Навигация

Серіктестер

Қызмет этикасы

Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту туралы

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім, және-де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек – және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі кәсіптік мемлекетті құру болып келеді. Мемлекеттің алдында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптігімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруды сапалы шешу — біз үнемі жұмыс істейтін күрделі мәселе екенін жақсы ұғынамыз.

 

 
«Нұр Отан» партиясының  республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алынған мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережесі

 
Мемлекеттік қызметші келесі этикалық ережені басшылыққа алуы тиіс.
  1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
  2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек.
  3. Шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
  4. Заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды.
  5. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
  7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
  8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.
Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді.
Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.
Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.
 
 
Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту туралы ақпарат
 
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім, және-де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек – және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі кәсіптік мемлекетті құру болып келеді. Мемлекеттің алдында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптігімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.
Қостанай қаласының әкімдігімен мемлекеттік қызметтің оң имиджін және беделін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жүргізілуде.
Имиджді көтеру бойынша жұмыстарды бірінші кезекте біздің басты жетістігіміз болып келетін біздің жас мемлекеттік қызметшілерімізге бағыттаймыз.
Мысалы, Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жыл сайын „Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджі“ атты біліктілікті арттыру курсына жіберіледі. Осылайша 2011 жылы 4 адам оқылды. Өңірлік біліктілікті арттыру және Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау орталығы 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына бұл тақырыпты бермеді.
Әкімдіктің мемлекеттік қызметшілері қатысқан Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысымен өткізілген дөңгелек үстелде қатысушылардың осы мәселеге үлкен ықылас артқаны байқалды. Мемлекеттік қызметті дамытудағы барлық жетістіктер, мәселелер, сонымен қатар жұмыс сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтің беделін күшейту жолдары туралы қызық әңгіме болды.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруды сапалы шешу — біз үнемі жұмыс істейтін күрделі мәселе екенін біз жақсы ұғынамыз.
 
 

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп негіздерін сақталуы жөніндегі міндеттеме

ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

 

Мен, __________________________________ мемлекеттік қызметші бола тұра, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтауға міндетіме ала отырып, әдеп құқық бұзушылықтарына жол бермеуге тырысамын.

Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын болдырмау мақсатында Өзімнің тарапынан:

1) Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

2) Өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

3) Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

4) Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

5) Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;

6) Өзімнің мінез-құлқыммен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

7) Іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетіме аламын.

Осы Декларацияда көзделген талаптарды бұзуға жол берсем, Мен мемлекеттік қызмет заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылуға дайынмын.

 

 

Қолы____________

 

Мемлекеттік қызметшілердің

іссапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша

тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар тәртібі туралы жадынама

 

  1. Іссапар басшылықтың өкімі бойынша мемлекттік қызметшіні қызметтік міндеттерін орындау (тексерулер, семинарлар, көшпелі кеңестер және т.б.), оқу, біліктілігін артыру немесе қайта даярлау үшін өзге жерге белгілі мерзімге жолдау болып табылады.
  2. Тұрақты орналасудан тыс шығу Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудан босатпайды.
  3. Іссапарда жүрген лауазымды тұлғалар өзінің мінез-құлқымен және сыртқы түрімен азаматтар мен басқа мемлекттік қызметшілер үшін үлгі болуға тиіс.
  4. Барлық іссапар шығыстарын (жол журу, тұру, тамақтану) төлеуді іссапарға жіберілген адам оған бөлінген ақша қаражаты есебінен ғана жүзеге асыруға тиіс.

Сыйлықтар алуға, жол жүру билеттерін, қонақ үйде тұруын төлеуге, дастархан басындағы отырыстарға қатысуға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді ішуге жол берілмейді.

  1. Көңіл көтеру орындарына барудан бас тартқан жөн.
  2. Жол жүру барысында іссапарға жіберілетін мемлекеттік қызметшілер көлік құралдарымен жүріп өту және оларды пайдаланудын белгіленген ережелерін, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін адамдардың (жолсерік, жүргізуші, машинист, пилот, бақылаушы және т.б.) өкімдерін сақтауға, олармен және жолаушылармен сыпайылық танытуға міндетті. 
  3. Қонақ үйде тұрудың белгіленген ережелерін ұстану, уақыт тәртібін, тазалық пен тәртіпті сақтау қажет.
  4. Жергілікті көрікті жерлерге тек жұмыстан тыс уақытта бару керек. Оларға барумен байланысты шығындарды тек өз қаражатынан өтеу керек.

 

Нұсқамалық өткізді:__________________________________

                                          (қолы, ТАЖ, басшының)

                                  ___________________________________

                                      (қолы, ТАЖ, әдеп жөніндегі уәкілдің)

 

«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ

Басқарманың бас маманы

 

Таныстым: __________________

Күні      _______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.