Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Бірге түзетейік!» байқауы

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 02.09.2019
Оқылды: 78 Печать страницы
«Бірге түзетейік!» байқауы

        Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  «Бірге түзетейік!» байқауын жариялайды.

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында жүргізілуде.

Байқаудың мақсаты:

  • Көрнекі ақпараттардың мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтау;
  • Жарнамалардағы қателерді түзетуде қала тұрғындарының белсенділігін арттыру;
  • Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында сауатты қолданылуын қамтамасыз ету.

Байқаудың талаптары:

  • Фотосуреттер (телефон, фотоаппаратқа түсірілген сурет);
  • Қате анықталған жарнамада нысанның атауы мен мекенжайы көрсетілуі керек.

Байқауға әрбір азамат қатыса алады. Қателері бар жарнамалар фотосуретке түсіріліп, 2019 жылдың1 қарашасына дейін мекеменің saraptama@tilqazyna.kz электрондық поштасына немесе 8 708 738 87 67 whatsapp нөміріне жолдануы тиіс. Сондай-ақ, түсірілген фотосуреттерді инстаграм парақшасына #Til-Qazyna# хештегімен белгілеп салуға болады.

Ең көп қате мен кемшіліктерді анықтаған қатысушылар байқаудың қорытынды шарасында арнайы алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25,«Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 27-71-33, 8 70794070 74 нөміріне хабарласып алуыңызға болады (Ақпараттық технология және сараптама басқармасы).

Қала - ортақ үйіміз.

Қатесіз қаланы бірге жасаймыз!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.