Навигация

Серіктестер

Ақпарат

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында 2018 жылы

өткен іс шаралар туралы ақпарат

 

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ел ордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойына орай 4-8 маусым аралығында «Мерейлі менің - Астанам» атты апталық өтті.

Осыған орай, 5 маусым күні «Мерейлі менің - Астанам» атты дөңгелек үстел, «Smart city» атты дөңгелек үстел, «Ертегідей елорда» атты бүлдіршіндердің сурет көрмесі, «Ән дарыған далада, Шыңға айналған Астана» көркемсөз оқулары, «Астананы асқақтатқан 20 жыл» тақырыбында латын графикасымен диктант жазу өтті. Шараға Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер дапертаменті және Қазпошта қызметкерлері, Талдықорған қалалық білім бөлімінің №10 балабақшасының тәрбиеленушілері, Политехникалық колледжінің студенттері қатысты.

Қазақстандықтардың мемлекеттік тілге деген азаматтық жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік тілдің маңызын және патриотизмді нығайту сонымен қатар ересектер арасында мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын ояту мақсатында 22 қазан күні «Тіл – достықтың көпірі» атты семинар өтті. Семинарға Қазынашылық департаментінің қызметкерлері, І. Жансүгіров атындағы жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері, Облыстық наркология диспансерінің қызметкерлері, Достық үйінің орыс ұлты орталығының қызметкері, Бизнес және жаңа технологиялар колледжінің білімгерлері қатысты.

Орыс тілі курсының тыңдаушылары арасында 2 қараша күні «Философия осени» атты музыкалық-әдеби кеші өтті. Музыкалық-әдеби кешке Қызмет істері агенттігінің қызметкерлері мен шет елдерден келген қандас бауырларымыз қатысты.

Тыңдаушыларды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата – бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, мемлекеттік тілде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту, мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру мақсатында 16 қарашада «Тілден терең теңіз жоқ» атты сайыс өтті. Сайысқа Төтенше жағдайлар департаментінен құрылған 4 топ қатысты.

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық, қалалық орталықтарының меңгерушілері мен оқытушылары арасында біліктілікті арттыру, іс тәжірибе алмасу мақсатында 29 қараша күні «Тілді оқыту: тиімді әдіс, ортақ тәжірибе» атты семинар өтті. Семинарға 8 аудандық, қалалық филиалдарының меңгерушілері мен оқытушылары қатысты. Тек Ұйғыр аудандық орталығының қызметкерлері қатыспады.

Семинарда Педагогика ғылымдарының магистрі Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және Түркология кафедрасының оқытушысы Күлән Бейсенбайқызы Көпеш және Филология ғылымдарының докторы Сулейман Демирель атындағы университеттің профессоры Майра Сатыбалдықызы Жолшаева өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Kahoot, Socrative, Thinglink, Quizlet бағдарламаларымен жұмыс жасауды,оның тиімді жолдарын және сабақ барысында қалай қолдануға болатынын көрсетті.

 

Әдіскер                                  С. Көбенова

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.