Навигация

Серіктестер

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер

Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Санат: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер
Уақыты: 21.12.2018
Оқылды: 195 Печать страницы

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 37-205 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 572 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 желтоқсан № 4969 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Панфилов, Сарқан аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Панфилов ауданы Пенжім ауылдық округінің Төменгі Пенжім ауылы Ынтымақ ауылы, Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің Нағарашы ауылы Жерұйық ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округінің Петропавловка ауылы Ақтұма ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округінің Садовое ауылы Теректі ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округінің Соколовка ауылы Ешкіөлмес ауылы болып қайта аталсын.
  2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуәлиевке жүктелсін.
  3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы

___________ Ә. Алпысбаев

 

 

Алматы облысы әкімінің

міндетін атқарушы

___________ Л. Тұрлашов

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы

___________ С. Дүйсембінов

 
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.