Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Тіл шебері – 2019» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық конкурсын өткізу қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 130 Печать страницы

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тіл шебері 2019» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) үш тілде білім беру идеясын насихаттауға бағытталған ісшараларды өткізу мақсатында әзірленді.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) үштілділікті насихаттау.

3. Конкурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

4. Конкурсқа 21-30 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

5. Алдыңғы конкурстардың жеңімпаздары қатыстырылмайды.

 

2. Конкурсты өткізудің тәртібі

 

6. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Конкурстың ережесі бірінші тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінім ережеге сәйкес 2019 жылдың 23 шілдесіне дейін төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

  1. өтінім (Қағида қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
  2. жеке куәліктің көшірмесі.

9. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім Конкурсқа қатыстырылмайды.

10. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу;

2) «Өнертаным» – ағылшын тілінде өнер көрсету (ән айту немесе өлең оқу, шағын қойылым), классикалық стильде, бес минуттан көп емес;

3) «Ұлттаным» –сұрақ-жауап айдары (алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап беру).

 

 

 

 

3. Қорытынды ережелер

 

11. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

12. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуы;

3) сахналық шеберлігі;

4) уақытты орынды пайдалануы.

13. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Дауыс беру нәтижелері тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысына басымдық беріледі.

14. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

15. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі 36 б, Тіл сарайы 20-кабинет, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, «Тіл шебері - 2019» деген белгімен.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-60, 40-01-67.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.