Навигация

Серіктестер

БАҚ біз туралы

«Жетісу көктемі» – жас әдебиетшілердің рухани мектебі

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жетісу көктемі» жас әдебиетшілер форумы биыл көркем Көлсайдың жағасында жалғасты. Әуелгіде өңірдегі жас қаламгерлердің басын қосып, ортақ шығармашылық аудито­рия қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған форум биыл Жастар жылымен ұштасты. Сондай-ақ форумды ұйымдастырған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы осы жолғы «Жетісу көктемін» Кеген ауданының аумағындағы табиғат жау­һары – Көлсай маңында, Саты ауылында қарсы алуды ұйғарыпты. Екі күнге со­зылған шарада жетісулық қырықтан ас­там жас әдебиетші мен тілші ой-пікір ал­масып, әдеби шеберлік мектебінен өтті. Форумның алғашқы күні қатысу­шылар «Көлсай көлдері» ұлттық таби­ғи паркі мемлекеттік мекемесінің ғима­ратында секциялық отырыстарға қатысты. Секциялық жұмысқа сәттілік тілеген облыстық тілдерді дамыту жө&sh...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 03.05.2019

«Жетісу көктемі» Көлсай жағасында жалғасты

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастаруымен дәстүрлі «Жетісу көктемі» жас әдебиетшілер форумы биыл көркем Көлсайдың жағасында жалғасты. Әуелгіде өңірдегі жас қаламгерлердің басын қосып, ортақ шығармашылық аудитория қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған форум биыл «Жастар жылымен» ұштасты. Сондай-ақ форумды ұйымдастырған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы осы жолғы «Жетісу көктемін» Кеген ауданының аумағындағы табиғат жауһары – Көлсай маңында, Саты ауылында қарсы алуды ұйғарыпты. Екі күнге созылған шарада жетісулық қырықтан астам жас әдебиетшілер мен тілшілер ой-пікір алмасып, әдеби шеберлік мектебінен өтті. Форумның алғашқы күні қатысушылар «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесінің ғимаратында секциялық отырыстарға қатысты. Секциялық жұмысқа сәттілік тілеген облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма...
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 30.04.2019

Білімді жастар сөз жарыстырды

«Мақал – сөздің мәйегі» ауданымызда бастау алған жастарға арналған жарқын жобалардың бірі десек те болады. Әдебиетімізді әспеттеп, нақыл сөздерді керек жерде саптай білуге тәрбиелейтін, мақсаты айқын, ұлтжандылыққа үндейтін осындай сөз жарыстары тіл мәдениетінің саласында қалыптасуы өте орынды деп білеміз. Аудан көлемінде насихатталып жүрген «Мақал – сөздің мәйегі» байқауы бүгін облыстық деңгейде аталып өтіліп, жалынды жастар жарыс алаңында тағы бас қосты. Қаскелең қаласындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған рухани шараға Алматы облысына қарасты 17 ауданның және Талдықорған, Текелі, Қапшағай сияқты қалалардың намысын қорғауға 20 оқушы бақ сынауға келді. Байқаудың басы құттықтау сөзден, сәттілік тілеуден басталып, ортаға аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова мен Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев шақырылды. Ал, облыстық деңгейде өткізіліп отырған бұл жарысқа қара қылды қақ жарған қазылар өз төрелігін к...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 29.04.2019

Мамандар жаңа емле ережесі бойынша сертификат алды

Жаңалыққа жаны құмар Жетісу жұртшылығы латын­негізді жаңа әліпбимен қатар жаңа емле ережесін де асыға күтіп, үйренуге құштарлық танытқан болатын. Алматы облысында латыннегізді жаңа әліпбиді практикалық тұрғыда меңгерту, халықты бейімдеу мақсатында іс-ша­­ралар, дәріс-семинар­лар жүйелі түрде ұйымдас­ты­рылып келеді. Жуырда Тал­­дықорған қа­ла­сында Шай­сұлтан Шаях­метов атын­­­дағы «Тіл-Қа­зына» ұлт­тық ғылыми-тә­жірибе ор­талы­­ғының қол­дауымен «Жаңа емле: құ­­ры­лымы мен мазмұны» ат­ты респуб­ли­ка­лық ша­ра ая­сындағы се­минар өткізі­ліп, облыс бо­йынша ла­тын­­не­гізді қазақ жазуын ере­сек ау­ди­тория­ларға үйре­тетін бо­лашақ 60 тренер-оқы­ту­шысы арнайы сер­тификат ал­ды. Атап айтқанда, олар­дың ішінде: Алматы облысы­ның тілдерді дамыту жөнін­&sh...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 28.03.2019

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТІЛ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Алматы облысындағы Тіл орталықтарының мамандарына латын әліпбиінің емле ережелері түсіндірілді. Екі күндік семинарда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері жаңа емленің құрылымы мен мазмұнына түсініктеме берді. Латын негізді жаңа әліпбиді практикалық тұрғыда меңгеру, жан-жақты қамту, нақтылай түсу, халықты бейімдеу мақсатында мұндай басқосу алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Дәрістерге 60 тіл маманы қатысып, білімін жетілдергені туралы сертификатқа ие болды. Олар өз кезегінде облыс тұрғындарына латын әліпбиін меңгеруге көмектеседі. Анар Фазылжанова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басқарма басшысы: Емле ережелері базалық нормаға сүйенген. Базалық норма деген ұзақ жылдар бойы қазақ жазуында қалыптасқан жазудың үлгілері. Біздің қазіргі емлеміз латын графикасына көшкенде де бұрынғы емленің базалық нормасын сақт...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 28.03.2019

Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» — деп атап өткен болатын. Осы орайда Тіл сарайында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар өтті. Айта кетейік, аталмыш семинар республика бойынша Алматы облысында алғаш рет ұйымдастырылды. Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев «Қандай мемлекет, ұлт болсын өзінің даму тарихында түрленіп, жаңғырып отырмаса, онда қоғам дамуының үдерісіне ілесе алмай қалады. Осыны ескерген Елбасымыз алғашқы кезеңнен бастап ел дамуының ұлы жоспарларын жасап, даму даңғылын жетілдіріп отырды....
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 20.03.2019

«Мен үшін жаңа латын әліпбиін үйрену оңай болды», - дейді 63 жасар әже

Алматы облысында латын графикасы негізіндегі байқауында 63 жасар әже жаңа латын әліпбиінде диктант жазып, ұйымдастырушыларды таң қалдырды. Ағымдағ ы жылдың 14 қараша күні барша қазақстандықтар жаңа латын қаріпі бойынша Жалпыхалықтық диктант жазды. Шараның мақсаты латын негізді әліпбиді, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу болып табылады. Аталмыш шараға, 15 жастан жоғары барлық азаматтар тартылып, жалпы 1 млн. 530 мыңға жуық адам қатысқан. Ауқымды жарысқа облыстан шамамен 120 мың халық бақтарын сынаған. «Шалқар», «Қазақ» радиоларымен emle.kz сайтында және тағыда басқа жерлерде дыбысталған мәтін, 90 сөзді құрап, ұзақтығы 30 минутқа созылған. 20 немере сүйіп отырған Әділқан Исаның айтуынша жаңа латын әліпбиін үйрену ол үшін қиынға соқпаған. «Ұлт көшбасшысының жаңа латын әліпбиіне көшу туралы мақаласымен танысқан сәттен бастап,...
Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 20.11.2018

«Жаңа әліпбиді үйрену оңай болды», - дейді Алматы облысының тұрғыны

Алматы облысындағы латын графикасы негізіндегі байқауында 63 жасар әже жаңа латын әліпбиінде диктант жазып, ұйымдастырушыларды таң қалдырды. Ағымдағы жылдың 14 қараша күні барша қазақстандықтар жаңа латын қаріпі бойынша Жалпыхалықтық диктант жазды. Шараның мақсаты латын негізді әліпбиді, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу болып табылады. Аталмыш шараға, 15 жастан жоғары барлық азаматтар тартылып, жалпы 1 млн. 530 мыңға жуық адам қатысқан. Ауқымды жарысқа облыстан шамамен 120 мың халық бақтарын сынаған. «Шалқар», «Қазақ» радиоларымен emle.kz сайтында және тағыда басқа жерлерде дыбысталған мәтін, 90 сөзді құрап, ұзақтығы 30 минутқа созылған. 20 немере сүйіп отырған Әділқан Исаның айтуынша жаңа латын әліпбиін үйрену ол үшін қиынға соқпаған. «Ұлт көшбасшысының жаңа латын әліпбиіне көшу туралы мақаласымен танысқан сәттен баста...
Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 15.11.2018

Әліпби жайы түсіндірілді

Латын әліпбиі бекіген күннен бастап Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқармасы халық арасында түсіндіру жұмыстарына кірісіп кеткен болатын. Былтырғы 2017 жылы Алматы облысының барлық аудандарын аралап, латынға өтудің артықшылықтарын, пайдалы тұстарын халыққа түсіндірген еді. Ал биылғы жылы латын әліпбиінің жоба нұсқасы ұсынылғалы бері басқарманың «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» ақпараттық-түсіндіру тобы аудандар мен елді мекендерде халықпен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын тағы да жалғастырып кетті. Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқармасы халыққа түсіндіру жұмыстарына үнемі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлерін шақырып отырады. Бұл жолғы жұмыс тобының құрамында Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Туғанай Рахымберлина, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкерлері, филология ғылымының кандидаттары Дана...
Толығырақ... Оқылды: 134 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 15.11.2018

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадамның бірі. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыру жан-жақты қолға алынуда. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қолға алу қажеттігін атап өткен. Бүгінгі ақпарат заманында ғаламтор жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз ке-рек. Жас ұрпаққа берері мол бағдарлама аясында өз ортамызда латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды саралап көрдік. Яғни, біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қы...
Толығырақ... Оқылды: 128 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 15.11.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.