Навигация

Серіктестер

Мәңгілік елдің мәйегі

Мәңгілік елдің мұраты

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бір жылдығына орай «Мәңгілік елдің мұраты» атты облыстық жабық әдеби байқау өткізілді. Мақсаты: - Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қоғамдық санаға орнықтыру; - Жетісу жеріндегі жас ақын, жазушыларды бір арнаға тоғыстырып, әдеби орта қалыптастыру; Жастардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамыту. Байқауда жеңімпаз атанған қаламгерлердің тың туындыларын назарларыңызға ұсынамыз!
Толығырақ... Оқылды: 122 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 15.05.2018

Құйын

Құйын (хикаят) – Таздың үйіне бар. Таздың үйіне бар. Тұрахан таздың үйіне бар, -деп күндегі әдетіммен Келдіқабаайғайын салып Желдісайдың уілдеп соғып тұратын желінен көтерілген құйынның артынан тұра жүгірді. Шаң-топырақ, қиыршық тас пен шөп шаламды диірменнің тасындай шыр айналдырған құйын оны қаңбақтай іліп әкетіп, табанын жерге тигізбей жұлқа жөнелді. Аспан төңкеріліп жерге түсті. Жер аспанға барып ілініп қалғандай... Ол жер мен көктің ортасында жұлдыздай аққан алып бір кеменің ішінде зырылдап бара жатты. Бір қараса бағана ғана қаңбақтай ұшып, құйынның ішінде жұтылып кеткен байғұс бала өзін қыса ұстаған жып-жылы бір құшақта, құшақ болғанда да әйел затының отты бауырында кетіп барады екен. Есі бір кіріп, бір шықты. Сонда байқағаны, құйын дегені шаң-топырақ, шөп-шалам емес – аяғы жерге, басы көкке тиген, киімнің орнына қою қара шашымен денесін бүркеген ару қыз. Сол ару қыздың аяғы қара жерге бір тиіп, бір тимей оны әлдеқайда алып зулап барады. Қатты жүгіргенде шашы...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 14.05.2018

Қайда барамыз?..

Қайда барамыз?.. Шілденің күні шыжып тұр. Қапырық ауаны қақ тіліп қарасұр көлік таудан түсіп келеді. Көліктің ішінде менен өзге екі адам бар, бірі сары екіншісі қара. Сары – мал доғдыр, қара – шопыр. Сары қушиған арық, қара толық. Сары айналасына жалтақ-жалтақ қарап, қорқып отыр. Қара толқып отыр. Қараның толқитын жөні бар. Бес биенің сабасындай етжеңді кісі. Көліктің табаны тас басып шоқалақтаған сайын майлы сағағы мен қатпарланған қарны терісін толғап тулайды. Денесі жалаңаш. Бағана жылқышының ауылынан бір самауырын шәйді бір өзі қотарған. Енді сол суды сыртқа шығарып, быршып терлеп келеді. Дәу кеуде мен қазан басты жалғап тұрған мықыр мойынға сатал-сатал көк орамалды бөкебайша іле салған. Самайдан аққан тер бірінші сол «бөгетке» бөгеледі. Сіңбей, сытылып шыққандары өркеш-өркеш болып жонданған денені қуалай борбайға барып құйылады. Ал сарының қорқатыны қараның салмағы басып, көлік жантайып келеді. Қырсыққанда жолдың оң жағы тау, сол қапталы терең сай. Қиғаш...
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 11.05.2018

​АУЫЛ ӘҢГІМЕЛЕРІ

АУЫЛ ӘҢГІМЕЛЕРІ 1. ҚОЗЫНЫҢ КӨЗ ЖАСЫ - Мәә! Мммм-әәә.... Құлағыма маңыраған қозының әлсіз дауысы келді. Төсегімнен атып тұрдым. Пештің түбінде ескі көрпешеге орап қойған әппақ, бауыр жүні бұйра-бұйра кіп-кішкентай қозыға көзім түсті. Ой, қандай сүйкімді! Мына жарық дүниені жатсынып қорыққаны ма, әлде, тоңғаны ма, денесі дір-дір етеді. Алақаныммен сипап едім, қарсылық білдіргендей аяқтарын тарбаң-тарбаң еткізді. - Ммм-әәә... Осы кезде ұйқыдан көздерін аша алмай есінеп, ұйпа-тұйпалары шығып, Сәния мен Мұрат та тұрды. Олар да қозының маңырағанынан оянып кетсе керек. Тақау келе сіңілім қозыға қарап сұқ саусағын шошайта «Ләқ» деді. - Лақ емес, қозы,-деді інім үлкендігін көрсетіп. Бір нәрсеге дауласқанда қоймай қоятын әдетіне басып сіңілім тағы да «Ләқ» деді. - Лақ емес дедім ғой. Қозы. Оны қой туған – деді, інім де қоймай. Сіңілім де қайтар емес. Жаттап алғандай бір сөзді қайта-қайта айтып, інімнің ызасына әбден тиді. - Ләқ......
Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 10.05.2018

Қыран қалықтаған күн

Қыран қалықтаған күн (әңгіме) Мамырдың мамыражай шуақты күні бір қалыпты атып келеді екен. Бабалық қария аспанда бидайық ұя салардай шөкім бұлт бар екенін байқады. Мосқал жасты, сақалы бурыл тартқан бүркітші қолына қамшысын ұстап, қыстан күйлі шыққан, оттықта тұрған күрең қызыл жылқысын шешті. Ақсақал үзеңгіге аяқ ілдіріп, атқа қонғанда үйден Жанат немересі атып шықты. Қария шылбырды тартпай, кеспелтек денесімен бұрылған. - Ата, қайда барасыз? – деп Жанат аңға шыққандай жасанып шыққан атасына көз тастады. - Тау-асты шарлап келейін деген, балам! -Ата, мен де барайыншы! - Саған болмайды, балам. Биік құздар бар, қауіп көп. - Тауға не үшін барасыз, ата? - Тауда жайылып жүрген жылқыларды көріп келсем бе деймін. Кезіксе, саған бір бүркіттің балапанын алып келем. - Ой, жақсы болар еді, - деп немересі қуанып қалды. – Жолыңыз болсын, ата! Бабалық ауылдың шетіне ілінгенде өзіне қарай желдіртіп келе жатқан күрең төбел атты жүргіншіні көрді. Қария т...
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 09.05.2018

ОРАЛУ

ОРАЛУ Күздің ауасы дымқыл леп себеді. Түстер шеруінен өз ғұмырында бойын аулақ ұстауға тырысқан, сөйте тұра, қоңыр аты қалмаған осы бір бәкене төбенің бүгінгі тіршілігі тып-тың. Бауырында бір ауылдың қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Оны баяғы күнде кеңес құратын би-бабалардың Күлтөбесіндей көретін Күнгей шал да осында жүр. – Бұл менің кіндік кескен топырағым, – дейтін. Әредік өзді-өзі боп күбірлеп кетер сәтінде. – Әгәрәки, – дейтін сосын: – Хайуан боп кетпесек, басқа бөтен күн туып, қай қиуада жүрсек те түптің-түбі осы ұйыққа тартамыз-ау? – деп қалың ойға шоматын. Сөйтетін де жылқы туралы ойлай бастайтын. Оның да хайуан текті жаратылыс екенін, алайда осы бір жануардың езуі тілінген топыраққа да екі аяқты болмыстан бөлек езіліп, емексіп тартатынын есіне алатын. Қарттықтың ауылына қонысы қонған соң ба, оның ойы байсал тартқан. Ең бір сұлу сүгірет сол – бұрынғы әдетімен еңбекке елпек ниет танытқысы келсе, тотыққан жүзі тобылғы түстене қала...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 08.05.2018

​Атамыз – Алтай, Анамыз – Дала

Атамыз – Алтай, Анамыз – Дала Атамыз – Алтай, Анамыз – Дала, Қол тимеген-ді жағамызға да, Темірді түйіп, Тәңірді сүйіп өткерген күннің бәрі «аңыз» ғана. Сүйсініп сипап жылқының жалын, Жауынгер қылған жұртының бәрін, Жорытқан кеше Күннің түбіне Ұмытпа, дүние, түркінің барын. Тәңірі көкте алқалап тұрып, Айдай жүзінен Ар тарап тұрып, Жарты ғаламды жаулаған бабам, Шартараптарда салтанат құрып. Асқақтық рухын уыстап туған Тауларды көрдім Ту ұстап тұрған, Жауларды көрдім жер құшып жатқан, Балбалды көрдім тыныстап тұрған. Тербеткен талай Тұран даланы Құлағыма кеп қырандар әні - Алтынемелден асып жатқанда Алты жүз ұлдың* ұрандағаны. Білегі мығым, жүрегі бекем, Қанша ұлың сенде түледі екен, Қанменен бірге қасиет сіңген, Қайран да біздің киелі мекен! Бәрін де көрдің, бәрін де кештің, Дәуірі жүрмей ақыл-кеңестің, Адам-Құдайлар арқырап шығып, Тілдесе д...
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 07.05.2018

​Жетісу таулары

Жетісу таулары Таулар! Таулар – Ұқсайды тауға ғана, Тау басқаға ұқсаса, тау бола ма?! Қарашы, Қарайыншы, Қандай ғажап – Ғажапты ғашық бұлттар, қаумалама! Көзімнен күн жанады көргенімде, Баладай бауырына енгенімде, «Басыңды көтер!» дейді таулар маған, Жабығып, жаным ауырып келгенімде, «Басыңды көтер!» дейді «жұтпа қайғы, Жамандар жерге қарап, бұқпалайды, Тауларға таулар ғана иық тіреп, Тауларға таулар ғана тік қарайды! «Таудай бол!» демеп пе еді бабаң саған, Биікте – бақтың бәрі сен аңсаған, Әкесі таудай болса, соны көріп, Таудай болып өседі балаң содан». Қалады уайым да, қалар қайғы, Жанарда жасыл таулар манаурайды, Тауларға қараған жан қас-қағым сәт, Ешқашан да аласа бола алмайды! Бейне бір қағандардай жеңілмеген, Сүйем жер, қарыс қадам шегінбеген, Тауға шығам, шыққанда – шыңында оның, Барғандай жүздесуге Тә...
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 04.05.2018

​Өртекес – Жетісудің қарындасы

Өртекес – Жетісудің қарындасы Мен де бір кісікиік кісі болдым, Сен жаққа қарап күнде кісінермін. Кіндігімді байлаған қазығым – ай, Өртекес, тағы бүгін түсіме ендің. Жүрмін әлі сағыныш зарығымен, Арайланып ататын таңы кілең. Жер бетінде жұмағым өзің едің, Жалғандағы жалғызым, жарығым ең. Кекілімді самалың тарап дәйім, Қырдан маған тұрушы ед қарап қайың. Есімде сол баяғы қалпыңдасың, Балықсу, Талдытөбе, Азатсайым. Қонақайым жатыр ма тулап ағып, Жағасында сол судың жүр балалық. Өлең жазушы едім ғой отыра қап, Күмбір – күмбір күйіңді тыңдап алып. Амал жоқ, бұра алмаймын атты кері, Жағаңда қызыр қонып, бақ түнеді. Сұлудың жанарындай мөлдіреген, Теңізден артық едің, Мақшы көлі. Ұшып ақ барар едім ара шалғай, Қилы заман жаныма жара салдай. Қубас атты Қабанбай ат шалдырған, Аттың тауы тұрсың ба? Аласармай! Кете барғам өзіңмен қоштастым да, Тасы да тебіренбей жатпас мұнда...
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 03.05.2018

Мәңгілік дала баяны

Мәңгілік дала баяны (поэма орнына) Пролог Бір құдірет жалғардай араны анық, Жүретін Жүнісбай қарт дараланып, Күй шертіп отыратын үйді-үйлерде, Жанына топ-топ тағы баланы алып. Жамылып желбегейін желең ғана, Қисашы секілденіп шебер, дара. Қарайтын оқтын-оқтын бәрімізге, (Ол, бәлкім, кеудесі – кен, кенен дала!) Жан емес жарты күлше – бақ іздейтін, Танытып тағылыммен абыз кейпін, Тамаша бір әңгіме бастап беріп, Бұл өзі бағзыда айтқан аңыз дейтін... 1 Бес тоғыс секілденіп шуақтанып, Жер үшін аспан болған суатты анық. Тұранның бойы дейді нұр төгілген, Аң-құстар шөл басатын шұбап барып. Жүріпті ел әуезінде сенбей қалып, (Құдірет туғызды екен нендей алып?) Бір сәуле жарқ етіпті жасын болып, Кетіпті кейін сол жер көлге айналып, Тірліктің тынысымен құбатөбел, Тәңірісінің хиһметімен, сірә, шебер. Сол көлден жалды арқасы ұл көрген – мыс, Жалбарып жұрт жиылып, жыласа егер....
Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: Мәңгілік елдің мәйегі Уақыты: 30.04.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.