Навигация

Серіктестер

Сұхбат

ТІЛ САЯСАТЫ –БАРШАҒА ОРТАҚ КИЕЛІ ІС

Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты эко­номикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тәуелді екені белгілі. Себебі, тіл – тарих, мәдениет, әдебиет сынды үш ұғымның басын қосады. Айдар БАШБАЕВ, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы. Бүгінде Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілдің өрісін дамытып, оның қолдану аясын кеңейту бағытында жасап отырған қамқорлығы көпке аян. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілі жазуын латын графикасы­на негізделген әліпбиге ке­зең-кезеңмен көшуге баса на­зар аударған. Бұл ше­шім­нің негізгі мақсаты мем­ле­кеттік тілді дамыту арқылы тарихымыздың түп-тамырына, төл мұра­лары­мызға қадам басып, халқы­мыздың ғасырлар бойғы ар­ман-мұра­тын жүз­еге асыруға бағытталған. Мем...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Сұхбат Уақыты: 01.10.2018

Жүйелі жүргізіледі

Ертеден жең ұшына жалғасып келе жатқан сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап бірінші кезектегі міндетке айналды.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпыұлттық міндет», – деген болатын. Яғни, жемқорлықпен күрес баршаға ортақ борыш екенін атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұру қажет. Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қа...
Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: Сұхбат Уақыты: 16.03.2018

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУДЫҢ БАСПАЛДАҒЫ

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға, ортақ мақсатқа топтастыруға арналған маңызды бағдарламалық құжат. Жолдау жүктеген міндеттер табан астынан шыға қалмағаны анық. Еліміз бұл жолға сындарлы еңбекпен келгені ақи­қат. Біз өз жұмысымыздың барысында бұған күн сайын куә болып келеміз. Мысалға Қазақстандағы тіл саясатын алып қарайық. Жыл өткен сайын елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі өсіп, абыро­йы арта түсуде. Ал үш тұғырлы тіл өмір­лік қажеттіліктен туында­­ғ­ан идея екендігі белгілі. Қай заманда болсын, бірнеше тілді мең­гер­ген мемлекеттер мен халық­тар өзінің коммуникация­лық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Сондай-ақ бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірін­ші ба...
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: Сұхбат Уақыты: 19.01.2018

ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ЖЕТУДІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Қандай мемлекет, қандай ұлт болсын, өзінің даму тарихында түлеп, түрленіп, жаңғырып отырмаса, онда қоғам дамуының үдерісіне ілесе алмай қалатыны сөзсіз ақиқат. Бұл адамзат өркениетінің барысында дәлелденген. Сондықтан да, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап, ел дамуының ұлы жоспарларын жасап, даму даңғылын жетілдіріп отырды. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму жоспарлары – соның айғағы. Иә, осы арқылы мемлекетіміздің экономикалық әлеуетіне тың серпін берді. Ендігі кезекте, Мемлекет басшысы рухани әлемді жаңғырту арқылы қазақстандықтардың нағыз елжанды бейнесі мен болашаққа деген батыл қадамын орнықтыруды қолға алды. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Мақсатқа анық жету үшін біздің ісімізден санамыз алда жүруі керек» деп атап өтті. Енде­ше, рухани жаңғыру сынды ұлы баста­ма­ның басты жаңалығы – латын әліпбиіне к...
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: Сұхбат Уақыты: 24.10.2017
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.