Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«ТІЛ ТАРИХЫ: ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖЫЛНАМА» атты публицистикалық шығармалар БАЙҚАУЫ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 27.03.2019
Оқылды: 91 Печать страницы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс шаралардың насихатталуына өлшеусіз үлес қосып отырған республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты публицистикалық шығармаларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

  • Ғасыр төрінен орын алған басылымның қазақ баспасөзіндегі орны мен мемлекеттік тілді насихаттаудағы рөліне баса назар аудару;
  • Басылымның халық арасында қазақ тілі әліпбиін латыннегізді әліпбиге көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін дәріптеудегі ерекшелігіне тоқталу;
  • Қазақ тілінің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуына «Egemen Qazaqstan» газетінің қосқан өлшеусіз үлесін шығармаға арқау ету.

Байқаудың шарттары:

  • «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына еркін тақырыпта бір шығарма арнау.
  • Әр автордың шығармасы компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен терілгенде, бес беттен аспауы керек.
  • Байқауға 18-50 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады.
  • Шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.
  • Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.
  • Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Шығармалар 2019 жылғы 29 сәуірге дейін қабылданады. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) Басқармаға ұсынылады.

Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады. Байқаудың жеңімпаздары 2019 жылғы 2 мамырда Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясының арнайы дипломы және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20-кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-60, факс: 30-59-50, e-mail: asemake@mail.ru

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.