Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы барша қазақстандықтарды Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Тіл – татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі, ұлттың тұғыры. Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі – еліміздің барлық азаматтарының достығы, ағайындығы мен бірлігінің нышаны. Сондықтан да, өз тілімізді сүйе отырып, өзге тілге құрметпен қарау басты парызымыз. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасты, ана тіліміздің айбыны асқақ болсын! Тілдер мерекесі құтты болсын!
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.09.2019

Сынақ жұмысының айғағы

Жаңа әліпбиді меңгертуде ақпарат технологияларының (IT) мүмкіндігі орасан зор. Тілдер мерекесі қарсаңында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 15 компьютеріне латын графикасымен белгіленген қазақ әліпбиінің пернетақтасы орнатылды. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізу жұмыстарын бастады. Бұл шараға түрлі сала ұйымдарының қызметкерлерінен (білім беру, мемлекеттік қызмет, ішкі істер, медицина және т.б.) 500-ден астам адам қамтылады деп ­жоспарлануда. Ауылшаруашылығы, ветеринария, дін істері, дене шынықтыру және спорт, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масының қызметкерлері латын графикалы қазақ әліпбиінде әзір...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 04.09.2019

Талдықорғанда текті өнер жыршы-термешілер сайысы өтті

дереккөз Сөз маржанын сазды әуенмен жеткізетін ұлы дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі-терме» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті. Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа көмейіне бұлбұл ұялаған 16 мен 35 жас шамасындағы 15 үміткер қатысты. Әр аудан мен қаланың үкілеген үміттері атадан бала мұра болған өнерді дәріптеді. Сайыскердің ішінде жақсы өнер көрсеткен талғарлық Рахымбай Ермек бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Іле ауданынан Айзада Қазбекова мен алакөлдік Тұрар Айдос өзара бөлісті. Ал байқаудың үштігін Талдықорған қаласының өнеразы Ұлжан Бақтияр мен Текелі қаласынан келген Нұрдана Арғын түйіндеді.
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 04.09.2019

Онкүндік аясындағы диктант жазу эстафетасы

Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында ұйымдастырылған латыннегізді әліпбиде диктант жазу эстафетасы өз мәресіне жетті! Алғаш болып Тіл сарайында бастау алған эстафета күн сайын, «Достық үйі - Қоғамдық келісім» орталығы, «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық филиалдары, Облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармалары, Рухани жаңғыру орталығы, Журналистер үйі, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сарайы сияқты мекемелерде жалғасып келді. Олар латыннегізді әліпбиде "Тіл" тақырыбында диктант жазды. Біркісідей атсалысқан жоғарыдағы барлық мекеме ұжымдарына алғыс айтамыз!
Толығырақ... Оқылды: 91 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 03.09.2019

30 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы барша қазақстандықтарды ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ күнімен шын жүректен құттықтайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің дамуы мен гүлденуінің мықты негізі. Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болып, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі биік болсын!
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.08.2019

«СЛАВЯН ЖАЗУЛАРЫ» КҮНІ ӨТТІ

Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы және "Достық үй - қоғамдық келісім" орталығының ұйымдастыруымен "Славян жазулары" байқауы өтті. Шараның мақсаты - халықтар арасындағы рухани және мәдени қарым-қатынастарды нығайту. Қатысушылар 3 топ болып, 5 айналым бойынша өнер көрсетті. Яғни, «Таныстыру», «Ерекше әріптер», «Кім көп мақал-мәтел біледі?», «Кім жылдам?», «Үй тапсырмасы» кезеңдері. Байқауға Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары Лариса Котельникова, «Достық Үйі –Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Жансұлу Башенова, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының орыс тілі пәнінің оқытушысы Айман Айтжанова қазылық етті. Қазылар алқасы...
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.08.2019

«Мемлекеттік тіл – еліміздің тұғырлы тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгін Тіл сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Мемлекеттік тіл – еліміздің тұғырлы тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Дөңгелек үстелге Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметшілері мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары қатысты. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев баяндама жасап, биылғы Конституция күні - келер жылғы атап өтетін Ата заңнын 25 жылдық мерейтойына дайындықтың бастамасы екенін жеткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар конституция күніне арналған бейнероликті тамашалады.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.08.2019

ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ – ТЕРМЕ

Сөз маржанын сазбен жеткізетін ұлы дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға облысымыздың әр аудан, қаласынан келген көмейіне бұлбұл ұялаған, 16 мен 35 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Шарада алғаш болып сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев жыл сайын өтіп жүрген дәстүрлі байқаудың үш кезеңнен тұратындығын айтты. Ол: бірінші кезең – мамыр-шілде айларында аудан, қалаларда өткізілген болатын. Байқаудың екінші кезеңі бүгін өтуде. Бүгінгі облыстық байқаудың жеңімпазы үшінші кезең – қазан айында өтетін республикалық байқауға жолдама алатын болады – деп, үміттерін үкілеп келген өнерпаздарға сәттілік тіледі. Байқау қатысушыларына 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына байланысты, және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды орындау ұсынылды. Байқауға қатысқан...
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.08.2019

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПЕРНЕТАҚТАҒА ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ МЕН ҰСЫНЫСЫ ҚАНДАЙ?

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізу жұмыстары жалғасуда. Латын графикасындағы қазақ әліпбиі орналасқан клавиатураны пайдаланудың ыңғайлылығын анықтауға арналған сауалнама қорытындысы бойынша көпшілік «ұсыныс жоқ», «пернетақта ыңғайлы» деп жауап берді. Десе де, өз ұсыныстарын айтып, пікір қалдырғандар да бар. Назарларыңызға пернетақтаны қолданушылардың пікірлерін ұсынамыз. Қылышбаев Ербол, Цифрлық технологиялар басқармасы мемелекеттік мекемесінің қызметшісі: І (і) және и, й әріптері өте ұқсас, осыған байланысты аталған әріптердің басқаша таңбалануын қарастырса дұрыс болар еді. Ы және у әріптері кириллицада ұқсас емес, ал латын әліпбиінде ұқсас болғандықтан, пайдалану қиындық туғызады. Сол себепті мәтінді тергенде аздап қиындықтар болды. Ақыл Жандос Қанатұлы, Цифрлық технологиялар басқармасының қызметшісі: Нүкте мен үтірді бұрынғыдай 6 және 7 сандары орналасқан баты...
Толығырақ... Оқылды: 175 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 26.08.2019

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «О́ZIM TÝRALY» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңындағы тілдердің онкүндігі аясында әр түрлі этнос жастары арасында «О́zim týraly» эссе жазу акциясы басталды. Акцияның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын ілгерілетуге бағытталған ағартушылық жобаны іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған жол картасының 29-тармағын (Әлеуметтік желілерде жеке парақшаларда жарияланатын әр түрлі этнос балалары мен жасөспірімдері арасында қазақ тілінің латын графикасын пайдаланумен «О́zim týraly» тақырыбында акция өткізу) жүзеге асыру.
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.08.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.