Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«ӘДЕБИЕТ БІЛГІРІ» атты жоғары сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың ережесі

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 20.09.2018
Оқылды: 62 Печать страницы

«Әдебиет білгірі» олимпиадасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде ұлттық рухымыздың түпқазығы әдеби құндылықтарымызды жастар бойына сіңіруге, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған.

Олимпиаданы ұйымдастырушы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма).

І. Олимпиаданың мақсаты:

1. Жоғары сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәнінен білім деңгейін бақылау.

2. Жастарымыздың бойына әдеби құндылықтарды сіңіру.

3. Жетісудың ақын-жазушылары мен әдебиетшілерінің шығармаларын насихаттау.

ІІ. Олимпиаданы өткізудің тәртібі:  

4. Олимпиада 10 қазан күні Тіл сарайында өткізіледі.

5. Олимпиаданы өткізу туралы хабарландыру Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ресми сайтында және БАҚ-та орналастырылады.

6. Олимпиадаға әр аудан, қаладан бір оқушы және Талдықорған қаласының әр мектебінен бір оқушыдан қатыстырылады.

7. Олимпиадаға қатысу үшін жазбаша ұсыныс хат, туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің көшірмесі, арнайы кесте (қосымшада берілген) толтырылып, төменде көрсетілген электронды поштаға жолдануы керек.

8. Олимпиада 2 кезеңнен (25 сұрақтан) тұрады.

9. Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды.

10. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 40 минут уақыт беріледі. Межелі уақыт біткеннен кейін қатысушы тест кітапшасын өткізуі тиіс.

11. Олимпиада барысында қатысушыға ұялы телефон пайдалануға, залдан сыртқа шығуға тыйым салынады.

ІІІ. Олимпидаға қатысушы:

15-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары.

ІV. Олимпиадаға қатысушы үміткерге төмендегідей талаптар қойылады:

12. Олимпиадаға қатысушы ХХ ғасыр мен қазіргі заманғы жетісулық ақын-жазушылардың өмірінен, шығармашылығынан хабардар болуы керек.

13. Қатысушы олимпиада барысыныда уақытын тиімді пайдалануы тиіс.

V. Олимпиада шарттары:

13. Екінші кезеңге 20-дан жоғары ұпай жинаған қатысушы жолдама алады.

15. Алдыңғы кезеңде көрсетілген ұпайды жинай алмаған үміткер келесі кезеңге қатыстырылмайды.

Олимпиада жүлдегерлері арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиада қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті анықтайды. 

Ескерту: Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды. Қатысушылардың ұпай саны тең болған жағдайда қазылар алқасы тағайындалған жүлде қорын теңдей бөліп беруге құқылы.

Өтінімдер «Әдебиет білгірі» атауымен 2018 жылдың 1 қазанына дейін asemake@mail.ru электронды поштасына жіберілуі керек.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-60, 40-01-56, факс: 30-59-50

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.