Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Мәңгілік елдің мұраты» атты облыстық әдеби байқауы өтеді

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 01.02.2018
Оқылды: 613 Печать страницы
«Мәңгілік елдің мұраты» атты облыстық әдеби байқауы өтеді

Алматы облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Мәңгілік елдің мұраты» атты облыстық әдеби байқауын өткізеді.

Байқауға әдебиеттің проза, поэзия жанрлары бойынша 20 мен 45 жас аралығындағы ақын, жазушылар қатыса алады.

Байқау шарты:

- Поэзия бәйгесіне қатысушылар үш өлең жолдауы шарт. Әрбір өлең бес беттен аспауы тиіс.

1.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған тақырыптарға байланысты өлең;

2.Жетісу табиғатына  арналған лирикалық өлең.

3.Еркін тақырыптағы өлең.

- Проза бәйгесіне қатысушылар бір шығармадан ұсынуы шарт. Әрбір әңгіме-хикаят 25 беттен аспауы керек.

1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсат-міндеттермен үндесетін, туған жер, Отан тарихы, патриотизм, тілдің мәртебесін арттыру, ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік, береке-бірлікті насихаттайтын шығармалар қабылданады;

2. Шығармалар бұрын жарияланбаған болу керек, әр шығарманың жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс;

3. Шығарма компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен терілуі керек;

4. Сайысқа барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген тек қазақ тіліндегі шығармалар ғана қабылданады; 

5. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді.

6. Шығармалар 2018 жылғы 15 наурызға дейін қабылданады. Байқауға түскен барлық шығарма іріктелетін болады.

7. Шығарманың электронды нұсқасы бүркеншік атпен мына мекенжайға жіберілуі керек: 040000, Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І.Жансүгіров көшесі, 36/б-үй, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

8. Ал  қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі)  шығарма салынған үлкен конверттің ішіне жеке кішкене конвертке қоса салынуы тиіс. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сәуір айында өтеді (уақыты қосымша хабарланады).

 

Байқаудың жеңімпаздары дипломдар және   ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

Біздің мекенжайымыз:

Индекс: 040000, Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І.Жансүгіров көшесі,

 36/б. Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-60, 40-01-67

Факс: 8 (7282) 30-59-50

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.