Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Тіл-рухани жаңғыру тетігі» атты зияткерлік ойынының ЕРЕЖЕСІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 17.09.2018
Оқылды: 134 Печать страницы

      Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басты міндеттердің бірі - қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары болып табылады. Осы орайда, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 19-20 қазан күні жастар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, білімге, отан сүйгіштікті, ұлтжандылықты, біліктілікті, тапқырлық пен ұшқыр ойлылықты, өз ойын жетік және дәлелдей білетін мамандарды даярлау, тәжірибе алмастыруын және мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және шешу жолдарында тың идеялар тудыруға баулу, қисынды ойлау дағдысын жетілдіру мақсатында арнаулы орта (техникалық және кәсіптік) білім беру мекемесі мен ЖОО студенттері арасында республикалық пікір-сайыс турнирі өткізіледі.

Мақсаты мен міндеті:

  • Қазақ тілін латын әліпбиіне көшуді қолдау;
  • жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, тілге деген құрметін арттыру;
  • қоғамда латын әліпбиіне көшу бойынша туындаған мәселелерді талқылау,
  • мәдени қарым-қатынас дағдысы және сыни көзқарасты дамыту;
  • жастардың саяси белсенділігін арттырып, олардың арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Қойылатын талаптар:

1. Ойынға еліміздің барлық облыстарынан және республикалық маңызы бар қалалардан (18 бен 29 жас аралығындағы құрамы 2 жастан тұратын 20 топ) қатыса алады.

2. Ойын Студенттік (БПФ және АПФ) форматында өткізіледі. Әр командаға 7-8 минут уақыт беріледі.

3. Алғашқы минуттарда сұрақтар қойылмайды.

4. Қатысушылардың бір-бірімен субардинация сақтауы.

5. Жастардың өмірі және қауіпсіздігі үшін жауапкершілік өздеріне жүктеледі.

Турнирді өткізу тәртібі:

1. Турнир бойынша (БПФ және АПФ) қазақ тілінде өткізіледі.

2. Әр ойында қатысушы топтарға төреші және уақыт саралайтын сарапшысын бас төреші тағайындайды.

3. Турнирдің үздік спикері таңдау раундтарында жиған спикер ұпайларына келісті анықталады.

4. Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен, ақшалай сыйлықтармен, «Үздік спикер» атағымен және номинациялар бойынша марапатталады.

5. Тамақтануы мен жатын орындары ұйымдастырушылар тарапынан, ал жол шығындары қатысушылардың тарапынан төленеді.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8(7282)400153, 87074606406 тел.нөмеріне хабарласуға болады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.