Навигация

Серіктестер

Жарғы

Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы «5» ақпандағы
№ 60 қаулысына қосымша

 
 
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне, бюджеттік сала мамандарына, сонымен бірге халықтың басқа да топтарына мемлекеттік тілді және «тілдердің үштұғырлығы» жобасы аясында орыс тілін, ағылшын тілін озық әдістер мен жаңа оқыту технологиялары негізінде оқытуды жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі – коммуналдық.
3. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 539 қаулысымен «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
4. Мекеменің құрылтайшысы – Алматы облысының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі - Құрылтайшы).
5. Мемлекеттік мекеменің тиісті саладағы уәкілетті органы «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі – Уәкілетті орган).
6. Мекеменің атауы:
Мемлекеттік тілде:
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде:
Коммунальное государственное учреждение «Учебно-методический центр «Тіл» Алматинской области».
7. Мекеменің тұрған жері: 040000 Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы І. Жансүгіров көшесі 36 б үй.
 
2. МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСІ
8. Мекеме ол мемлекеттiк тiркелген кезден бастап құрылды деп есептелiп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Мекеменiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерiмi, банкте шоттары, бланкiлерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк мекеменiң атауы жазылған мөрi болады.
10. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11. Мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң кепiлдiгiндегi ақшамен жауап бередi. Мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
 
 
3. МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
12. Мекеме қызметiнiң мәнi өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне, бюджет сала мамандарына, сонымен бірге халықтың басқа да топтарына мемлекеттік тілді және «тілдердің үштұғырлығы» жобасы аясында орыс, ағылшын тілдерін оқыту, қажетті материалдық-техникалық жағдай жасау, оқыту-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету.
13. Мекеме қызметiнiң мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады.
14. Мекеме мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
1) мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін дамыту және кеңейту мәселелерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау;
2) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне көмек ретінде әдістемелік құралдар әзірлеу, кеңес беру т.б.;
3) уәкілетті органның өткізетін іс-шараларын ұйымдастыруға көмек көрсету;
4) ұйымдардың өтініштерін ескере отырып, оқыту процесін мемлекеттiк мекеменің өзінде немесе тыңдаушылар жұмыс істейтін кеңседе өткізуді жоспарлау;
5) өзінің қызметі жайлы ақпаратты еркін тарату;
6) мекемелер, құрылымдар, ведомстволар және кәсіпорындармен келісім-шарт жасау;
7) мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілін оқытудың оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік және көмекші материалдарды құрастыру, басып шығару;
8) арнайы біліктілік комиссиясын құру және сол арқылы мемлекеттiк мекеме оқытушыларының біліктілік санаттарын тағайындау және оны арттыру;
9) мемлекеттiк мекеме оқытушыларының біліктілік санаттарына және жалпы өндірістік қажеттіліктерге байланысты негізгі оқу жүктемесіне өзгерістер енгізу;
10) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінің оқу курстарын толық аяқтап, емтихандарды ойдағыдай тапсырған тыңдаушыларға тиісті құжат (сертификат немесе куәлік) тапсыру;
11) мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасына іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу саласын үйренуді енгізу;
12) бөлінген қаражаттың есебінен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға қажетті оқу-әдістемелік құралдарын сатып алу, материалдық базасын қалыптастыру;
13) мемлекеттiк мекеме басшысының жанынан оқу-әдістемелік кеңес құру;
14) оқу-әдістемелік кеңестің отырысында оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіруді қарастыру;
15) оқу және әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, оқу процесінде қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік және көрнекі құралдарды саралау;
16) қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсету;
17) ересектерге қазақ тілін үйретуге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын дайындау жөнінде ұсыныстар енгізу жатады.
Мекемеге жарғыда бекiтiлген өз қызметiнiң мәнi мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелер жасауға тыйым салынады.
14.1. Жарғының мақсатын орындау бағытында Мекемеге:
- құрылтайшы және уәкілетті органның келісімімен аудан, қалаларда өзінің филиалдар мен өкілдіктерін ашуға;
- филиалдардың ережесін бекітуге, толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, сенімхаттар беруге құқық беріледі.
15. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәмiле, Қазақстан Республикасының шектеулi заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасалған мәмiле уәкiлеттi органның немесе мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
16. Мекеме басшысының мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi.
 
4. МЕКЕМЕНІ БАСҚАРУ
17. Мекеменi жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
18. Құрылтайшы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2)мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге;
19. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мекемеге жұмсалатын сметаны (шығын жоспарын) бекітеді;
2) мекемеге тапсырылған мүліктің сақталуы мен тиімді қолданылуына бақылау жүргізеді;
3) мекеме басшысының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, оны лауазымынан босату негiздерiн айқындайды;
4) мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
5) мекеменің штат кестесі мен құрылымын бекітеді;
6) мекеме орынбасарын, филиал меңгерушілерін қызметке тағайындауға келісім береді;
7) жылдық қаржы есебін бекітеді.
8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Мекеме басшысын Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Мекеменiң басшысы мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, уәкiлеттi органға тiкелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мекемеге жүктелген мiндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
22. Мекеменiң басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етедi және мекеме қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеменiң жарғысында айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi.
23. Мекеменiң қызметтi жүзеге асыруы барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда мекеменiң мүддесiн бiлдiредi;
3) шарттар жасасады;
4) сенiмхаттар бередi;
5) мекеменiң iссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне байланысты тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
8) мекеме қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мекеме қызметкерлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарының, филиал меңгерушілерінің және мекеменiң басқа да басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және уәкiлеттi орган жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
 
5. МЕКЕМЕ МҮЛКІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ
24. Мекеме мүлкiн бағасы оның теңгерiмiнде айқындалатын заңды тұлғаның активтерi құрайды. Мекеменiң мүлкi мыналардың:
1) оған меншiк иесi берген мүлiк;
2) өз қызметi барысында сатып алған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi есебiнен құрылады.
25. Мекеме дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
26. Мекеменiң қызметiн уәкiлеттi орган қаржыландырады.
27. Мекеме бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады.
28. Мекеменiң қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
 
6. МЕКЕМЕДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
29. Мекеменiң жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.
 
7. ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
30. Мекеменiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу құрылтайшы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
31. Мекеменiң құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.
 
8. МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ШАРТТАРЫ
32. Мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
9. МЕКЕМЕНІҢ ФИЛИАЛДАРЫ МЕН ӨКІЛДІКТЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
33. Мекеменің мынадай филиалдары мен өкілдіктері бар:
1) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалы;
2) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалы;
3) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай аудандық филиалы;
4) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қаратал аудандық филиалы;
5) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан аудандық филиалы;
6) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұйғыр аудандық филиалы;
7) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іле аудандық филиалы;
8) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қапшағай қалалық филиалы;
9) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Текелі қалалық филиалы.
 
 
Алматы облысының
тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасының басшысы А.Башбаев.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.