызда», «Білімді мыңды жығады» атты модульдермен сабақтар өткізілді.

8 наурызға арналған «Ардақтайық ананы» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты - тыңдаушыларды  аналарымызды аялап, құрмет тұтуға баулу, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін құрметтеу және сөздік қорларын молайту.

22 наурыз қарсаңына өткізілген «Жыл басы – Наурыз» атты ашық сабақтың мақсаты - тыңдаушыларға халқымыздың әдет-ғұрпы және «Наурыз» туралы түсінік беру арқылы, оларға Наурыз мерекесі ұлтымыз үшін Ұлыстың Ұлы күні екенін ашып көрсету, сонымен қатар, өнеріміз бен мәдениетімізді қастерлеуге шақыру, сөздік қорын молайту және халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинарда «Мемлекеттік тілді оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдер» атты тақырыпта баяндама дайындалып, тәжірибе  алмасылды.

15 сәуір - Махаббат күніне орай  «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Төлеген мен Жібек» тақырыбында ашық сабақ өтті. Шынайы махаббатқа деген құштарлықтарын арттыру, ұлтымыздың тазалық пен пәктікті басты назарда ұстағандығына көңіл аудартуды мақсат тұтқан сайыс сабақта тыңдаушылар белсенділік танытты.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.