Навигация

Серіктестер

Шаралар

Қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты «Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасының ережесі

Санат: Шаралар
Уақыты: 03.11.2017
Оқылды: 611 Печать страницы
Қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты «Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасының ережесі

Алматы облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі Басқарма) Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, ондағы рухани құндылықтарды ұрпаққа өнеге ету, халық арасында насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында 2017 жылғы қараша  айының 16-шы жұлдызында «Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын өткізеді.

 

Байқау шарты:

- Байқауға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

 

Қатысушы ақын 2 тапсырма орындайды:

- «Туған жер» тақырыбындағы өлең (бабалардан мирас болып қалған рухани құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай жүріп, ұлттық рухты, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған);

- Еркін тақырыптағы өлең.

         Өлең көлемі 10 шумақтан аспаған, бұрын жарияланбаған болуы керек.

Мүшәйраға түскен барлық өлеңдер іріктелетін болады. Іріктеуден өткен 21 ақын ғана облыстық байқауға мүмкіндік алады.

 

Байқауда қазылар алқасы үміткерлердің:

  • Өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына;
  • Ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне;
  • Шығармаларды жатқа оқу шеберлігіне;
  • Сахна мәдениетіне;
  • Киім үлгісіне;

Қатысушылар өздері туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі, байланыс телефондары мен төменде берілген кестені толтырып), оқитын жырларын 2017 жылғы 10 қарашаға дейін электронды түрде asemake@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздары диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

 

Біздің мекенжайымыз:

Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І.Жансүгіров көшесі, 36/б.

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-60, 40-01-67

Факс: 8 (7282) 30-59-50

 

Үлгі

 

«Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты облыстық

жазба ақындар мүшәйрасына өтінім

 

Қатысушының аты-жөні

Туылған күні, айы, жылы

Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы

Оқитын шығармаларының атауы

Қосымша ақпарат

Байланыс телефоны

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Қатысушының өтінімі аудан, қала мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өтінімімен (ұсынымымен) бірге жіберілуі қажет. Олай болмаған жайғдайда өтінім қабылданбайды!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.