Навигация

Серіктестер

БАҚ біз туралы

Тіл саясаты –баршаға ортақ киелі іс

Санат: БАҚ біз туралы
Уақыты: 01.10.2018
Оқылды: 20 Печать страницы

Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты эко­номикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тәуелді екені белгілі. Себебі, тіл – тарих, мәдениет, әдебиет сынды үш ұғымның басын қосады.

Айдар БАШБАЕВ, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы.

Бүгінде Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілдің өрісін дамытып, оның қолдану аясын кеңейту бағытында жасап отырған қамқорлығы көпке аян. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілі жазуын латын графикасы­на негізделген әліпбиге ке­зең-кезеңмен көшуге баса на­зар аударған. Бұл ше­шім­нің негізгі мақсаты мем­ле­кеттік тілді дамыту арқылы тарихымыздың түп-тамырына, төл мұра­лары­мызға қадам басып, халқы­мыздың ғасырлар бойғы ар­ман-мұра­тын жүз­еге асыруға бағытталған.
Мемлекет басшысының аса маңызды шешімі қабыл­дан­ған сәттен бастап, Алма­ты облысының тілдерді дамы­ту жөніндегі басқармасы­ның ұйғарымымен «Жаңа әліп­би – жаңа дәуір бастауы» ат­ты жұмыс тобы құрылып, аудандар мен елдімекендерді аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында 70 елдімекенде тұратын 40 мыңға жуық адам қамтылды. Әсіресе облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдарға баса назар аударылды. Басқосуларда ла­тын әліпбиіне көшудің ар­тық­шылықтары, оның қа­лай жүзеге асатыны жайлы бір­қатар толғамды пікірлер айтылды. Көпшіліктің кө­кейінде жүрген маңызды мә­селелер бойынша «Латын әліпбиінің қолданылуы» атты 20 сұраққа жауап және қазақ жазуының тарихынан мә­лімет беретін «Қазақ жа­зуы» атты әдістемелік кі­тап­ша шығарылып таратылды.

Келелі мәселелерді ха­лыққа насихаттаудың ала­тын маңызы зор. Осы тұста түсіндіру шараларын ел ай­мақтары арасында ал­ғаш­қы болып бастаған біз­дің басқарма екенін ерек­ше атап өткім келеді. Сон­дай-ақ наурыз айында А.Бай­тұр­сынов атындағы Тіл бі­лімі институтының басшысы, Ұлттық комиссияның мү­шесі Е.Қажыбек және аталған институт ғалымдары мен белгілі мамандардың қатысуымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық не­гіздері» тақырыбында се­минар-кеңес өткізілді.

Ал Талдықорған қалалық медициналық колледжінде «Латын әліпбиі: алдағы мін­деттер» тақырыбында жиын ұйымдастырылды. Оған Тіл білімі институтының ға­лым­дары мен колледж оқы­тушылары, студент-жастар қа­тысты. Аталмыш білім ор­дасында бас қосқан тіл жанашырлары қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігі тұрғысында сөз қозғады. Алдағы уақытта, латын графикасына негіз­делген әліпбидің емле ережесі дайын болған кезде жұ­мыс тобы ақпараттық-тү­сін­діру жұмыстарының екін­ші кезеңіне шығатын болады.

Тіл мен әдебиет – егіз ұғым. Жастардың әдебиетке деген құлшынысын арттыру, ана тіліне аса жоғары құрметпен қарау сынды қасиеттерді дамыту мақсатында басқарма тарапынан «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасымен үндесетін «Әдебиет – руханияттың дің­гегі» жобасы жасалды.

Облыстағы әдеби ортаны қалыптастыруға ба­ғыт­талған шара алғаш рет Ал­маты облысында дү­ниеге келіп, қазіргі таңда рес­пуб­ликамыздың түрлі аймақ­тарында қыз­мет етіп жүрген белгілі ақын-жазушылармен, қа­зақ әдебиетінің үш буын өкілімен дәстүрге айнал­ған кездесу кеші ретінде ұйымдастырылды. Атал­мыш шара аясында Ж.Шаш­тайұлы, Д.Қуат, А.Төлеу, Ғ.Жандыбаев, Ж.Әшімжан, М.Мыса, Б.Нұр­жекеұлы, Е.Жеңісұлы, Қ.Әбілқайыр сынды жазба қаламды жанына серік еткен өкілдер әдебиетсүйер қауыммен қауышты. Ордалы отырыс ой түбіндегі түбірлі мәселелерді қозғап, асыл сөздің қасиетін толқытты. Жыл басынан ұйымдастырылған шара жалғасын таба бермек.

Жас буынды тәрбиелеуде ауыз әдебиетінің мол мұрасы, негізгі ойды екі ауыз сөз­бен жеткізуде мақал-мә­телдер маңызды рөл атқарады. Осыған орай, «Ру­хани жаңғыру» бағдар­ламасына сәйкес рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпаққа өнеге ету әрі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында алғаш рет «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбында байқау өткізілді. Аталмыш шара мақалдың көмегімен ай­тайын деген ойды ұнам­ды һәм ұтымды жеткізуге болатындығын, бұл қазы­наның сөздік қорды молай­туға зор септігі барын жас буынға дәлелдеді. Шешен сөйлеп, шұрайлы тіліміздің бар байлығын тек кітаптан емес, ауызекі сөзден де аңдатуға болатынын көр­сеткен Қарасай ауданынан қатысқан С.Абдрахман оза шауып, бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойы қарса­ңында «Мағжан оқулары» байқауы өтті. Жастар поэзия мен проза бойынша сынға түсіп, жүзден жүйріктері суырылып шықты.

Басқарманың бастамасы­мен қолға алынған кезекті шаралардың бірі «Буккрос­синг» – «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл өткен жылы тек облыс орталығында өткізілсе, биылғы жылы аудандарда ұйымдастырылып, оқырман­дардың риза­шылығына ие болуда.

«Жетісудың жыр керуені» атауымен көпшілікке жол тартқан Челлендж жобасы әлеуметтік желі қол­да­ну­шыларының қызы­ғушылы­ғын арттырғанын атап өту қажет. Шара аясында танымал өнер қайраткерлері, сондай-ақ жас әдебиетшілер өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына Алматы облысынан шыққан әде­биетшілердің үздік шығар­маларын оқып, видеоларын жүктеген болатын.

Астананың 20 жылдық мерейлі мерекесіне орай тіл «Астана – жаһандық бас­та­малар орталығы», «Әлем таныған Астана», «Ме­рейлі менің – Астанам» тақы­ры­бында көпшіліктің көңілі­нен шыққан түрлі таным­дық-қызғылықты шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Астана – бейбітшілік бесігі» тақы­рыбында өткен мү­шәйраға жас ақындар қатысты. Бұл сайыста облыс­тық «Жетісу» газетінің тілшісі М.Күмісбек жеңіс тұғырынан көрінді.

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында облысымызда тұңғыш рет «Жетісу көктемі» атты жас әдебиетшілердің І форумы өтті. Екі күнге созылған әдеби шара Жетісу жеріндегі жас ақын, жазушыларды бір арнаға тоғыстырып, әдеби орта қалыптастыруға ұйытқы әрі жастар үшін таптырмас мүмкіндік болды. Өрелі басқосу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жария­ланғанына бір жыл толуына орай сәуір айында өткізілді. Оған елімізге танымал арқалы ақындар мен қаламы қарымды жазушылар қазылық етті. Поэзия жанры бойынша бірінші орынды Сағыныш Намаз­шамова иеленсе, прозада Қанат Әбілқайыр топ жарды. Сөйтіп оларға «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесі тапсырылды. Форумға Қа­зақ­стан Жазушылар Одағы қолдау көрсетіп, Одақ төрағасы Ұлықбек Есдәулет арнайы қатысты.

Ономастика мәселесі – тіл саясатының басты бағыт­тарының бірі әрі бірегейі. Себебі мемлекеттің, ұлт­тың сипаты ең алдымен оның тілі мен оно­масти­ка­лық атаулары­нан көрінеді. Жер та­рихы – ел тарихы. Халық­тың ғасырлар бойы қа­лып­тасқан болмысы, та­нымы, тағдыры елдімекен, жер-су атауларында жатыр. Бүгінгі таңда әкім­шілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөлік­теріне атау беру, қайта атау Қазақстан Республикасы Прези­денті Әкімшілігімен келі­сілген, Рес­публикалық оно­мастика комиссиясымен мақұлданған «Тарихи тұл­ғалар», «Тарихи жер-су аттары» және «Дәстүрлі атау­лар» тізімдеріне сәйкес жү­зеге асырылуда. Бүгінде облы­сымызда 1 ауылдық округке, 4 елдімекенге, 467 кө­ше­ге, 8 мемлекет меншігіндегі обьектілерге атау беру және оларды қайта атау бойынша 480 ұсыныс қа­рал­ған.

Нәтижесінде, 4 әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы өзгер­тілді, 433 көшенің атауын өзгерту бойынша оң қорытынды берілді. Қазіргі таңда облыс аумағындағы 17 аудан, 3 қала, 256 ауылдық округ, 741 елдімекен, 10548 көше мемлекеттік тілде аталады. Алдағы уақытта 7 ауылдық округтің, 19 елдімекеннің, 1152-ге жуық көшенің атауы, жалпы алғанда 10 пайызы өзгертілуі тиіс.

Басқарма тарапынан ономастика саласындағы кемшін тұстарды бақылау және ретке келтіру мақсатында түрлі басқосулар ұдайы ұйым­дастырылып келеді. Мемле­кеттік бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзе­ге асыру мақсатында жа­қында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты жиын өткізілді. Оған А.Бай­тұрсынұлы атын­дағы институттың ғалым­дары, ау­дандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі­нің басшылары мен салаға жауапты мамандары қаты­сып, облысымыздың ономас­тикалық ахуалы кеңінен талқы­ланды.

Алда тұрған міндеттердің бірі – ономастикалық атау­лардың бірыңғай дерек қоры болып табылатын «Облыс ономастикасы» атты елдімекендер мен олардың құрамдас бөліктері туралы анықтамалық кі­тапша шығару. Сондай-ақ қазан айында «Латын әліп­биі: тәжірибе, пікір» атты халық­аралық конференция ұйым­дастыру жоспарлануда. Олардың барлығын тіл жанашырлары және сала мамандары – жалпы халық бо­лып жүзеге асырамыз деген сенімдемін. Жалпы тіл саясатын жүзеге асыру – баршаға ортақ киелі іс.

http://pr-hal.kz/sayasat/til-sayasaty-barsha-a-orta-kieli-is/

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.