Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Жастар жырлайды» атты облыстық байқаудың ережесі

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 29.04.2019
Оқылды: 274 Печать страницы

         Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі- Басқарма) ағымдағы жылдың Жастар жылы деп жариялануына орай әрі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ руханиятының дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Жастар жырлайды» атты облыстық байқау өткізеді.

         Байқауға  әдебиеттің проза, поэзия жанрлары бойынша 18-29 жас аралығындағы  ақын, жазушылар қатыса алады.

Байқау шарты:

- Поэзия бәйгесіне қатысушылар екі өлең жолдауы шарт. Әрбір өлең он беттен аспауы тиіс.

1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған тақырыптарға байланысты өлең;

2. Жастар жырлайды.

- Проза бәйгесіне қатысушылар бір шығармадан ұсынуы шарт. Әрбір әңгіме-хикаят 25 беттен аспауы керек.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мақсат-міндеттермен үндесетін, туған жер, Отан тарихы, патриотизм, тілдің мәртебесін арттыру, ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік, береке-бірлікті насихаттайтын шығармалар қабылданады;

- Шығармалар бұрын ешбір жерде жарияланбаған болуы керек, әр шығарманың жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс;

- Шығарманы компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен теру керек;

- Байқауға екі тілдегі (қазақ, орыс) шығармалар қатыстырылады.

-  Барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;

- Байқауға қатысушылардың шығармаларын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді. Дауыс беру нәтижелері тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысына басымдық беріледі. Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді.

- Байқауға түскен барлық шығармалар іріктелетін болады.

- Шығармалар 2019 жылғы 6 мамырдан бастап, 1 тамызға дейін қабылданады. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды мекенжайы, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) Басқармаға ұсынылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қыркүйек айында Тілдер мерекесінде  өткізіледі (уақыты қосымша хабарланады).

Байқаудың Бас жүлдегеріне «Ақ қауырсын» атты Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесі табыс етіледі. Жүлделі орын иелері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады. Өткен жылғы байқаудың «Ақ қауырсын» жүлдесі иегерлері қатыстырылмайды.

 

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20-кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-60, факс: 30-59-50, e-mail: asemake@mail.ru.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.