Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«Астана-бейбітшілік бесігі» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтеді

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 22.01.2018
Оқылды: 1265 Печать страницы
«Астана-бейбітшілік бесігі» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтеді

Алматы облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі Басқарма) 2018  жылдың 13 наурызында «Астана-бейбітшілік бесігі» атты облыстық  әдеби байқауын өткізеді.

Мақсаты: Астананың 20 жылдығына орай және Елбасының Жолдауларында айтылған рухани құндылықтарды ұрпаққа өнеге ету, ел арасында насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Шарттары:

*«Астана-бейбітшілік бесігі» атты Астананың 20 жылдығына арнау

   өлең: (10 шумақтан көп емес)

*еркін тақырыптағы өлең: (10 шумақтан көп емес)

*мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

*ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;

*шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;

*туындының көркемдік сапасына;

*автордың сөз саптауы, мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

 

Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың әділқазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.

Байқаудың  жеңімпаздары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

Бас жүлде  (біреу) – 150 000 (жүз елу мың) теңге

 

I  орын (біреу) – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге

 

II орын (екеу) – 100 000 (жүз мың) теңге

 

III орын (үшеу) ­– 80 000 (сексен мың) теңге

 

Қатысушылар өздері туралы мәліметті, өлеңдерін 2018 жылғы 20 ақпанға дейін электронды түрде asemake@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.

Біздің мекенжайымыз:

Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І.Жансүгіров көшесі, 36/б.

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-60, 40-01-67

Факс: 8 (7282) 30-59-50

Үлгі

 Астананың 20 жылдығына орай өткізілетін

"Астана-бейбітшілік бесігі" атты облыстық жазба ақындар

мүшәйрасына өтінім

 

Қатысушының аты-жөні

Туылған күні, айы, жылы

Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы

Оқитын шығармаларының атауы

Қосымша ақпарат

Байланыс телефоны

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.