Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Мақал – сөздің мәйегі» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 29.03.2019
Оқылды: 143 Печать страницы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы                (бұдан әрі – Басқарма) 2019 жылдың сәуірінде «Мақал – сөздің мәйегі» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.

 

Байқаудың мақсаты:

  • Мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттық тәрбиенің өзегі, бабаларымыздың заманалар бойы жинаған даналығының інжу-маржандары, сөз мәйегі болып табылатын мақал-мәтелдер арқылы жастардың ой-пікір, мінез-құлқын қалыптастыруға үлес қосады;
  •  ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, мейірімділік, кеңдік, ерлікке тәрбиелейді;
  • қоғамдық сананы сілкіндіріп, ұлтты рухани жаңғыруға шақырады. Бабалар аманатына адалдық, ата-анаға құрмет, ұрпақ алдындағы парыз, салт-дәстүр сабақтастығы насихатталады.

 

Байқау екі кезеңнен тұрады:

- Бірінші кезең – аудан және қалаларда
2019 жылдың сәуір айына дейін өткізіледі.

-  екінші кезең – облыстық байқау, 2019 жылғы сәуір айында өтеді (өтетін орны, мерзімі қосымша хабарланады);

-  байқауға 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады;

- байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады;

- аудан, қалалардың  жергілікті атқарушы органдары (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері) байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздың өтінімін 2019 жылғы 2 сәуірге дейін байқаудың екінші кезеңіне қатыстыру үшін Басқармаға ұсынады.

 Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • үміткердің өтінімі;
  • оқу орнын растайтын анықтама;
  • байқауға қатысу туралы аудан (қала) әкімдігінің өтінімі.

 

Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

  • Алғашқы айналым. «Тақырып айтыс» (білім, ата-ана, достық, туған жер, тіл, той, келін т.б);
  • Екінші айналым. «Жоғалған сөз» (мыс: «Есі кеткен… күледі» . (елге);
  • Үшінші айналым. «Сөзден мақал құрау» (әр мақалдың бір сөзін алып, мақал айту);
  • Төртінші айналым. «Қайым-айтыс» (мақалды жалғастыру);
  • Бесінші айналым. «Балама мағына» (тұрақты сөз тіркестерінің балама мағынасын табу).
  • Алтыншы айналым. «Мақалдың мағанасына мән беру»

 

Қорытынды ереже

 

1. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды.

2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

3. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

4. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы Дипломдармен, Алғысхаттармен марапатталады.

 

Анықтама үшін мекенжайымыз:

Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 18-кабинет. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-53, факс: 30-59-50.

 

«Мақал – сөздің мәйегі»

облыстық байқауына

өткізу қағидаларына

қосымша

 

 

«Мақал – сөздің мәйегі» облыстық байқауына

қатысу үшін өтінім

 

 

  1. Т.А.Ә_____________________________________________________________

 

  1. Жасы_____________________________________________________________

 

  1. Жынысы___________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары______________________________________________

 

  1. Қосымша ақпарат___________________________________________________

 

10. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)____________________________

 

 

Қолы

 

Күні

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.