Навигация

Серіктестер

Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу

ЖАЗУ – ҰЛТТЫҢ ТАРИХЫ ТАҢБАЛАНҒАН ЖӘДІГЕРІ

Мемлекеттік бағдарламада латыннегізді әліпбиге көшудің маңыздылығы нақтыланса, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Елбасымыз атап көр­сеткен міндеттердің ең бастысы – әліпби ауыстыру мәселесі. Әліпби жасау немесе оны ауыстыру – бұл жалпы­халықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мәселе. Ал жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы таңбаланған жәдігері. Қазіргі таңда жаңа әліпби мәселесі қоғамда белгілі бір дәрежеде қазақ тіліне деген қызығушылықты арттырды. Ендігі кезекте ана тіліміздің де жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, дүниежүзілік ақпараттық кеңістікте латын әліпбиінің негізінде қолданыс табатын болса, бәсекеге қабілеттілігі артпақ. Осы орайда, латыннегізді әліпби мәселесіне қатысты үш жылда атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасап өтсек. Облыс әкімдігінің қолдауымен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жұмыс тобы құрылып,...
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 12.11.2019

ТІЛІМНІҢ ТҰНЫҚ ТҰМАСЫ

Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен "Тілімнің тұнық тұмасы" атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Оған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары, мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған бағдарламасын, Елбасының "Рухани жаңғыру" мақаласын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыру бойынша өтті. Дөңгелек үстелді жүргізген А.Башбаев: - Жердің құты саналған жазиралы Жаркент жерi ана тіліміз бен салт-дәстүрiміздің қаймағы бұзылмаған қазақы өңiр. Сурет өнерiнiң дарабозы Әбiлхан Қастеев пен жезтаңда...
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 06.11.2019

«Латын графикалы кеңістіктегі жарнама сауаттылығы»

Ш.Шаяхметов атындағы «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ұлттық ғылыми-практикалықорталығының ұйымдастыруымен «Латын графикалы кеңістіктегі жарнама сауаттылығы» атты республикалық онлайн семинар өтті. Онлайн семинарда орфографиялық топ мүшелері әзірлеген «Графикалық кеңістіктегі жарнама» нұсқаулығы талқыға салынды. Сарапшы мамандар тарапынан жарнама сауаттылығына қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды. «Тіл-Қазына» орталығының атқарушы директоры Ербол Тілеш: - Жарнаманың сауатты болғаны жөн, сауаттылық емле мен пунктуация ережелеріне ғана емес, мазмұнға да керек. Сондықтан сауаттылық мәселесімен қатар жарнама мәтінінің ішкі мазмұнына да мән беріп, әсіресе, ұлттық танымның тілдік көріністерін кеңінен көрсек игі болар еді. Жарнама тілі жаңа әліпбиге көшкенде түзелер деген үлкен үміт бар. Осы онлайн семинар алдағы орасан жұмыстардың басы» - деп атап өтті. «Ұлан» газетінің редакторы Жұлдыз Әбділда:...
Толығырақ... Оқылды: 1 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 02.11.2019

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОЗЫҚ ӨҢІР АТАНДЫ

24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты тұңғыш республикалық форумы болып өтті.Республикалық формуға Алматы облысынан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, басқарама қызметшілері және облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Форум барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жаһандану үдерісіндегі қазақ тілінің болашағы мен даму бағыттары, латын графикасына көшіру барысы талқыланды. Өңірлердегі тілдік ахуалға мониторинг жасалып, әр өңірдегі өзекті мәселелердің шешу жолдары сарапталды. Форум аясындағы интерактивті көрмеде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев өңірімізде жүзеге асып жатқан жобалар мен өнімдерді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға көрсетіп, таныстырды...
Толығырақ... Оқылды: 1 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 25.10.2019

«Латыннегізді әліпби» телебағдарламасы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Жетісу» телеарнасы бірлесе «Латыннегізді әліпби» телебағдарламасын аймақ тұрғындарының назарына ұсынды. Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында жүзеге асып отырған аталмыш жоба «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жалғасы. Жаңа графиканы меңгертіп, оқу мен жазу машықтарын арттыруға ықпал ететін телебағдарлама әр жексенбі сайынсағат 17.20-да эфирден беріледі.
Толығырақ... Оқылды: 3 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 07.10.2019

Жеделдете оқыту курсы ұйымдастырылды

Бүгін Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында латыннегізді жаңа әліпбидің емле ережелерін оқыту бойынша ересектерге жеделдете оқыту курсы ұйымдастырылды. Курс 24 сағаттық бағдарлама негізінде жүргізілді. Курсқа ТЖД, облыстық аурухана, «Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және жеке тұлғалар қамтылған болатын. Сондай-ақ, «Шеттілдік сөздердің орфоэпиясы мен орфографиясы» тақырыбындағы сабақ бойынша облыстық Жетісу телеарнасына үзінді түсірілді.
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 18.09.2019

Онкүндік аясындағы диктант жазу эстафетасы

Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында ұйымдастырылған латыннегізді әліпбиде диктант жазу эстафетасы өз мәресіне жетті! Алғаш болып Тіл сарайында бастау алған эстафета күн сайын, «Достық үйі - Қоғамдық келісім» орталығы, «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық филиалдары, Облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармалары, Рухани жаңғыру орталығы, Журналистер үйі, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сарайы сияқты мекемелерде жалғасып келді. Олар латыннегізді әліпбиде "Тіл" тақырыбында диктант жазды. Біркісідей атсалысқан жоғарыдағы барлық мекеме ұжымдарына алғыс айтамыз!
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 03.09.2019

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПЕРНЕТАҚТАҒА ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ МЕН ҰСЫНЫСЫ ҚАНДАЙ?

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізу жұмыстары жалғасуда. Латын графикасындағы қазақ әліпбиі орналасқан клавиатураны пайдаланудың ыңғайлылығын анықтауға арналған сауалнама қорытындысы бойынша көпшілік «ұсыныс жоқ», «пернетақта ыңғайлы» деп жауап берді. Десе де, өз ұсыныстарын айтып, пікір қалдырғандар да бар. Назарларыңызға пернетақтаны қолданушылардың пікірлерін ұсынамыз. Қылышбаев Ербол, Цифрлық технологиялар басқармасы мемелекеттік мекемесінің қызметшісі: І (і) және и, й әріптері өте ұқсас, осыған байланысты аталған әріптердің басқаша таңбалануын қарастырса дұрыс болар еді. Ы және у әріптері кириллицада ұқсас емес, ал латын әліпбиінде ұқсас болғандықтан, пайдалану қиындық туғызады. Сол себепті мәтінді тергенде аздап қиындықтар болды. Ақыл Жандос Қанатұлы, Цифрлық технологиялар басқармасының қызметшісі: Нүкте мен үтірді бұрынғыдай 6 және 7 сандары орналасқан баты...
Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 26.08.2019

КОМПЬЮТЕРДЕ ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИДЕ ЖАЗУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізу жұмыстарын бастады. Бұл іс-шара 2019 жылдың 28 тамызына дейін жалғасады және түрлі сала ұйымдарының қызметкерлерінен (білім беру, мемлекеттік қызмет, ішкі істер, медицина және т.б.) 500-ден астам адам қамтылады деп жоспарлануда. Бүгін ауыл шаруашылығы, ветеринария, дін істері, дене шынықтыру және спорт, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері латын графикалы қазақ әліпбиінде әзірленген клавиатураның алғашқы қолданушылары болды. Олар мәтінді латыннегізді әліпбиде теріп, сауалнама толтырып, жаңа клавиатураның тиімділігі мен қолайсыз тұстары туралы өз ұсыныстарын білді...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 22.08.2019

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

2017 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері мерекесі 5 қыркүйек яғни, Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс аталатын болды. Осы айтулы мереке қарсаңында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы онкүндік ұйымдастырған болатын. Мереке қарсаңындағы онкүндіктің ашылу салтанатынан кейін, шараға жиналғандар Тіл сарайының мәжіліс залына және "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының оқу кабинеттеріне жайғасып, диктант жазуға қатысты. Латыннегізді қазақ әліпбиінде диктант жазу ендігі кезекте эстафетаны қабылдап алған (Достық үйі, "Nur Otan" партиясының облыстық және қалалық филиалдары, облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармалары, Рухани жаңғыру орталығы, Журналистер үйі, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сарайы) мекемелерде 5 қыркүйек – Тілдер мерекесіне дейін жалғасатын болады.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу Уақыты: 21.08.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.