Навигация

Видеогалерея

Партнеры

СМИ о нас

ЖАҢА ӘЛІПБИДІҢ ЖЕҢІЛДІГІ КӨП

Категория: СМИ о нас
Дата: 03.10.2017
Просмотры: 12 Печать страницы
ЖАҢА ӘЛІПБИДІҢ ЖЕҢІЛДІГІ КӨП

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйытқы болуымен, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалық етуімен Талдықорғандағы Тіл сарайында «Латын әліпбиі: техникалық мүмкіндіктер» атты басқосу болды.

Шараға арнайы жұмыс тобының өкілдері, Талдықорған қалалық білім бөлімінің, облыстық Жастарға қызмет көрсету мен «Тіл» оқу әдістемелік орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Астанадан арнайы келген Attila Group компа­ниясының өкілі Біләл Қуаныш қатысты. Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары:
– Латын әліпбиіне көшу мәселесі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қоз­ғалып келеді. Әр нәрсенің пісіп-жеті­летін кезі болады. Осы орайда бірнеше жыл бұрын Елбасы бұл мәселені созбақтамай, шешетін уақыт келгенін айтып, нақты мақсат етіп қойған еді. Жалпы, бұл қазақ халқының латын әліпбиіне көшуі емес, латын әліпбиіне оралуы деп айтсақ болады. Себебі, ата-бабаларымыз заманында «і» латын әрпін қолданған. Бұл – тарихымызда бар дерек, басымыздан өткен тәжірибе. Дәл қазіргі уақытта жастарымыздың басым бөлігі әлеуметтік желілердегі, телефондағы SМS хабарламаларын жазуда латын қарпін қолданып жүр. Сондықтан латын қарпіне көшу еш­қандай қиындық тудырмасы анық, – деді.
«Қамшы» порталының жетекшісі, Attila Group компаниясының өкілі Біләл Қуаныш өз сөзінде Qazlatyn.kz атты қаріп ауыстыру конвертерін таныстырып, оның ерекшеліктерін жет­кізуге тырысты. Оның айтуынша, ма­мандарымыз он жылдан бері зерт­теген қазақ әліпбилерінің конвертер – осы күнге дейін әлем қазақтары пай­даланып келген кирилл, латын, төте жазуларды бір-біріне қателіксіз аудара алатын бірегей жүйе. Төте жазумен оқи­тын Қытай қазақтары да, латын әліп­биімен оқитын Еуропа қазақтары да осы конвертер арқылы жаңа әліпбидегі мәліметті оқи алады.
Осы тұста айта кетсек, Біләл Қуа­ныш өз конвертерін өткен айдың басында Мәжілісте өткен «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліп­биінің бірыңғай стандартын енгізу мә­селелері туралы» парламенттік тыңдау кезінде таныстырған еді.
Басқосудағы негізгі мәселе бойынша облыстық білім басқармасы басшы­сының орынбасары Гүлсара Исағұлова, облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің бөлім басшысы Данияр Жаныс, Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Сүйгенбае­валар да өз ойларын ортаға салды.

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы

https://aikyn.kz/2017/10/03/28694.html

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.