Навигация

Серіктестер

Жалпы ақпарат

Толық атауы: «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы » Мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: 040000, Қазақстан Республикасы , Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 36 "б"

Электрондық адресі: obl.til.damytu.5.@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-67, 8 (7282) 40-01-56, 8 (7282) 40-01-65, 8 (7282) 40-01-61.

Факс: 8 (7282) 30-59-50


 

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Алматы облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №187 қаулысымен құрылды.

2005 жылғы 13 қаңтарда «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға ретінде Алматы облысының Әділет департаментінде тіркелген.
 


 

Міндеттері:

1) облыста бірыңғай тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету;

2) қоғамның экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын орындау және іске асыру бөлігінде қалалық және аудандық әкімдіктердің, өкілетті органдардың, тәуелсіз ведомстволарды мен бірлестіктердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарма құзырына қатысты мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) ономастикалық комиссияның қызметін, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесі бекіткен терминдердің халық шаруашылығы мен әлеуметтік барлық салаларына енгізілуін қамтамасыз ету.


Мақсаттары:

1) тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеп, бекітеді және оның орындалуын қаматамасыз ету;

2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

3) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру;

5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;

6) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асыруды ұйымдастыру;

7) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету;

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті тіл мәселелері жөнінде ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тілдер туралы заңнаманың дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер беруге;

2) жергілікті атқарушы органдардың тіл саясатын жетілдіруі жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;

3) басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар дайындауға, олардың орындалуын бақылауға,сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;

4) тіл саясатын іске асыру жөніндегі өңірлік бағдарламалардың қаржыландырылуы үшін бақылауды жүзеге асыруға;

5) өзіне бағынышты мекемелерді құруға және олардың қызметтерін үйлестіруге;

6) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік мекемелерге басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық көмектер көрсетуге.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.