Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

БАҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТЕРМИНДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді. Онлайн сабақты Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы Гүлмира Құбаш жүргізді. Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан онлайн семинарды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметшілері мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары тыңдады. Онлайн-семинарда «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты Қайнар Олжай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Бауыржан Иманғалиев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Сағатбек Медеубек, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Алмагү...
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.09.2019

Жетісу – адалдық алаңы

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Рахимберлина және ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ермек Ақшабаев «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде болып, фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларының сауалдарына жауап берді. Көпшілік көкейлерінде жүрген ономастика және тілдік ахуалдың жай-күйі, латын әліпбиіне қатысты сауалдарын жолдап, нақты жауапқа қанықты. Бұл жоба – жемқорлықтың алдын алу және халыққа қолайлы жағдай туғызып, оладың кез-келген ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.09.2019

Kórkemsóz – jannyń sáýlesi

Ana tili – halyq bop jasaǵannan beri jan-dúnıemizdiń aınasy, ósip-ónip túrlene beretin, máńgi qulamaıtyn báıteregi. «Sheshenniń tili sheberdiń bizi» - dep Abaı atamyz aıtqandaı elin, jerin súıgen árbir azamattyń ana tiline degen súıispenshiligi bolýy shart. Tilimizdi dáripteý maqsatynda Abaı Qunanbaıulynyń 175 jyldyq mereıtoıyna oraı, Abaı atyndaǵy kórkemsóz oqý sheberleriniń respýblıkalyq baıqaýy jer jannaty Jetisýda ótkenin maqtanyshpen aıta alamyz. Baıqaý Qazaqstan Respýblıkasy Mádenıet jáne sport mınıstrliginiń Til saıasaty komıtetiniń uıymdastyrylýymen júzege asty. Is-shara eki kezeńmen ótti. Birinshi kezeńde qazaqtyń úsh báıteregi Sáken, Ilıas, Beıimbettiń tyń shyǵarmalarynan úzindiler oqylsa, ekinshi kezeńinde ómirlerin til – halyqtyń ja...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.09.2019

ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңының 30 жылдығына орай, облысымызда мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып, еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлерін, зиялы қауым өкілдерін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапаттады. Атап айтар болсақ, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, «Кәсіпкер» журналының бас редакторы Гүлжиян Сүлейменова, ақын, халықаралық Алаш сыйлығының иегері Әміре Әрін, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Атсалим Идигов, «Қазақ тілі қоғамы» Қарасай аудандық ұйымының төрағасы Шара Қанатқұлқызы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды. Сізді «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына отыз жыл толуына орай, мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, қолданылу аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас құралына айналуына сіңірген еңбегіңізге зор алғыс білдіремін – деп жазылған алғыс хатта. 1989...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.09.2019

Талдықорғанда Абайға арналған республикалық байқау өтті

Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастыратын дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы биыл Талдықорған қаласында өтті. Облыс орталығындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында шымылдық түрген көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы келіп, бақ сынасты.Ұлы Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыруды мақсат еткен байқау тартымды өтті. Биылғы байқауда Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Сәбит Дөнентаевтың 125 жылдығы мен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай көркемдігі жоғары проза, поэзия үлгілерінен үзінді оқу шарт болды. Байқау барысында көрермендерді оқу шеберлігімен тәнтті еткен Айжан Алхабек, Айсана Әшімхан, Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтін мазмұнына...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 23.09.2019

АБАЙ ЖӘНЕ АЛАШ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУЛАРЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. Қазақ тілінің нәрі мен қайнары Абай тілінде жатқаныбелгілі.Сондықтан, ғылыми орталықтың байқауды өткізуі түсінікті жайт. Мақсат – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігі мен бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы көркем әдебиетке жастардың ықыласын ояту. Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауынаНұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен өңірлік байқаулардың 17 жеңімпазы қатысты. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлерБейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай көркемдігі жоғары прозалық шығармалардан үзінді оқыды. Сондай-ақ,Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығы және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларды қайта тірілтті. Қазылар алқасының төрағасы, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықты...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 23.09.2019

Абай атындағы көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен байқауды Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырды. Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы қатысты. Әсіресе, көрермендерді оқу шеберлігімен тәнтті еткен Айжан Алқабек, Айсана Әшімхан, Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтінді мәнеріне жеткізіп көрермен жүрегіне жол салды. Олар қазақтың төл дыбыстарын ашық, нақты мәнерлі әрі әуезді жеткізді. Сахна төрінде Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқылды. Сондай-ақ Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың және Фариза Оңғарсынованың поэзиялық шығармаларынан оқылған жыр дестелері...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 20.09.2019

ШАБЫСЫНАН ТАНЫЛҒАН ШЫН ЖҮЙРІКТЕР

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Талдықорған қаласында дүбірлі дода – Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Алматы облысының әкімдігі. Байқау екі кезең бойынша (проза, поэзия) өтті. Қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде қазақ әңгімесінің хас шебері, өмірдің шынайы картинасын жасаушы Бейімбет Майлиннің «Күлпәш», «Қара шелек», «Раушан коммунист» сияқты әңгімелері мен сөз құдіретін еркін меңгерген суреткер Сәкен Сейфуллиннің «Айша» т.б прозалық шығармалардан үзінді оқыды. Ал екінші кезеңінде қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік поэмалардың бірі – Ілиястың «Құлагері» мен поэзия падишасы Фаризаның мұңлы, сезімге толы өлеңдері, Сәбит Дөнентаевтың терең мазмұнды, ойлы туындылары оқылды. Себебі, биыл Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровт...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.09.2019

Абай атындағы көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен байқауды Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырды. Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы қатысты. Әсіресе, көрермендерді оқу шеберлігімен тәнтті еткен Айжан Алқабек, Айсана Әшімхан, Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтінді мәнеріне жеткізіп көрермен жүрегіне жол салды. Олар қазақтың төл дыбыстарын ашық, нақты мәнерлі әрі әуезді жеткізді. Сахна төрінде Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқылды. Сондай-ақ Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың және Фариза Оңғарсынованың поэзиялық шығармаларынан оқылған жыр дестелері көпшілік ілтипатына ие болд...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 20.09.2019

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУДЫҢ ХАС ШЕБЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін қаламыздағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын өткізді. Байқау – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыруды көздеді. Байқаудан жастардың өнерге, әдебиетке деген көзқарастарың артқанын байқадық. Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы бақ сынасты. Әсіресе, көрермендерді оқу шеберлегімен тәнтті еткен Айжан Алхабек, Айсана Әшімхан, Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтін оқу барысында мазмұнына сай қимылдар жасап, мәтінді мәнеріне жеткізіп көрермен жүрегіне жол...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.09.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.