Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

Облыстық ономастика комиссиясының Кербұлақ ауданы бойынша №7 шешімі

Аудан бойынша 15 ауылдық округ, 64 елді мекен, 51 мектеп және 336 көше бар. Кісі есімімен аталатын көшелер саны – 187, оның ішінде 97 көше «Тарихи тұлғалар» тізімінде көрсетілген кісі есімдерімен аталады. Идеологиялық тұрғыдан ескірген екі мектеп бар – №49 орта мектебі, Водное орта мектебі. Өзгертуді қажет ететін елді мекен, көше атаулары жоқ. Кербұлақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әр тоқсан сайынғы құжат айналымы бойынша есептерінде құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,7-99,9% деп көрсетілгенмен бұл ақпараттың қате екендігі анықталды. Бөлімдердің және ауылдық округ әкімдіктерінің шығыс құжаттарында орыс тілінде жазылған хаттар көптеп кездеседі; Аудан орталығы Сарыөзек ауылының көшелерінде орналасқан қоғамдық көпшілік орындары мен сауда нысандарының маңдайшаларының көбі тек қана орыс тілінде немесе ағылшын тілінде жазылған. Мысалы, «Студия красоты «Королева», «Автоэлектрик, электрик, ремонт бытовых приб...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 25.12.2019

Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы ҰЙҒАРЫМЫ

Алматы облысының ономастикалық комиссиясының ҰЙҒАРЫМЫ Талдықорған қаласы 2019 жылғы 24 желтоқсан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №396 қаулысымен бекітілген Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережеге және облыс әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №154 қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясы келіп түскен ұсыныстарды қарап, ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ: «Алакөл аудандық білім бөлімі» ММ-нің «Қант зауыты орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамет Қонаевтың; «Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №31 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне – Әбу Насыр әл-Фарабидің; «Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім б...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 24.12.2019

Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Алматы облысының ономастикалық комиссиясының ҚОРЫТЫНДЫСЫ Талдықорған қаласы2019 жылғы 24 желтоқсан Алматы облысының ономастикалық комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алакөл, Жамбыл, Көксу, Қарасай, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандарына қарасты әкімшілік аумақтық бірліктерге және елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстардың негізінде мынадай қорытындыға келді: Елді мекендерге атау беру және оларды қайта атау бойынша Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округі Шанханай ауылын Шоқан ауылы; Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округіне қарасты атауы жоқ елді мекенді Достық ауылы деп атау және қайта атау туралы; Сарқан ауданы мен Сарқан қаласы атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстарға оң қорытынды берілсін. Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау бойынша...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 24.12.2019

ҚОС БІРДЕЙ ФИЛИАЛМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін Алматы облысның Көксу және Ескелді аудандарында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының филиалдары ашылды. Аудандық филиалдардың салтанатты лентасын қию рәсіміне Көксу аудан әкімінің орынбасары Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков, Ескелді ауданының әкімінің орынбасары Қайырғали Айтжанұлы Алибаев қатысып, аудан халқын мереке алдыңдағы қуанышты сәттерімен құттықтады. Шарада филиалдардың атқаратын жұмысытарын таныстырылды. Алдағы уақытта заманауи құрылғылармен жабдықталған орталықтар аудан тұрғындарының игілігі үшін қызмет етеді.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.12.2019

Кербұлақтағы қуанышты сәт

19 желтоқсан күні орталығымыз тағы бір ауданын филиалымен толықты. Кербұлақ ауданындағы филиалдың ашылуына Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Кәрбозұлы, басқарма әдіскер Жеңіс Хамитұлы, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Сәния Абзалбекқызы қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.12.2019

Бастама жалғасы Балқашта

Бүгін Алматы облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының қатары Балқаш ауданындағы жаңа филиалымен толықты. Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Кәрбозұлы, әдіскер Жеңіс Хамитұлы, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Сәния Абзалбекқызы ашқан Балқаш аудандық филиалы бүгінгі күннен бастап өз жұмыстарына толықтай кірісті.
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.12.2019

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи мерекеде барша қазақстандықтарға берекелі ғұмыр, зор денсаулық, татулық пен береке, бейбіт аспан, тілейміз. Отанымыз Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Егемендігіміз еңселі, тіліміз тұғырлы болсын!
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.12.2019

ТІЛ МЕН ЕГЕМЕНДІК ЕГІЗ ҰҒЫМ

Бүгін Тіл сарайында тәуелсіздік күніне орай, салтанатты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шарада Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев құттықтау сөз сөйлеп, басқарма қызметкерлерін марапаттады. Облыста тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыруға қосқан үлесі үшін басқарманың бас мамандары Ж.Ақылова, және Д.Кожухова Құрмет граммотасымен, А.Қалива, Е. Иембекұлы, сол сияқты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдарының меңгерушілері басқарманың Алғыс хатымен марапатталды. Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Г.Әбіләжімова «Тіл мен егемендік егіз ұғым» тақырыбында баяндама жасады. Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының әншілері әннен шашу шашты.
Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.12.2019

Сарқан ауданындағы ономастикалық ахуалды зерделеу АНЫҚТАМАСЫ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстық ономастика комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес Сарқан ауданындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне 2019 жылғы желтоқсан айының 9-10 күндері аралығында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағы 24,4 мың ш/км, халқының саны 36962 адам. Аудан орталығы Сарқан қаласы. Зерделеумен Сарқан қаласы және Алмалы ауылдық округі қамтылды. Зерделеу барысында ономастика мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар, көше аншлагтарының ресімделуі және көрнекі ақпараттар мен жарнама тілінің «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Жарнама туралы» Қазақастан Республикасы Заңдарына сәйкес жазылуы және атқарылған жұмыстар қаралды. Сарқан ауданы бойынша бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктер саны: № Ономастикалық нысандар Тарихи тұлғалардың атымен аталғандар Тархи жер- су атауларымен аталғандар Дәстүрлі атаумен аталғандар...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 13.12.2019

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАРИХИ СӘТ

Тәуелсіздігіміздің басты тұғыры – тіл. Еліміздегі ұлық мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысында Тіл оқыту орталықтарының салтанатты ашылу шарасының өтуі тарихи оқиға. Бүгін Райымбек, Кеген, Панфилов аудандарының тұрғындары дәл осы қуанышты сәттің куәсі болды. Райымбек ауданында Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы Райымбек аудандық филиалының ашылу шарасына аудан әкімі Н.Құдайбергенов, аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдіскері Ж. Хамитұлы, Алматы облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталығының оқытушылары, мемлекеттік мекеме басшылары, аудандық ақсақалдар алқасы, аудандық әйелдер кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты. Дәстүрлі әнші Серік Сүйіндік жырдан шашу шашты. Аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы мен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдіскері Жеңіс Хамитұлы филиалдың лентасын қиып, тілдерді оқыту орталығының ашылуымен құттықтап, ақжарма тіле...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.12.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.