Навигация

Серіктестер

Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу

Латын әліпбиі бөлмейді, біріктіреді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.10.2017
Оқылды: 78 Печать страницы
Латын әліпбиі бөлмейді, біріктіреді

Ақсұңқар Ақынбаба, ақын, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілі:  «Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде көптеген салалық реформалар жүргізілді. Солардың арасында өз кезегін күтіп келетін, ертелі-кеш болуы тиісті ең маңызды бір реформа ретінде қазірде қолға алынып жатқан жазу реформасын айтуға болады. Ел арасында, латын әліпбиіне басқа түркітілдес елдермен қатар бұдан да ертерек көшуге болатын еді деген пікірлер де айтылды. Себебі, ол кезде мұндай реформаға қоғам дайын емес еді, ал, бүгінде, қоғамдық сана дайын болғандықтан, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған аталған бастаманы қалыпты қабылдаудамыз.

Жазу реформасына қатысты ел ішінде, түрлі этностар арасында айтарлықтай түсінбеушіліктер мен дүрлігу туындап отырған жоқ. Латын әліпбиі бір қазақты екіге бөлуі мүмкін емес. Себебі, латын әліпбиі ол біздің қанымызда бар дүние. Ал, Ассамблея тарапынан бұл тұрғыда атқарылатын міндет өңірімізде тұратын этностарды жазу реформасына көшуге өз үлестерін қосуға шақыру, егер, қандай да бір қарсы пікірлер болып жатса, оның алдын алу, ел болып жұмылған жұдырықтай береке-бірлікте атқарып шығуға үндеу. Меніңше, түптеп келгенде, Елбасының аталған бастамасы түбінде Түркі тілдес елдердің ортақ әліпбиін жасауға жеткізетін ел болашағы үшін пайдалы бастама».

#ЯзаЛатиницу, #LatynQoldai’myn, #ЛатынТаңдаймы, #ПоддержимЛатиницу, #залатиницу, #LatyndyQolda, #Қолдаймын

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.