Навигация

Серіктестер

Мәңгілік елдің мәйегі

Жұмақтың өзіме дерсің

Жұмақтың өзіме дерсің Самырсын саясы құстардың жатағы, Самаурын қайнатар ыстығы. Бозторғай үніне бусанып жатады, Бағының пейіштей ұстыны. Топырақ үстіне топталып гүл біткен, Таулардың етегін тарсынар. Табақтай аспанның жүрегін жібіткен, Төбеңе құлайды тамшылар. Жылдарға көз таста, жоғалтқан жақының, Жұматай жырлары кезігер. Өлместей көрінген Есенқұл ақынның, Өмірде жоқтығы сезілер. Сүлейлер домбыра шерткендей күй түлеп, Самал жел соғады сәруар. Бабалар мұрасы сананы сілкілеп, Болады жаныңа пәруар. Арудың беліндей бұралып Қаратал, Ағады тоқтаусыз қыс-жазы. Дәл біздей, өлшеусіз өмірді ұнатар, Өзен де адамның ұстазы. Ауадан сұлудың әтірі аңқиды, Шарпиды жұпары жер-көкті. Қазбауыр бұлт жосып, жұлдыздар қалқиды, Жап-жарық айдан да келбетті. Айдан да келбетті, басқадан бағы артық, Содан ба бұл жаққа жұрт ынтық. Ұйысқан тірлікті өзіне қаратып, Ұйқыдан оятар түн түртіп. Жұмақт...
Толығырақ... Оқылды: 216 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 27.04.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.