Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЙБЫНЫМ МЕНІҢ» публицистикалық шығармалар байқауын өткізу қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 15.01.2020
Оқылды: 82 Печать страницы

Жалпы ережелер

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда іс шаралардың насихатталуына өлшеусіз үлес қосып отырған республикалық «Ana tili» газетінің 30 жылдық мерейтойына орай «Анамның тілі – айбыным менің» атты публицистикалық шығармаларға байқау жариялайды.

Байқауды өткізудің мақсаты:

- ақпарат айдынында 30 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуын насихаттап келе жатқан «Ana tili» газетін қолдау;

- басылымның Тәуелсіздік жарияланғаннан бергі елдік тұрғыдағы асқан асулары мен рухты қалаулы істерін паш ету;

- Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын арттыру;

- қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен  өміршеңдігін жұртшылыққа кеңінен насихаттау.

Байқауды ұйымдастыру тәртібі

1. Басқарма конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

2. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

Байқаудың шарттары

1. «Ana tili» газетінің 30 жылдық мерейтойына еркін тақырыпта бір шығарма арнау.

2. Әр автордың шығармасы компьютерге Times New Roman қарпімен,1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және үш беттен аспауы шарт.

3. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.

4. Шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.

5. Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.

6. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

7. Шығармалар 2020 жылғы 20 қаңтардан 10 наурызға дейін қабылданады.

8. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) Басқармаға ұсынылады.

Қорытынды ережелер

1. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

2. Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны «Ana tili» газетінде жарияланады.

3. Байқаудың жеңімпаздары 2020 жылғы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында Басқарма мен «Ana tili» газеті редакциясының арнайы дипломы және бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 21 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-62, факс: 30-59-50, e-mail: onomastika_obltildamytu@bk.ru

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.