Навигация

Серіктестер

Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу

Талдықорғанда латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды

Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу
Уақыты: 04.08.2017
Оқылды: 34 Печать страницы
Талдықорғанда латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды

Қазақ жазуын латын графикасына көшіру бағытында құрылған жұмыс тобы жер-жерде семинарлар мен көшпелі отырыстар өткізіп жүр. Құрамында белгілі ғалымдар мен танымал мамандар бар бұл топтың кезекті басқосуы Талдықорғанда өтті.

Жиында латын қарпіне көшуге байланысты баяндамалар жасалып, көптің пікірлері тыңдалды. Мамандардың пайымдауынша, жаңа әліпбиді қабылдау үлкен жұмыстың басы ғана. Одан кейін емле жасау, ережелер жазу, оларды бір жүйеге келтіру, әдістемелер дайындау сияқты қат-қабат жұмыстар тұр. Ерден Қажыбек, жұмыс тобының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы: - Елдік мәселе болғаннан кейін бұл тек жазуға байланысты емес, тек тілге байланысты емес. Бұл – өркениетті таңдау, бұл саяси, идеологиялық, экономикалық бетбұрыс. Бұл рухани жаңғыруымыздың іргетасы. Дос Көшім, жұмыс тобының мүшесі: - Қоғамға осы әліпбиді қабылдатудың жеңіл түрі, жақсы түрін, ұтымды тәсілдерін біз бүгіннен бастап ойлануымыз керек. Біздің Талдықорған өңіріне келгендегі бір мақсатымыз, қандай жақсы пікірлер бар, біз солардың бәрін жинақтауымыз керек.

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/87429-taldy-or-anda-latyn-arpine-k-shu-m-selesi-tal-ylandy

#ЯзаЛатиницу, #LatynQoldai’myn, #ЛатынТаңдаймы, #ПоддержимЛатиницу, #залатиницу, #LatyndyQolda, #Қолдаймын

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.