Навигация

Серіктестер

Орталық туралы


«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы


«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алматы облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 83 қаулысы негізінде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанынан құрылды.

Мекеме Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс орталығы Талдықорған қаласында 2006 жылдың қаңтар айында ашылды.

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-ның ашылу салтанаты лентасын белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов қиды.

2010 жылдың 13 ақпанында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында салынған Тіл сарайының ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Н. Нығматуллин, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед және бірқатар министрлер қатысты. Лента қию рәсімін К. Мәсімов, Н. Нығматуллин, сол кездегі облысымыздың әкімі С. Үмбетов жүзеге асырды. Құрметті қонақтар сабақ барысында тіл үйренушілермен сөйлесіп, игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Тіл сарайында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған мемлекеттік тіл, орыс және ағылшын тілдерін оқыту кабинеттері бар.

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 157 қаулысының негізінде «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік оралығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 539 қаулысының негізінде «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 60 қаулысының негізінде «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық, қалалық 9 филиалы ашылды. Бұл филалдар Алакөл, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Қарасай, Сарқан, Ұйғыр, Іле аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында орналасқан.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.