Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым» облыстық жас суретшілер байқауын өткізу қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 17.09.2018
Оқылды: 170 Печать страницы

І. Жалпы ережелер

  1. «Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым» жас суретшілер байқауы тілдің мәртебесі мен болашағын, мемлекеттік тіл мен тәуелсіздік ұғымдарының байланысы мен маңызын сурет тілімен жеткізіп, қылқалам шеберлігін бағамдауға бағытталған.
  2. Байқауды өткізудің мақсаттары:
  1. мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;
  2. тіл мәдениетін көтеру;
  3. Әдеттегі сөйлеу және жазу жанрынан бөлек, көркемөнер тілінде ана тілге деген сүйіспеншілікті жеткізу;
  4. дарынды жастарды анықтау және қолдау.

 

       3. Шараға 16-29 жас аралығындағы суретшілер қатыса алады.

       4. Суретшілердің жұмыстары алдын ала 15 қарашаға дейін жолданады.

       5. Ең үздік, мағыналы деп танылып, жүлделі орын алған суреттер 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай өткізлетін шарада көрмеге қойылады.

ІІ. Байқауды өткізудің тәртібі

       6. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы көрменің ұйымдастырушысы болып табылады.

       7. Байқау жергілікті атқарушы органдардың  (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері) жәрдемдесуімен өткізіледі.

       8. Байқауды өткізу туралы хабарландыру Басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларында және сайтында орналастырылады.

       9. Байқауға жұмыстарын өткізу үшін жұмыстар хабарландыру жарияланғаннан кейін 2018 жылдың 15 қарашасына дейін жергілікті атқарушы органдары (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері) мен Басқармаға төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

  • өтінім
  • жеке куәліктің көшірмесі

      10. Қағиданың 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім байқауға қатыстырылмайды.

      11. Байқауға ұсынылатын суреттерге қойылған негізгі талаптар:

  • сурет А3 форматтағы ақ қағазға салынуы тиіс;
  • көшірме немесе сканерленген нұсқадағы суреттер қабылданбайды, тек түпнұсқа болуы шарт;
  • ұсынылған сурет тақырыпқа сай, автордың белгілі бір ойын түсінікті жеткізуі қажет;
  • бір суретші байқауға тек 1 жұмыс ұсына алады.

ІІІ. Қорытынды ережелер

    12. Қатысушылардың жұмысын бағалау және іріктеу үшін арнайы қазылар алқасы  құрылады. Қазылар алқасының  құрамын Басқарма анықтайды. Сандық құрамы 3 адамнан аспауы тиіс.

    13. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

  • тақырыптың ашылуы
  • орындаушылық шеберлігі

    14. Қатысушы өнерпаздарға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан алғыс хаттар мен марапаттар, ақшалай сыйлықтар  табысталады.

15. Байланыс телефондары: 8 7282 40 01 53, 40 01 60.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.