Навигация

Серіктестер

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСЕТР ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 653 Жарлығы "Қазақстан Республикасындағы əкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, əкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы əкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 31.03.2018

Алматы облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-131 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 11 қаңтарда № 4503 болып тіркелді "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Талдықорған қаласының солтүстік-батысында орналасқан тұрғын үй алабы - "Шайқорған" тұрғын үй алабы, Ж. Балапанов пен Н. Алдабергенов көшелерінің аралығында орналасқан шағын ауданы - "Болашақ" шағын ауданы, Талдықорған-Алматы тас жолы мен Ж. Балапанов көшесінің аралығында орналасқан бірінші шағын ауданы - "Кө...
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 15.01.2018

Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Амангелді ауылының атауын Зылиха Тамшыбай ауылы деп қайта атау туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі №19-100 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №311 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 29 тамызда №4321 болып тіркелді. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көксу ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің Амангелді ауылының атауы Зылиха Тамшыбай ауылы болып қайта аталсын. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға (келісім бойынша) жүктелсін. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облы...
Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 11.09.2017

Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі №19-99 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №309 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 15 тамызда №4291 болып тіркелді. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарасай ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі мен Үшқоңыр ауылы Шамалған ауылдық округі және Шамалған ауылы болып қайта аталсын. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға (келісім бойынша) жүктелсін. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатыны...
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 11.09.2017

Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі №19-101 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №310 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 29 тамызда №4322 болып тіркелді. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қаратал, Кербұлақ аударының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округінің Опытное ауылы Ойсаз ауылы болып, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округінің Водное ауылы Қайнарлы ауылы болып қайта аталсын. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға (келісім бойынша) жүктелсін....
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 11.09.2017

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы МАЗМҰНЫ Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 20.12.2004 N 13(01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен. РҚАО-ның ескертпесі! Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «поселке», «поселкелер», «поселкелерге», «поселкелері», «поселкелерді», «поселкелердің» деген сөздер тиісінше «кент», «кенттер», «кенттерге», «кенттері», «кенттерді», «кенттердің» деген сөздермен; «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға (селоларға)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», &laq...
Толығырақ... Оқылды: 712 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 27.07.2017

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы Қазақстан Республикасындағы тiл туралы

МАЗМҰНЫ Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 1 тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық); 2) ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; 3) ономастика комиссиясы – Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге...
Толығырақ... Оқылды: 641 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 27.07.2017

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 72-V Заңы РҚАО-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз. 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құ...
Толығырақ... Оқылды: 659 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 27.07.2017

Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сон

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 наурыз N 281 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 395 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі). Ескерту. Тақырыбы және мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.07.2002 N 717қаулысымен. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының10-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беруқағидалары бекітілсін. Ескерту. Кіріспе...
Толығырақ... Оқылды: 615 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 27.07.2017

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi №368 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының7-бабына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі). 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономастика комиссиясы құрылсын. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі). 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясыныңқұрамы; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралыереже бекітілсін. Ескерту....
Толығырақ... Оқылды: 679 Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер Уақыты: 27.07.2017
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.