Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» Республикалық форумы

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 09.10.2019
Оқылды: 135 Печать страницы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі ролі күшейіп ұлт аралық қатынас тіліне айналатын кезіңі келді деп есептеймін» деген сөзінен туындайтын мақсат міндеттерін саралау мақстанда 2019 жылғы 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» тақырыбында республикалық форум өтеді.

Форумның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатыныс тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстарды сараптау, алдағы міндеттерді анықтау.

Форум аясында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қоғамның барлық саласында кеңінен қолдану мүмкіндіктері мен өзекті проблемаларда талқыланады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ғылым, білім, саясат, бизнес, кәсіпкерлік, өндіріс, әлеуметтік салалардақазақ тілін қолдану аясын кеңейту мәселелерде жан-жақты сөз болады. Қазіргі әлемдікжаһандану өріс алып тұрғанда ұлт рухын түлету үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігінарттыраттыру жолындағы басты қадам жаңа әліпбиге көшу барысы, атқарылған шаралардың қорытындысыда сарапқа салынады, міндеттер айқындалатын болады. Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тетіктерін іске қосудың жолдары, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен сапасы өз деңгейініне жетпей жатқан қоғамдық өмір салалары мен құрылым өкілдеріне арналған әліпби реформасы, мемлекеттік тілдің нормативтік базасы, Қазақстандағы және әлемдік тілдік қауымдастықтағы қазақ тілінің рөлі мен мәртебесі туралы заманауи білім, ақпарат, насихат алаңдарының жұмысы қамтылады. Тілдерді дамытудың өңірлік басқармалары мен оқыту орталықтарының латын графикасына көшу бойынша атқарған жұмыстары мен дайындаған өнімдері бойынша көрме ұйымдастырылады. Қазақ тілінің терминологиялық қорын жүйелеу, оқыту және үйрету әдістемесін әзірлеу және латын графикасын ІТ технологияларға және ақпараттық кеңістіктерге бейімдеу бойынша сарапшылардың әзірлеген өнімдеріде таныстырылады.

Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Үкіметінің Вице-премьері, ҚР Мәдениет және спорт министрі, ҚР Парламенті Сенаты, Мәжілісі депутаттары, ҚР Жоғары Соты, Бас Прокуратурасы, барлық министрліктердегі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, агенттіктедің тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Ұлттық компаниялар мен ірі бизнес элита өкілдіктерінің тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, Қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері, оқытушылары, Қазақстан халқы ассамблеясы, этно-мәдени бірлестіктер мен орталықтардың тілге жауапты мамандары, шетелдік елшіліктер мен дипломатиялық корпустардың тіл мамандары, ғалымдар, филолог мамандар және қазақ тілінің болашағын ойлайтын тіл жанашырлары қатысады.

Форум аясында тіл мамандары 6 түрлі пікір алаңында бас қосады:

  1. «Білім, ғылым және тіл»
  2. «Бизнес және тіл»
  3. «Заң және тіл»
  4. «БАҚ және тіл»
  5. «Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы»
  6. «Өңірлердегі тілдік ахуал»

Қазақ тілінің болшағына бей-жай қарай алмайтын, ой қосамын деушілерге есік ашық, келіңіздер!

Өтетін орны:

Нұр-Сұлтан қаласы, «ҚазМедиа орталығы»

Өтетін мерзімі:

2019 жылғы, 24 қазан, сағат 9:00

Байланыс үшін:

27-71-38, 27-30-43, 27-31-32

www.tilalemi.kz, www.qazlatyn.kz,

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.