Навигация

Серіктестер

Хабарландырулар

«ӘДЕБИЕТ БІЛГІРІ» атты жоғары сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың ережесі

«Әдебиет білгірі» олимпиадасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде ұлттық рухымыздың түпқазығы әдеби құндылықтарымызды жастар бойына сіңіруге, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған. Олимпиаданы ұйымдастырушы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма). І. Олимпиаданың мақсаты: 1. Жоғары сынып оқушыларының қазақәдебиеті пәніненбілім деңгейін бақылау. 2. Жастарымыздың бойына әдеби құндылықтарды сіңіру. 3. Жетісудың ақын-жазушылары мен әдебиетшілерінің шығармаларын насихаттау. ІІ. Олимпиаданы өткізудің тәртібі: 4. Олимпиада 10 қазан күні Тіл сарайында өткізіледі. 5. Олимпиаданы өткізу туралы хабарландыру Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ресми сайтында және БАҚ-та орналастырыл...
Толығырақ... Оқылды: 3 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 20.09.2018

«Тіл-рухани жаңғыру тетігі» атты зияткерлік ойынының ЕРЕЖЕСІ

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басты міндеттердің бірі - қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары болып табылады. Осы орайда, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 19-20 қазан күні жастар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, білімге, отан сүйгіштікті, ұлтжандылықты, біліктілікті, тапқырлық пен ұшқыр ойлылықты, өз ойын жетік және дәлелдей білетін мамандарды даярлау, тәжірибе алмастыруын және мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және шешу жолдарында тың идеялар тудыруға баулу, қисынды ойлау дағдысын жетілдіру мақсатында арнаулы орта (техникалық және кәсіптік) білім беру мекемесі мен ЖОО студенттері арасында республикалық пікір-сайыс турнирі өткізіледі. Мақсаты мен міндеті: Қазақ тілін латын әліпбиіне көшуді қолдау; жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, тілге деген құрметін арттыру; қоғамда латын әліпбиіне көшу бойынша туындаған мәселелерд...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 17.09.2018

«Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым» облыстық жас суретшілер байқауын өткізу қағидалары

І. Жалпы ережелер «Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым» жас суретшілер байқауы тілдің мәртебесі мен болашағын, мемлекеттік тіл мен тәуелсіздік ұғымдарының байланысы мен маңызын сурет тілімен жеткізіп, қылқалам шеберлігін бағамдауға бағытталған. Байқауды өткізудің мақсаттары: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру; тіл мәдениетін көтеру; Әдеттегі сөйлеу және жазу жанрынан бөлек, көркемөнер тілінде ана тілге деген сүйіспеншілікті жеткізу; дарынды жастарды анықтау және қолдау. 3. Шараға 16-29 жас аралығындағы суретшілер қатыса алады. 4. Суретшілердің жұмыстары алдын ала 15 қарашаға дейін жолданады. 5. Ең үздік, мағыналы деп танылып, жүлделі орын алған суреттер 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай өткізлетін шарада көрмеге қойылады. ІІ. Байқауды өткізудің тәртібі 6. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы көрменің ұйымдастырушысы болып табылады. 7. Байқау жергілікті атқарушы органдардың (Мәдениет және...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 17.09.2018

«Тіл - парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық конкурсын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер 1. «Тіл - парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) этнос өкілдері арасындағы қазақ тілі білгірлерін ынталандыруға бағытталған. 2. Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту; 2) тіл мәдениетін көтеру; 3) этнос өкілдерін ынталандыру; 4) талантты жастарды анықтау және қолдау. 3. Конкурс мемлекеттік тілде өтеді. 4. Конкурс екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – аудан, қалаларда 2018 жылғы 1 тамызға дейін; Екінші кезең – облыста 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін; 5. Конкурсқа 16-25 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. 6. Алдыңғы конкурстардың бас жүлдегерлері, сонымен қатар дарынды балаларға арналған арнайы оқу орындарында, жоғары, жалпы орта және арнайы орта білім беретін оқу орындарында қазақ тілінде оқитын этнос өкілдері конкурсқа қатыстырылмайды. 2. Конкурсты өткізудің тәртібі 7. Алматы облысын...
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 29.03.2018

«Тілдарын» облыстық олимпиадасын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер 1. «Тілдарын» облыстық олимпиадасы (бұдан әрі – олимпиада) үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған. 2. Олимпиада өткізудің мақсаттары: 1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау; 2) қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру. 3. Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. 4. Олимпиада екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – аудан, қалаларда 2018 жылғы 1 шілдеге дейін; Екінші кезең – облыстық олимпиада 2018 жылдың тамыз айында; Үшінші кезең – республикалық олимпиада 2018 жылғы қазан-қараша айында өтеді. 5. Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. 2. Олимпиаданы өткізудің тәртібі 6. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) олимпиаданың ұйымдастырушысы болып табылады. 7. Олимп...
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 29.03.2018

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсын өткізу қағидалары

Жалпы ереже Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған. Конкурсты өткізудің мақсаттары: - тіл мәдениетін көтеру; - көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру; - талантты жастарды табу. Конкурсты өткізудің тәртібі Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. Конкурс мемлекеттік тілде өтеді. Конкурс екі кезеңнен тұрады: - бірінші кезең – аудан және қалаларда 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізіледі. - конкурсқа 17-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады; - конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады; - аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері) конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздың өтінімін 20...
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 29.03.2018

Оқытушылар арасындағы А. Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық конкурсын өткізу қағидалары

Жалпы ережелер Оқытушылар арасындағы «Үздік оқытушы» облыстық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) 2018 жылғы маусым айында өткізіледі. Конкурсты өткізудің мақсаттары: ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау; оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру; мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру; озық тәжірибелерді тарату. Конкурсқа 23-45 жас аралығындағы оқытушылар қатыса алады. Байқауды өткізудің тәртібі Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. Қазақ тілі сабағының үлгісін «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешенінің» B1, B2, С1 деңгейлері негізінде Басқарма ұсынған тақырыптар бойынша әзірлеуі керек. Аталған деңгейлер бойынша тақырыптар қосымша хабарланады. Конк...
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 29.03.2018

«Текті сөздің төресі – терме» облыстық жыршы-термешілер байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ереже «Текті сөздің төресі – терме» облыстық жыршы-термешілер байқауы (бұдан әрі – Байқау) тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған. Байқауды өткізудің мақсаттары: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрын дамыту; жыр және терме өнерін жастардың арасында дәріптеу; заман талабына сай жаңа жыр және терме шумақтарын жарыққа шығару. Байқауға облысымыздың әр аудан, қаласынан 16-35 жас аралығындағы бір үміткер қатысады. Байқау жеңімпаздарын қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы анықтайды. Байқаудың алдыңғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын иелері) осы байқауға қатыстырылмайды. Байқауды ұйымдастыру тәртібі Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. Байқау аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардың (мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) жәрдемдес...
Толығырақ... Оқылды: 119 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 29.03.2018

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырылған. Конкурсты өткізудің мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады. 3. Конкурс үш номинациядан тұрады: 1) «Үздік мақала». 2) «Үздік телебағдарлама (үздік телесюжет)». 3) «Үздік сайт мақаласы (үздік әлеуметтік желі)». 2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады....
Толығырақ... Оқылды: 131 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 29.03.2018

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық конкурсын өткізу қағидалары

Жалпы ережелері Конкурсты өткізудің мақсаттары: үш тілді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау; тіл мәдениетін көтеру; үштілділікті насихаттау. Конкурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Конкурсқа жергілікті атқарушы органдардың, аудан, қалалардың 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Өткен жылғы конкурстың Бас жүлдегері, I орын жеңімпаздары қатыстырылмайды. Конкурсты өткізудің тәртібі Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың сайтында орналастырылады. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінім 2018 жылдың 1 мамырына дейін Басқармаға төмендегі құжаттармен бірге беріледі: осы конкурсты өткізу қағидасының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім; жеке куәліктің көшір...
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 29.03.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.