Навигация

Серіктестер

Tiл сарайы

Республикада бірегей болып саналатын  Талдықорған қаласындағы Тіл сарайы облыс әкімі Серік Үмбетовтің тікелей қолдауымен салынды. Тіл сарайын салудағы басты мақсат Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Тілдердің үш тұғырлылығы" мәдени жобасын жүзеге асыру болып табылады.

2010 жылы пайдалануға берілген ғимаратқа облыстық бюджеттен 304 млн. теңге қаржы жұмсалды. Ал оның құрылысын «Ауылқұрылысы Алматы құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы орындап шықты. Ішкі аумағы 1800 шаршы метрді құрайтын ғимараттың екінші қабатында басқарманың қызмет кабинеттері мен 70 орындық конференцзал және 70 орындық кіші мәжіліс залы  орналасқан. Ал бірінші қабатында облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының бес оқу және әдістеме кабинеті бар. Заманауи оқу құралдарымен жабдықталған қазақ, орыс және ағылшын тілі кабинеттерінде тілді оқып үйренуге ниет еткен әр тыңдаушыға қажетті барлық жағдай жасалған. Соңғы үлгіде жабдықталған осындай оқыту ғимаратының пайдалануға берілуі  мемлекеттік  және басқа да тілдерді оқытудың материалдық-техникалық базасын нығайта түседі.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.