Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Жыр – жауһар» атты облыстық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 08.05.2019
Оқылды: 157 Печать страницы
  1. Жалпы ереже

       «Жыр – жауһар» атты облыстық байқауы (бұдан әрі Байқау) Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады.

        Байқаудың мақсаты:

– балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостық жырларын насихаттау;

– өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;

  • оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;

 – дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

 

          Байқаудың шарттары:

          Байқауға (әр аудан, қаладан 3 оқушы) оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және жалпы білім беретін ұйымдардың 6-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.

          Байқауға қатысушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып жарысады.

          Туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну басты талаптардың бірі.

 

Байқауды өткізудің тәртібі

           Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) байқауды ұйымдастырушы болып табылады.

           Байқауға қатысу үшін жазбаша өтінімді жергілікті атқарушы органдар (Білім  бөлімдері) Басқармаға 2019 жылдың 20 мамырына   дейін төмендегі құжаттармен бірге жібереді:

1) өтінім (осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) жеке куәліктің көшірмесі.

 Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

         Байқау 2019 жылғы маусым айында (уақыты қосымша хабарланады) Талдықорған қаласында ұйымдастырылатын болады.

 

Қорытынды ережелер

          Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді.

          Қатысушылардың өнері 10 балдық жүйемен бағаланады.

           Байқау 3  кезеңнен тұрады.

           Қатысушылардың реті жеребе арқылы алдын-ала анықталады.

            І, ІІ  кезеңде қатысушылар 4 топқа бөлініп әр топта іріктеу жүргізіледі (әр топта 3 адамнан құралған қазылар алқасы сараптайтын болады).

            Қазылар алқасы жас жыршыны кез келген сәтте тоқтатқанда, келесі қатысушы жырды әрі қарай іліп әкетуге дайын болуы керек немесе талап еткен жағдайда сол жерден жалғастыруы тиіс.

            Қатысушының шығарманы оқу мәнеріне және әртістік шеберлігіне назар аударылады, яғни батырлар жырын нақышына келтіріп, жыршылар мақамымен екпіндетіп, төгілдіріп жырлауы ескеріледі. Жырды айту барысында қатысушы 3 рет мүдірсе, байқаудан шығарылады, ал, жеңгені келесі ІІІ кезеңге өтеді.

            ІІІ кезеңге қатысушылардың реті жеребе арқылы реттеледі (9 адамнан құралған қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтайтын болады).

            Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды.

            Қазылар алқасы қатысушылардың әрбір мүдіргенін қалт жібермей, белгілеп отыруы тиіс.

            Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды. Дауыстар саны тең түскен жағдайда қазылар алқасы жыр ішіндегі оқиғалар желісі бойынша жалғастыруды ұсынуға құқылы. Қазылар алқасының төрағасы шешуші дауысқа ие болады.

            Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

            Байқауға қатысушыларға Басқарманың Алғысхаты, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы Диплом мен бекітілген сыйлық қоры табыс етіледі.

        

            Анықтама үшін:

           Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б Тіл сарайы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

           Байланыс телефондары: 8(7282) 40-01-53, 40-01-67

           эл. пошта: aotil5@mail.ru

 

 

қосымша

 

 

«Жыр – жауһар» атты облыстық байқауына

қатысушыға арналған өтінім

 

  1. Т.А.Ә. ________________________________________________

 

  1. Жасы ________________________________________________

 

  1. Жынысы _____________________________________________

 

  1. Мектебі, сыныбы______________________________________

 

  1. Аудан, қала ____________________________________________

 

  1. Мекенжайы____________________________________________

 

  1. Байланыс телефоны______________________________________

 

 

 

Қолы

 

Күні

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.