Навигация

Серіктестер

Ономастика комиссиясы

Ақсу ауданындағы ономастикалық ахуалды зерделеу АНЫҚТАМАСЫ

І. Жансүгіров ауылы 2019 жылғы 19 ақпан Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (әрі қарай - Басқарма) ономастика комиссиясының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Ақсу ауданының жергілікті атқарушы органы тарапынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) талаптарының орындалу барысына зерделеу жүргізді. Зерделеу барысында Ақсу ауданы әкімдігінің 2017-2019 жылдар аралығында тіл заңнамаларының орындалуына бақылау жүргізу және ономастика саласы бойынша атқарған жұмыстары қамтылды. Жалпы ахуалды зерделеу қорытындысы. Аудан бойынша 17 ауылдық округ, 49 елді мекен, 48 мектеп және 357 көше бар. Кісі есімімен аталатын көшелер саны – 264, оның ішінде 88 көше «Тарихи тұлғалар» тізімінде көрсетілген кісі есімдерімен аталады. И...
Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 13.03.2019

Көксу ауданының ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы АНЫҚТАМА

Балпық би ауылы2019 жылғы 19 ақпан Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан үстіміздегі жылғы ақпан айының 19 күні Көксу ауданы бойынша Балпық би, Теректі, Ақшатоған, Лабасы ауылдық округтеріндегі ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жүргізілді. Зерделеу барысында аудан әкімдігі жанынан құрылған ономастикалық жұмысшы топтың жоспарына сәйкес көше аншлагтарының ресімделуі және көрнекі ақпарат, жарнама тілінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңының және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы талаптарының орындалу барысына зерделеу жүргізілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес (жұмыс жоспарының мерзімі, ай-күні жазылмаған) «Тіл және ономастика» жұмыс тобы құрылған. Топқа мәдениет және т...
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 13.03.2019

ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША №4 ШЕШІМІ

Бүгінгі күнге идеологиялық тұрғыдан ескірген Рудничный ауылдық округі мен Советская, Подхозная, Веселая поляна секілді 28 көшенің атауы өзгертуді қажет етеді. Осы орайда қала әкімдігі тарапынан атауларды өзгертуге байланысты жұмыстар соңғы 3 жылда баяу жүргізілуде. Халыққа қызмет көрсету орталығында болған тексеру нәтижесі оң көрсеткішті көрсетті. Барлық көрнекі ақпарат құралдары мен хабарландырулардың басым көпшілігі заңнама талаптарына сай жазылған. Дегенмен, ономастикалық ахуалды жақсарту барысында атқарылған жұмыстармен қатар кемшіліктер де орын алуда: Халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес ресімделмеген. Мысалы: «Ару» дүкенінің атауы латыннегізді қазақ әліпбиінде «DUKEN ARU» -деп қате көрсетілген, дұрысы: &...
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 09.01.2019

ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Қаралатын мәселелер мерзімі Ақсу, Көксу аудандарындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімі орынбасарларының есебі. Объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселесі бойынша келіп түскен ұсыныстарды қарау. І тоқсан Кеген, Райымбек аудандарындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімі орынбасарларының есебі. Объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселесі бойынша келіп түскен ұсыныстарды қарау. ІІ тоқсан...
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 09.01.2019

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Алматы облысының ономастикалық комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Панфилов, Талғар, Сарқан аудандарына қарасты әкімшілік аумақтық бірліктерге және елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстардың негізінде мынадай қорытындыға келді: Елді мекендерге атау беру және оларды қайта атау бойынша. Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылдық округінің атауын – Жібек жолы ауылдық округі, Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылдық округі Шамалған бекетінің атауын – Жібек жолы ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округі Петропавловка ауылының атауын – Ақтұма ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округі Садовое ауылының атауын – Теректі ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округі Соколовка ауылының атауын – Ешкіөлмес ауылы, Панфилов ауданы Пенжім ауылдық округі Төменгі Пенжім ауылының атауы...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 15.10.2018

Алматы облысының ономастикалық комиссиясының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯСЫ ОНОМАСТИЧЕСКАЯ КОМИССИЯ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 040000, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 36 Б. тел.: (7282) 40–01–56, факс: 30–59–50 E–mail: onomastika_obltildamytu@bk.ru 040000, город Талдыкорган, ул. И.Жансугурова, 36 Б, тел.: (7282) 40–01–56, факс: 30–59–50 E–mail: onomastika_obltildamytu@bk.ru Алматы облысының ономастикалық комиссиясының ҚОРЫТЫНДЫСЫ Талдықорған қаласы 2018 жылғы 26 маусым Алматы облысының ономастикалық комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Сарқан аудандарына қарасты елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қа...
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 26.06.2018

Алматы облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 32-169 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 282 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 маусымда № 4749 болып тіркелді "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан даңғыл – "Қадырғали Жалайыри" даңғылы, бірінші көше – "Бәйкен Әшімов" көшесі, екінші көше – "Зылиха Тамшыбай" көшесі, үшінші көше – "Астана" көшесі болып аталсын. 2. Талдықорған қаласы "Шайқорған" тұрғын үй алабының солтүстік-шығысынд...
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 15.06.2018

Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 31-165 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 243 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 14 маусымда № 4746 болып тіркелді "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекшіқазақ, Қаратал аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қаратал ауданының Қаңбақты ауылдық округі Бәйшегір ауылдық округі, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының Фрунзе ауылы Достық ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің Мелиоратор ауылы Арна ауылы болып қайта аталсын. 2. Осы бірлескен А...
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 23.05.2018

Алматы облысы Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округінде ауыл құру және оған "Жаңа қуат" атауын беру туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 31-164 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 237 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 13 маусымда № 4745 болып тіркелді "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талғар ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің солтүстік-батысында жалпы алаңы 174 гектарды құрайтын ауыл құрылсын және оған "Жаңа қуат" атауы берілсін. 2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға жүктелсін. 3. Осы бі...
Толығырақ... Оқылды: 204 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 23.05.2018

Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 653 Жарлығы "Қазақстан Республикасындағы əкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, əкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы əкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: Ономастика комиссиясы Уақыты: 31.03.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.