Навигация

Серіктестер

Жұмыс регламенті

Алматы облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жұмыс
регламенті


«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Басқармада келесідей жұмыс уақыты белгіленген:
  • жұмыстың басталуы – сағат 9.00
  • жұмыстың аяқталуы – сағат 18.30
  • түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін.
 
1. ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқарманың жылдық жұмыс жоспарына, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларына сәйкес ұйымдастырады, сондай-ақ басқарманың алдында тұрған міндеттерді айқындайды.
2. Жылдық жұмыс жоспарының жобасын бөлім басшылары басқарма қызметкерлерінің ұсыныстары негізінде әзірлеп, 25-қарашадан кешіктірмей басқарма басшысына ұсынады.
Басқарманың бөлімдерінде тоқсандық (ай сайынғы) жұмыс жоспарлары жылдық жоспардың негізінде толықтырулар мен өзгерістер енгізіле отырып, жоспарлау кезеңіндегі соңғы айдың 25-нен кешіктірілмей тапсырылады.
3. Жылдық жұмыс жоспарының жобасын бөлім басшылары басқарма басшысының бекітуіне жоспарлану кезеңінен бір ай бұрын, ал тоқсандық (ай сайынғы) жұмыс жоспарларын жоспарлану кезеңі басталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей ұсынады.
4. Жылдық (тоқсандық) жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды бөлім басшылары лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.

2. АЛҚА МӘЖІЛІСІНЕ ДАЙЫНДАЛУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
1. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалу барысына бақылау басқарманың алқа отырыстарын өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Басқарманың алқасы басқарманың жұмысын ұйымдастыру және қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі мәселелерді қарайды, аудандардағы бөлім басшылары мен тіл оқыту орталықтары директорларының хабарламалары мен есептерін тындайды, жұмысты одан әрі жақсарту мәселелерін талқылайды.
3. Алқа мәжілісі жылына екі рет өткізіледі және басқарма басшысы шақырады.
4. Алқа мәжілісіне басқарма басшысы төрағалық етеді.
Алқа мәжілісі алқа мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы болып есептеледі. Алқа мүшелері алмастыру құқығынсыз қатысады.
Алқа мәжілісі ашық болып табылады. Басқарма басшысының бастамасы бойынша ақпаратты қорғауға байланысты сұрақтарды қарауда жабық мәжілістер өткізілуі мүмкін.
Алқа мәжілісіне - алқаның мүшелері, бөлім басшылары, бас және жетекші мамандар, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары және тілге жауапты мамандар, оқыту орталықтарының директорлары, сондай-ақ басқарма басшысымен келісілген тізбе бойынша басқа да адамдар қатысуы мүмкін.
5. Алқаның жұмыс жоспарының жобасын басқарманың бөлім басшыларының ұсыныстары бойынша алқаның хатшысы бір жылға (жартыжылға бөлу арқылы) жасайды және басқарма басшысы бекітеді.
Алқаның жұмыс жоспарына мәжілісте қаралуға жататын сұрақтарды енгізуге мыналар негіз бола алады:
  • жоғары тұрған органдардың қаулылары, өкімдері және нұсқаулары;
  • басқарма басшысының бұйрықтары мен нұсқаулары;
  • зерделеу және тексеру анықтамалары;
  • алқаның бұрын қабылданған шешімдері;
  • басқарманың бөлім басшыларының ұсыныстары.
10. Материалды әзірлеуші бөлім басшылары кезекті отырыстан 10 күн бұрын алқа отырысы анықтамасының, шешімінің жобасын және қаралатын мәселелерге байланысты сұрақтар бойынша анықтамаларды, сондай-ақ сұрақтардың ағымынан шығатын басқа да құжаттарды алқа хатшысына тапсырулары қажет, хатшы қажетті материалдарды өңдеп, дереу басқарма басшысына ұсынады.
Отырыстарға материалдар сапасыз әзірленіп, мерзімінде тапсырылмаған жағдайларда хатшы басқарма басшысына бұл туралы баяндау хат жазады.
11. Алқа отырысында қаралатын сұрақтарды дайындауда келесі талаптар қойылады:
1) алқаның қарауына енгізілетін шешімдердің жобаларына алдын-ала бөлім басшылары бұрыштама қояды.
2) әрбір сұрақ бойынша жобаның және анықтаманың аталуы бір болуы керек.
3) хатшы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізеді;
4) қаралатын сұрақтар бойынша алқа мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтауды және шақыруды бөлім басшылары жүзеге асырады.
12. Алқада қаралған мәселелер бойынша бөлім басшылары 1 күн ішінде (егер алқа төрағасымен басқа уақыт белгіленбесе) алқаға ұсынылған құжаттарды өңдеп, хатшыға тапсыруға міндетті. Түпкілікті өңделген материалға алдын-ала бөлім басшылары бұрыштама қояды.
13. Алқа отырыстарында талқыланған және сұратып алынған құжаттардың негізінде алқа хатшы 1 күн мерзім ішінде (отырыс өткеннен күннен бастап) алқа мәжілісінің хаттамасын жасайды және төрағасының қол қоюына ұсынады.
Шұғыл нұсқаулық сипатқа ие және шешім қабылдауды қажет етпейтін сұрақтар бойынша, қаралған сұрақтың негізгі жайлары көрсетіле отырып, қысқаша хаттамалық жазба жасалады.
Хаттама бір данада жасалады және төрағасы мен хатшысы қол қояды.
14. Алқа мәжілісінің әрбір хаттамасына күнтізбелік жылдың басынан бастап кезегімен реттік нөмір беріледі. Хаттамалар (көшірмелер), сондай-ақ оған қатысты құжаттар хатшыда сақталады.
Алқа шешіміне қол қойылғаннан кейін, басқарма басшысы бұйрық шығарады. Алқа хатшысы бұйрықты қажетті орындарға таратады.

3. ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
15. Тіл туралы заңдардың сақталуын бақылау жөніндегі облыстық комиссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің шешімдерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ комиссияның Ережесін басшылыққа алады.
Комиссия құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі және оған өзгертулер, толықтырулар енгізіледі. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады. Комиссияның қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді Басқарма жүзеге асырады.
16. Алматы облыстық ономастика комиссиясы географиялық объектілердің атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, облыстың тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңесу органы болып табылады
Алматы облысының ономастика комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің шешімдерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ комиссияның ережесін басшылыққа алады. Комиссияның жеке құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады. Комиссияның қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді Басқарма жүзеге асырады.
17. Облыстық комиссиялар тоқсанына бір рет облыс әкімі орынбасарының келісімімен шақырылып, өткізіледі.
18. Облыстық комиссияларда қаралуға жататын материалдардың мерзімінде дайын болуын бөлім басшылары мен комиссия хатшылары қамтамасыз етеді.
19. Материалды әзірлеуші бөлім басшылары кезекті отырыстан 10 күн бұрын комиссия шешімінің, ұйғарымының жобасын және қаралатын мәселелерге байланысты сұрақтар бойынша анықтамаларды, сондай-ақ сұрақтардың ағымынан шығатын басқа да құжаттарды комиссия хатшысына тапсырулары қажет, хатшы қажетті материалдарды өңдеп, дереу басқарма басшысына ұсынады, күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша материалдар алдын –ала комиссия төрағасына таныстырылады.
Отырыстарға материалдар сапасыз әзірленіп, мерзімінде тапсырылмаған жағдайларда хатшы басқарма басшысына бұл туралы баяндау хат жазады.
20. Комиссия отырыстарында қаралатын сұрақтарды дайындауда келесі талаптар қойылады:
1) комиссияның қарауына енгізілетін шешімдердің жобаларына алдын-ала бөлім басшылары бұрыштама қояды.
2) әрбір сұрақ бойынша жобаның және анықтаманың аталуы бір болуы керек.
3) хатшы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізеді;
4) қаралатын сұрақтар бойынша комиссия отырысына шақырылғандардың тізімін анықтауды және шақыруды бөлім басшылары жүзеге асырады.
21. Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша бөлім басшылары 1 күн ішінде (егер комиссия төрағасымен басқа уақыт белгіленбесе) комиссияға ұсынылған құжаттарды өңдеп, хатшыларға тапсыруға міндетті. Түпкілікті өңделген материалға алдын-ала бөлім басшылары бұрыштама қояды.
22. Комиссия отырыстарында талқыланған және сұратып алынған құжаттардың негізінде комиссия хатшылары 2 күн мерзім ішінде (отырыс өткеннен күннен бастап) комиссия отырысының хаттамасын жасайды және төрағасының қол қоюына ұсынады.
Шұғыл нұсқаулық сипатқа ие және шешім қабылдауды қажет етпейтін сұрақтар бойынша, қаралған сұрақтың негізгі жайлары көрсетіле отырып, қысқаша хаттамалық жазба жасалады.
Хаттама бір данада жасалады және төрағасы мен хатшысы қол қояды.
23. Комиссия отырыстарының әрбір хаттамасына күнтізбелік жылдың басынан бастап кезегімен реттік нөмір беріледі. Хаттамалар (көшірмелер), сондай-ақ оған қатысты құжаттар хатшыда сақталады.
Комиссия шешіміне қол қойылғаннан кейін, алқа хатшысы шешімді қажетті орындарға таратады.
24. Алматы облыстық ономастикалық комиссиясы отырысының ұйғарымы ауыл, село атауларын өзгертуге байланысты болған жағдайда төраға қол қойғаннан кейін, облыстық мәслихатқа шешім шығару үшін жөнелтіледі. Ұйғарым мемлекеттік ономастикалық комиссияның қарауынан өткен соң Үкіметтің қарауына жіберіледі.
25. Орындалуына бақылау мерзімі ескерілген мәселелерді бақылаудан шығару, орындалуына қарай жүзеге асырылады.
Комиссия хатшылары шешімдердің орындалу барысы туралы жылына екі рет басқарма басшысына ақпарат беріп тұрады.

4. КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ХАТ-ХАБАРЛАРЫН ҚАРАУ ТӘРТІБІ
1. Ішкі құжаттарының дайындалу және рәсімдеу кезеңдерінен өтуі шығыс айналымының жалпы тәртібіне сәйкес, ал орындау кезеңінде кіріс құжаттарымен ұйымдастырылады.
2. Құжаттардың орындалу мерзімі қол қойылып, бекітілген күннен, ал кіріс құжаттарында түскен күннен бастап есептеледі.
3. Құжаттарды әзірлеуде келесі талаптарды сақтау қажет:
- облыс әкімдігі қаулыларының жобасы, облыс әкімінің шешімдері, екі тілде дайындалады, ал басқарма басшысының бұйрықтары, алқа шешімдері қазақ тілінде әзірленеді;
- қаулы, шешім мен өкімдердің дайындалған жобаларына қажетіне қарай анықтама дайындалып, онда мәселенің қысқаша мазмұны және осы құжатты қабылдау қажеттілігі жөніндегі негіздеме баяндалады.
4. Әкімдіктің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобалары әзірленіп, облыс әкімінің орынбасарларымен, тиісті бөлім меңгерушілерімен, заң, мемлекеттік-құқық бөлімімен, мүдделі облыстық басқармалардың басшыларымен келісіледі;
5. Жоғары тұрған органдардың, облыс әкімі мен орынбасарлары, облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмалары бойынша жіберілетін шығыс құжаттарына басқарма басшысы, ол болмаған жағдайда – басқарма басшысының міндетін атқарушы қол қояды. Барлық шығыс құжаттарында жетекшілік ететін бөлім басшыларының бұрыштамалары және құжатты әзірлеушінің аты-жөні, телефон нөмірі көрсетілуі қажет. А 4 бетіне құжат сол жағынан 2,5 см, оң жағынан 1,5 см қалдырылып, 14 өлшемдегі қаріппен теріледі.
Орындаушының тегі және қызметтік телефондарының нөмірі құжаттың соңғы бетінің оң жағының төменгі сол жақ бұрышына 10-8 өлшемдегі қаріппен теріліп, орналасады.
6. Мәтіннің аталуы қысқа және анық болуы керек және кіріс құжатының күні мен тіркеу нөміріне сілтеме жасау керек.
7. Бұйрық басқарма басшысының жарлық беруші құжаттары болып табылады, бұйрықтардың жобасын талдау, үйлестіру және ономастикалық жұмыс бөлімі басқарма басшысының тікелей тапсырмасымен әзірлейді, мүдделі бөлім басшылары бұрыштама қойғаннан кейін басқарма басшысынаа қол қоюға беріледі. Қол қойылған бұйрықтардың түпнұсқасы тіркеу жүргізген бөлімде сақталады.
8. Ресми құжаттарды БАҚ-та жариялау туралы шешімді басқарма басшысы қабылдайды. Жариялауға жататын құжаттармен бөлімдердің басшылары тікелей айналысады.

4. ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Тіркелген құжаттар басқарма басшысының қарауына түскен күні беріледі. Басқарма басшысы бір күн ішінде қарап, бұрыштамаға қол қойғаннан кейін құжат орындау үшін тиісті бөлімнің басшысына беріледі. Құжаттар орындау ережесіне сай бақылауға алынады.
2. Басқарма басшысы еңбек демалысында, оқуда немесе іссапарда болған кезде түскен құжаттарға оның міндетін атқарушы бөлім басшысы бұрыштама қояды. Бірінші басшы жұмысқа шыққанда бөлім басшылары түскен құжаттар туралы баяндайды.
3. Құжаттардағы бұрыштамада нақты орындаушы, орындалу сипаты мен тәртібі, қажет болған жағдайда орындау мерзімі анық және толық көрсетілуі керек.
4. Танысу үшін берілген құжаттарға қосымша танысу беті тігіледі, онда қызметкерлердің аты-жөні мен танысқан уақыты, қолы қойылады.
5. Қызмет бабында пайдалану үшін (ҚБП) деген белгісі бар құжаттар тек тікелей орындаушыға ғана беріледі, ол құжаттарды тіркейтін жеке журнал болады, мұндай құжаттарды көпшіліктің ашық пайдалануына, жариялануға рұқсат етілмейді.
«Құпия» және «Өте құпия» белгілері соғылған құжаттармен арнайы тексерулерден өтіп, «құпия» және «өте құпия» белгілері бар құжаттармен жұмыс жасау мүмкіндігі берілген, облыс әкімімен келісімге қол қойған қызметші ғана айналысады. Құпия құжаттармен жұмыс жасауға қажетті жағдайды жасау басқарма басшысына жүктеледі.
6. Орындалуы бірнеше бөлімдерге жүктелген құжат оларға кезегімен немесе біруақытта көшірмелерімен беріледі. Құжаттың орындалуына бұрыштамада бірінші көрсетілген тұлға жауапты болады. Жауапты орындаушыға бірігіп орындаушыларды шақыру құқығы беріледі.
Құжатты көшірген жағдайда жауапты тұлғаға тұпнұсқасы беріледі. Ол құжаттың уақытында дереу орындалуын ұйымдастыруға міндетті.
Құжатты бірігіп орындаушылар жауапты орындаушының талабы бойынша барлық қажетті материалдарды тапсыруға міндетті. Бірігіп орындаушылар құжаттың уақытылы және сапалы дайындалуына тең дәрежеде жауапты болады.
Құжаттың орындалу мерзімі жоғарғы тұрған органдардан түскен құжаттардағы көрсетілген мерзімінен басқасы басқармаға түскен күннен бастап есептеледі. Егер құжаттың орындалу мерзімі көрсетілмеген болса, 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмей орындалуы тиіс.

5. ҚҰЖАТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Құжаттардың орындалуын ұйымдастыру бөлім басшыларының негізгі міндеті болып табылады және барлық құжаттардың мерзімінде орындалуына дербес жауап береді.
2. Жеке және заңды тұлғалардан өтініші Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес орындалады.

6. ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
1. Бақылаудағы құжаттарды орындау мен тексеруді ұйымдастыру жұмысында мына жағдайларды қадағалау керек:
-Президент Әкімшілігінен, Үкіметтен, министрліктен, облыс әкімінен түскен қаулы, шешім, өкімдер мен хаттамалық тапсырмаларды мерзімінде орындау;
- әзірленген құжаттардың қолданыстағы заңдар мен нормативтік- құқықтық актілерге қайшы келмеуі;
- құжаттар мен тапсырмалардың орындалу барысында кездескен кемшіліктерді мерзімінде жою.
2. Құжаттардың орындалу мерзімі қол қойылып, бекітілген күннен, ал кіріс құжаттарында түскен күннен бастап есептеледі.
3. Құжаттардың орындалуын бақылау тіркеу карточкалары арқылы жүргізіледі, бөлім басшыларына бақылауда тұрған құжаттар туралы кесте тоқсан сайын беріледі.
4. Құжаттың орындалуына жауапты бөлім күн сайын тапсырманың орындалуына аралық бақылау жасай отырып, құжаттың орындалу мерзімі бұзылуы мүмкін жағдайда құжатты орындау үшін тапсырылған бөлім басшысына хабарлайды.
5. Орындау мерзімі аяқталуға 3-4 күн қалғанда орындалуды бақылаушы маман орындаушыға тікелей ескертеді және бұл жөнінде бақылаудағы құжаттар кестесіне белгі қояды.
6. Құжатты алған орындаушы танысу бетіне немесе құжаттың бірінші бетіне құжатты немесе тапсырманы алған күнді белгілейді.
Белгіленген мерзімде тапсырманы орындау мүмкін болмаса, бөлім басшысы бұл жөнінде басқарма басшысына хабарлайды және орындау мерзімін ұзарту жөнінде қызметтік жазба түрінде өтініш білдіреді. Өтініш негізінде басқарма басшысының қолы қойылған дәлелді хат жоғарғы тұрған органға орындау мерзімінен екі күн бұрын жолданады және бақылау карточкасына тиісті белгі қойылады.
7. Құжатты бақылаудан тапсырма берген басшы шығарады.

7. ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Облыс аумағында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында жылына екі рет жарты жыл сайын Тілдерді дамыту бөлімінің ұсынысы бойынша тексеру кестесі жасалып, басқарма басшысы бекітеді және ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитетіне жолданып, Бас Прокуратураның тексерулер жоспарына енгізіледі.
2. Тексеруді тексеру кестесіне сәйкес басқарма қызметкерлері жүзеге асырады.
3. Тексеру жүргізу тексеру тағайындау туралы бұйрықты жергілікті жердегі Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетке тіркеген күні басталады. Тексеру жүргізу қатаң түрде басқарма басшысы бекіткен жадынамаға сәйкес жүргізіледі және тексеру мерзімін бөлім басшыларының ұсынуы бойынша басқарма басшысы белгілейді.
4. Тексерудің қорытындысы туралы анықтама тексеру аяқталған күні жазылады және басқарма басшысына ұсынылады.
5. Тексеру жөніндегі анықтама 2-3 беттен кем болмауы керек, А4 форматта 14 қаріппен теріліп жазылады.
6. Зерделеу бөлім басшыларының ұсынысы бойынша қажет болған жағдайда және облыстық комиссия отырыстарына, алқа мәжілістеріне материал дайындау үшін жүргізіледі.
7. Зерделеудің қорытындысы бойынша анықтама жазылып, 1 күннің ішінде басқарма басшысына ұсынылады және 3 күннің ішінде тиісті жерлерге жіберіледі.
8. Зерделеу анықтамасы 2-3 беттен кем болмауы керек, А4 форматта 14 қаріппен теріліп жазылады.

8. ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
1. Шараларды ұйымдастыру және өткізуді басқарманың жылдық жұмыс жоспарына және тілдік шараларды өткізу кестесіне сәйкес басқарма қызметкерлері жүзеге асырады.
2. Әрбір қызметкер өзіне бекітілген шараның Ережесін жыл басында (қаңтар айында) дайындап, БАҚ-да жариялайды және өткізу тәртібін, сценарийін, керекті құжаттарын шара өтетін күннен 1 ай (30 күн) бұрын дайындап, тілдерді дамыту бөлімінің басшысына ұсынады.
3. Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы шараның материалдарын қарап, тиісті өзгерістер енгізе отырып, шара өтетін күннен 10 күн бұрын барлық материалдарды басқарма басшысына ұсынады.
4. Шараның өткізуге жауапты маман шығыс сметасына сәйкес актілердің толтырылуына, хаттамалардың жүргізілуіне және шараны жоғарғы деңгейде өтуіне жеке жауапкершілікте болады.
5. Шаралардың өз деңгейінде өтуіне бөлім басшылары бақылау жасайды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.