Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Тіл – парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық конкурсын өткізу қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 03.05.2019
Оқылды: 81 Печать страницы

Жалпы ережелер

 

        «Тіл - парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің  облыстық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерін ынталандыруға бағытталған.

         Конкурсты өткізудің мақсаттары:

  • мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
  • тіл мәдениетін көтеру;
  • этнос өкілдерін ынталандыру;
  • талантты жастарды анықтау және қолдау.

         Конкурс мемлекеттік тілде өтеді.

         Конкурс екі кезеңнен тұрады:

  • І кезең – аудандық;
  • ІІ кезең – облыстық.

Конкурсқа 17-22 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

         Алдыңғы конкурстардың бас жүлдегерлері, сонымен қатар дарынды балаларға арналған арнайы оқу орындарында, жоғары, жалпы орта және арнайы орта білім беретін оқу орындарында қазақ тілінде оқитын этнос өкілдері конкурсқа қатыстырылмайды.

 

Конкурсты өткізудің тәртібі

 

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

Конкурс жергілікті атқарушы органдардың (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері) жәрдемдесуімен өткізіледі.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың сайтында орналастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінім хабарландыру жарияланғаннан бастап 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы органдар (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері) тарапынан Басқармаға төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

  • өтінім (Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
  • жеке куәліктің көшірмесі.
  • қағиданың 10-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
  • Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

         Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:

  • ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасау. Орындау уақыты 3 минут.
  • қазақ тілінде эссе жазу (билеттік жүйе). Эссенің соңғы парағы мынадай ақпаратпен қамтылуы қажет: аты, тегі, туған жылы, тұратын жері, оқу орнының атауы. Эссенің көлемі: 1,5-2 бет. Тапсырманы орындау уақыты –     35 минут; ауызша бөлігі: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрайды (билеттік жүйе).Ұзақтығы бес минуттан көп емес.
  • «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы. Қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй . Орындау уақыты: бес минуттан көп емес.

 

Қорытынды ережелер

 

         Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды. Сандық құрамы үш адамнан аспауы тиіс.

         Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

  • тақырыптың мазмұнын ашуы;
  • дұрыс айтылуы;
  • дұрыс жазуы;

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы Дипломдармен, Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың сайтында орналастырылады.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 400-161, 400-162

 

Қосымша

 

«Тіл - парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің

облыстық конкурсына қатысушыға арналған өтінім

 

  1. Т.А.Ә. ___________________________________________________________

 

  1. Жасы ____________________________________________________________

 

  1. Жынысы _________________________________________________________

 

  1. Білімі ____________________________________________________________

 

  1. Жұмысы _________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы_______________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары_____________________________________________

 

  1. Наградалары, марапаттары __________________________________________

 

  1. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

 

 

Қолы

 

Күні

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.