Навигация

Серіктестер

Абай 175

Абай мен Алаш

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көргенінен жұртшылық жаппай хабардар деп ойлаймын. Прези­дент мақаласында Абай әлемін бүгінгі күнмен, мемлекет құрылысымен, ел дамуымен байланыстыра отырып кеңінен талдау жасады. Бұл баршамызға Абай мұрасына жаңаша қарау керектігін аңғартты. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш айналымға түсіп отырған «парасатты патриотизм» ұғымының басты шартын да осы мақаласында көрсетті. Оны «Біз енді ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтын қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деген тұжырымнан анық байқаймыз.. Абай мұралары екі ғасыр­ға таяу уақытта көп зерттелді. Абай­танудың бастауы ХХ ғасыр басын­дағы қазақ тарихының оқшау құбылысы Алаш қозға­лысы тұсынан басталады. Деген­мен, Абай мұраларына саяси философия тұрғысынан қарау – оның жаңаша қырларын аша түспек. Президенттің «...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: Абай 175 Уақыты: 22.01.2020

АБАЙ МҰРАСЫ – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНА

Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Ұлы ақынның шығармалары қай заманда да өзекті. Қазіргі уақытта Абай музейінің асыл қорында әр жылдары баспадан жарық көрген Абай шығармалары және «Семей облысындағы ақын, жазушылардың тартуы» жинағы сақталған. ХХ ғасырдың басында баспадан жарық көрген Абай шығармалары қазіргі таңда ұрпаққа мұра ретінде қалған құнды жәдігерлер қатарында. Ең алғаш Абай шығармаларын ұлтымыздың жанашыры Әлихан Бөкейханов жинақтады. Ол ақынның шығармалырын жинақтау сақтау, халық арасында насихаттау жолында өлшеусіз еңбек сіңірді. Кәкітай мен Тұрағұл арқылы ақын шығармаларын жинап, баспаға дайындау жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, 1909 жылы Санкт-Петербург қаласындағы Ілияс Бораганский баспаханасынан Абай шығармаларының алғашқы жинағы жарық көрді. Бұдан кейін Абай шығармалары 1922 жылы Қазан қаласында, Ташкентте, 1933 жылы Қызылордада жарық көрді. 1940 жылы Абай музейінің ашылуына орай «Семей облысындағы ақын-жазуш...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Абай 175 Уақыты: 16.01.2020

АРТЫҚ ҒЫЛЫМ КІТАПТА

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының кітапхана қоры елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктеткен хакім Абайдың бес кітабымен толықты. Олар: 1909 жылы Санкт-Пертербургте жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы; 1922 жылы Ташкентте және Қазанда басылып шыққан «Таңдамалы өлеңдер жинағы»; 1933 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан, латын қарпінде жазылған қара сөздері; 1895 жылы «Семей облысындағы ақын-жазушылардың тартуы» атты арнау өлеңдер жинағы. Құнды кітаптар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-музейінен алынып, көшірме кітап түрінде жасатылды. Биыл әлемдік мәдениеттің шоқтығы биік тұлғасына айналған, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық меретойы. Торқалы тойдың қарсаңында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тағылымы мол Абай мұраларына арналған сегіз шара өткізуді жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырда...
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: Абай 175 Уақыты: 14.01.2020

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ «АҚ ҚАУЫРСЫН» ЖҮЛДЕСІ ҮШІН «ТІЛ – ҒҰМЫР» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕР БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Жалпы ережелер Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» атты байқау жариялайды. Сонымен қатар байқау шеңберінде Шығыстың ғұлама ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және адамзаттық құндылықтардың аққайнарына айналған әлемдік әдебиеттің жарқын тұлғасы, данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай арнайы «Әл-Фараби», «Абай» жүлделері тағайындалады. Байқауды өткізудің мақсаты: - Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; - Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абай Құнанбайұлының175 жылдық мерейтойын кеңінен насихат...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Абай 175 Уақыты: 13.01.2020

Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды. Өткен жылы Абайдың шығар­ма­ларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларғ...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: Абай 175 Уақыты: 09.01.2020
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.