Навигация

Серіктестер

Астана 20 жыл

АЙБЫНЫ АСҚАҚТАҒАН - АСТАНА

Тәуелсіздіктің тірегі, айбыны асқақтаған бас қала - ару Астанаға биыл 20 жыл. Тамыры тереңде жатқан тарих өлшемінде бұл қас-қағым сәт қана. Осы уақыт ішінде Астана Елбасының көшелі бастамасы мен кемеңгерсаясатының нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен бой таластыра алатын мерейлі дәрежеге жетті. Сондай-ақ, төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес. Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбарына айналған ару қаланың туған күні барша қазақстандықтарға ортақ мереке. Оның мерейін асқақтатып, ақ тілегін арнаушылардың қатарына қосылғысы келмейтіндер кемде-кем. Осы орайда, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жалынды құттықтауларын жолдап, айтулы күннің думанды мерекесін бастап та кетті. Нақтырақ айтар болсақ, патриоттық сарындағы флешмоб ұйымда...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 04.07.2018

Мерейлі менің – Астанам

Тіл сарайында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мерейлі менің – Астанам» тақырыбында апталық өтті. Аталмыш шара Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылды. Апталықтың бірінші күні «Мерейлі менің – Астанам» тақырыбындағы ашық сабақпен басталды. Жиынның салтанатты ашылуында тіл бөлімінің басшысы Туғанай Рахымберлина сөз кезегін алып, Бас қаланың жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, аталмыш мереке аясында облыстық тіл басқармасының 9 бірдей ауқымды шараны қолға алғандығын айтты. Одан кейінгі кезекте «Ертегідей Елорда» көрме жұмысы таныстырылды. Екінші күні «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырған «Smart city» – ақылды қала Астана» атты дөңгелек үстелде бас қосты. Әсем қаланың ерекшелігі мен Елордадағы халыққа қызмет ететін инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері айтылған шара...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 08.06.2018

Латын әліпбиі – баршаға ортақ

Тіл сарайында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйі – Қоғамдық кеңес орталығы, Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бірлесе ұйымдастырумен «Латын әліпбиі – баршаға ортақ» тақырыбында практикалық семинар өтті. Жиынға А. Байтұрсынов атындағы Тіл білім институтының ғылыми қызметкерлері, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшы топ мүшелері, мұражай, кітапхана қызметкерлері қатысты. Шараны облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ашып, жүргізді. Өз сөзінде Ғабит Тұрсынбайұлы практикалық семинарға келген қонақтарға алғысын білдіріп, қоғамда қызу талқыға ие латын әліпбиіне көшу мәселесінің оңтайлы тұстарына тоқталды. Жиында алғашқылардың бірі болып баяндама оқыған А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Айсәуле Аманбаева «жазу арқылы халықтың ой-санасы да...
Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 18.04.2018

ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНДЕ ОЙ ТОЛҒАДЫ

Тіл сарайында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Арман қала – Астана» атты латын гарфикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде эссе жазу байқауы өтті. Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – халықты латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде жазуға, оқуға машықтандыру, латын қарпінде таңбалауға бейімдеу. Байқаудың ережесіне сәйкес Астана қаласының бүгінгі келбетін айшықтау және жеткен жетістігін дәріптеу, бас қаламыздың тарихынан сыр шерту көзделген еді. Тұңғыш рет өткізіліп отырған байқауға орта білім беретін мектептің оқытушылары қатысты. Ұсынылған 23 қатысушының эсселері қазылар алқасы құрамының іріктеуінен өткізіліп, үздік деп танылған 4 эссе Басқарманың дипломымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Байқау нәтижесі бойынша №12 мектептің оқытушысы Гүлшат Тілеуханова бас жүлдені иеленсе, №19 мектеп-гимназиясының оқытушысы Светлана Исаева І дәрежелі дипл...
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 14.04.2018

«Астана – бейбітшілік бесігі» атты облыстық

«Астана – бейбітшілік бесігі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Астананың 20 жылдығына орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, ондағы рухани құндылықтарды ұрпаққа өнеге ету, халық арасында насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Астана – бейбітшілік бесігі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын өткізді. Жыр додасында топ жарған ақындардың өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.
Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 14.03.2018

Жәуміт қала

Жәуміт қала Астана... Сен әлі бала емессің бе? Қатпаған бұғанасы. Бір ағашын сүйеген бір ағашы. Тарихтың көз жасының көлеңкесі, Тәңірдің бізге берген сыбағасы. Сондай ізгі. Сөз қайсы, айтпақ оны, Саудагердің сапардан қайтқан жолы, Сағыныштың самалы бет шарпыған, Сығандардың арманы, татқан соры. Соны ойласам, сіңімді ішкен асым, Ей, бабамның рухының баспанасы! Сен өмірге келген соң, еш алаңсыз, Алдына алып сәбиін тосты анасы. Ал, сол сәби ұшырып батпырауық, Көкте күнге қол созды Көк Ту алып. Еркіндіктің не екенін ерте білді, Еліктеді өзіңнен екпін алып. Сен өмірге келген соң, жас арылды, жанарынан жалғанның аса мұңлы. Құстар азан шақырып, тау жаңғырып, Есіл кесті есіркеп тұсауыңды. Қорқыт-ғұмыр қашқандай бұл ғасырдан, Қобыз үні есіліп қыр басынан, Сені тұрған көтеріп жер ғана емес, Бабалардың бейіті құм жасырған. Соны ұмытпа!? Шаһардың айпарасы, Толқытса да тағдырдың тайталасы. Ләйлә кетті....
Толығырақ... Оқылды: 91 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 14.03.2018

Астана

Астана Самұрықтың қанатынан сау етіп, Қиял тамды санама! Хан тоқтаған Қараөткелге тәу етіп, Тізе бүкпей, бола ма? Сауын айтып Сарыарқаның самалы Керуен-керуен дәуір көшіп барады, Көңіл көшіп, өмір көшіп барады Ай маңдайлы, ару жүзді Астана Кеңістікке кербездене қарады! Мың сабаздың түсі шығар Астана! Шайқастан соң мүлгіген. Ұйық табу арман шығар басқаға, Сен мен үшін Жердің Ұлы кіндігі ең! Астананың аспанының астында Бейбітшілік әппақ сүттей ұйыпты. Жұмыр жердің, мына жұмыр бастың да Бар арманы жұмыртқаға сыйыпты! Еркін түсіп ерке Есілге таң нұры Тереңдесін Бәйтеректің тамыры! Осы жерде көздің жасы сүртіліп, Осы жерде шешіледі Өр Алаштың тағдыры! Айнұр ТӨЛЕУ
Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 14.03.2018

​Астана

Астана Хас үлекті таң асырып шекелі, Боғжомамен жем ғып тартқан шетені. Үзеңгі мен айылбастың сазындай, Сарыарқадан бір керім күй жетеді. Періштенің үр шарқыты секілді, Сайын дала сыр бар сенде не түрлі? Отырардың байлығындай өртенген, Тарих десем өзегімді от үрді... Сақи дүние сорабында мың жылдық, Берекені жалғап келген «шынжыр» қып, Дүр бабалар ақ орданың ары үшін Кескілескен мүшірікпен де Інжілдік. Бозтәуеттің нарт қанымен қасам қып, Иен жерде азық болып қосар құт. Жонданғанмын! Жиырма ғасыр өткенде, Өркениетке өріс бердік, жасандық! Сығанақтың бұлбұл әнді бағындай, Аспан түстес Аспараның тағындай – мың шаһардың қасиетін жинаған, Әз Астанам бой көтердің, А, Құдай! ...Хас үлекті таң асырып шекелі, Боғжомамен жем ғып тартқан шетені. Түркілердің өр рухындай асқақтар, Алашымның Астанасы, мекені! Асыл СҰЛТАНҒАЗ
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 14.03.2018

Бәйтеректегі ой

Бәйтеректегі ой (Триптих) Әке: Өткір ой, алғыр ақылдың жаны сезілген, Кірпіші әр тал қаланған қажыр, төзімнен, Қарашы, ұлым, көктеген мынау шаһарға, Гүлдеген кеші аумай тұр сенің өзіңнен. Албырттық, жастық алаулы сөздің оты ұқсап, Түрленді Арқа – абатқа кірген тоты ұқсап. Күлтегін мұрат емес пе, балам, кешегі, Көңілін жұрттың дәл бүгін тұрған етіп шат? Есіл де сенсің есіліп аққан – ес көрем! Жоқ болса мынау жауһардай қала – не істер ем? Астана болып болашақ күнге беттеген, Өзіңді қосып жібердім сосын «көшке» мен... Бала: Қолтаңба, Міне! Менің де қолым шақ келді, Ұмытты көңілім алағай өткен сәттерді. Алып ойлардың тамырын сезем – от сезем, Көңілім барлық шырағын содан жақты енді. Сәби ем кеше, Астана – ол да сәбиді, Басбалдақ болған мақсаттар бар-ды тағы игі. Ұықтатты сол кез үрейлі күндер әр түнді, Оятты түртіп үмітті ойлар әр үйді. Біз сөйтіп, әке...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 14.03.2018

Сұлу қала – Астана

Сұлу қала – Астана Сән, сәулетің ұқсамайды басқаға, Сен, армансың үлкенге де, жасқа да. Соңғы кезде жиі енесің түсіме, Кербез керім, сұлу қала – Астана! Көргенімде көзіндегі күлімді, Тулап жүрек тыңдап ішкі үнімді. Сезімімді білдіргенмін сенде алғаш, Қыздарымның Анасына бүгінгі. Күллі әлемге мәлім сенің есімің, Әлдилесін, тербесін жер бесігін. Сенде Астана, қуанғанмын шарқ ұрып, Үлкен қызым ашқанда өмір есігін. Биігінен көріне түс, Қыранның, Шуағына шомылдырсын Тұмар күн. Сенде Астана құшақ жайып қарсы алар, Достарымның жүргеніне қуандым. Ең әдемі, көркем қала жердегі, Келбетімен жүрегімді тербеді. Мен ақынмын дегендердің барлығы, Сұлулықты жырлап өтсін сендегі. Сән, сәулетің ұқсамайды басқаға, Сен, армансың үлкенге де, жасқа да. Соңғы кезде жиі енесің түсіме, Кербез керім, сұлу қала – Астана! Азамат НҰРМҰХАН
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Астана 20 жыл Уақыты: 14.03.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.