Навигация

Серіктестер

Жұмыс көрсеткіштері

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2019 жылы атқарған жұмысы туралы қорытынды АҚПАРАТ

І. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) орындау мақсатында 2019 жылы бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша іс-шаралар жоспарында көрсетілген барлық нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мемлекеттік тілді дамыту институтымен бірлесе отырып, облыстағы тілдік ахуалдың жай-күйін зерделеу мақсатында халықтың көзқарасын анықтау үшін өңіріміздің 17 ауданы мен 3 қаласына әлеуметтік лингвистикалық сауалнама жүргізілді. Бағдарламаның нысаналы индикаторына сәйкес мемлекеттік тілді меңгергендердің үлес...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 06.01.2020

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2019 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) ҚР Заңы және Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2019 жылдың ІІІ тоқсанында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарды. Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Осыған сәйкес өңірімізде III тоқсанда мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5 пайызды құрады. Ағымдағы жылы мемлекеттік тілді оқыту курсына 869, орыс тілі курсына 21 және ағылшын тілі курсына 462, латыннегізді әліпбиді оқыту курсына 758 тіл үйренуші қабылданды. Барлығы 2110 тыңдаушы. Қазіргі уақытта облыста заманауи үлгіде жабдықталған 20 тіл оқыту орталығы (облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудан қалаларда орналасқан 19 филиал) жұмыс жасауда. Жуырда алғаш рет облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 15 компьютеріне латын графикасымен белгіленген қазақ әліпбиінің пернетақт...
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 23.10.2019

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2019 жылдың жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңы және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) орындауда 2019 жылдың І жартыжылдығында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарды. Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Осыған сәйкес өңірімізде І жартыжылдықта мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5 пайызды құрады. Ағымдағы жылы мемлекеттік тілді оқыту курсына 596, орыс тілі курсына 14 және ағылшын тілі курсына 225 тіл үйренуші қабылданды. Барлығы 835 тыңдаушы. Олардың ішінде сертификат алғандардың саны 340, куәлік алғандар 441, 54 тыңдаушыға анықтама берілді. Өткізілген іс шаралар туралы Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын дамыту әрі кеңейту мақса...
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 12.07.2019

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңы және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) орындауда2019 жылдың ІІ тоқсанында бірқатар жүйеліжұмыстар атқарды. Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергіліктіатқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Осыған сәйкес өңірімізде ағымдағы тоқсанда мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5 пайызды құрады. Үстіміздегі жылы мемлекеттік тілді оқыту курсына 596, орыс тілі курсына14 және ағылшын тілі курсына225 тіл үйренуші қабылданды. Барлығы835 тыңдаушы. Олардың ішінде сертификат алғандардың саны 340, куәлік алғандар 441, 54 тыңдаушыға анықтама берілді. Өткізілген іс шаралар туралы ІІ тоқсанда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын дамыту әр...
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 12.07.2019

ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ АНЫҚТАМАСЫ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстық ономастика комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 29 қараша Текелі қаласындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеумен Текелі қаласы және Рудничный ауылдық округі қамтылды. Зерделеу барысында Текелі қалалық әкімдігінің 2016-2018 жылдар аралығында тіл заңнамаларының орындалуына бақылау жүргізу және ономастика саласы бойынша атқарған жұмыстары қамтылды. Өңірдегі ономастикалық ахуалды жақсарту мақсатында қала әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №75 қаулысымен арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылған. Ағымдағы жылы жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, қала бойынша ономастикаға қатысты атқарылған жұмыстар және деректемелер мен көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тіл мәселелері қаралған. Қала, ауылдық округ әкімдіктерінің ономастикалық жұмыстарға жауапты мамандарына әлеуметтік нысандарға, елді мекендерге және оның құрамдас бөліктеріне...
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 09.01.2019

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2018 жылы атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2018 жылы атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын және 2011-2019 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын (Бұдан әрі – Бағдарлама) орындауда Алматы облысы 2018 жылы жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізді. Тоқсан сайын тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жүргізіліп отырды. Нәтижесінде мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5 пайызды құрады. Мемлекеттік тілді оқыту курсына 1347 тіл үйренуші, орыс тілі курсына 46, ағылшын тілі курсына – 401 тыңдаушы қабылданды. Барлығы 1939 адам. Ал, Қазтест нәтижесінде диагностикалық және сертификаттық тестен өткендер саны 18109 адам. Бағдарлама аясында мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, жұртшылыққа насихаттау мақсатында көптеген шаралар өткізілді. Мәселен, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қазақ, ор...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 24.12.2018

ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстық ономастика комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 28-29 тамыз аралығында Қапшағай қаласындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеумен Қапшағай қаласы, Шеңгелді, Заречный ауылдық округтары қамтылды. Зерделеу барысында қала әкімдігінің ономастика мәселелері бойынша атқарған жұмыстары, көше аншлагтарының ресімделуі және көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес жазылуы қаралды. Өңірдегі ономастикалық ахуалды жақсарту мақсатында қала әкімінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі №19-ө өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылған. Ағымдағы жылы жұмыс тобының екі отырысы өткізіліп, қала бойынша ономастикаға қатысты атқарылған жұмыстар және деректемелер мен көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тіл мәселелері қаралған. Қала, ауыл...
Толығырақ... Оқылды: 470 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 15.10.2018

ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2018 жылғы 16 тамызда Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдары мен оның құрамдас бөліктеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) орындалу барысына зерделеу жүргізілді. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу жағдайы. Ауданның жергілікті атқарушы органы мен оның құрамдас бөліктері бойынша 2018 жылдың 1 тоқсанында ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу көрсеткіші аудан бойынша 97 % құраған. Мекемелердегі ортақ кемшіліктер: Зерделеу қорытындысы бойынша Қаратал ауданының мемлекеттік мекемелеріндегі шығыс құжаттары туралы мәлімет (облыстық көрсеткішпен салыстырмалы түрде 99,3%): - кәсіпкерлік бөлімі 97,3 % (-2); - Ішкі саясат 98...
Толығырақ... Оқылды: 564 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 03.09.2018

КӨКСУ АУДАНЫНДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2018 жылғы 15 тамызда Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдары мен оның құрамдас бөліктеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына зерделеу жүргізілді. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу жағдайы. Аудан әкімінің 16.03.2017ж. №74 Бағдарламаны орындау бойынша қаулысына сәйкес бекітілген іс шаралар жоспары 13 тармақтан тұрады. Алайда, әр тармақтың орындалуы қамтамасыз етілмеген, қадағаланбаған. Атап айтсақ, Алматы облысы әкімдігінің №80 қаулысының 9, 10 тармақшасына сәйкес 430 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылғанымен, іс шаралар ұйымдастырылмаған. Ауданның жергілікті атқарушы органы мен оның құрамдас бөліктері бойынша 2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша іс...
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 29.08.2018

АҚСУ АУДАНЫНДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2018 жылғы 13 шілде күні жүргізілген зерделеумен аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, білім, қаржы, құрылыс бөлімдері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы қамтылды. Зерделеу барысында төмендегі жағдайларға мән берілді: Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, аудан әкімінің Тілдерді дамыту мен қолданудың өңірлік іс шаралар жоспарына сәйкес мекеменің 2017-2019 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының жасалу жолдары, ауқымдылығы; мекемеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының басшылық тарапынан бақылануы; мекемелердегі көрнекі ақпараттардың (маңдайша жазу, мөр, мөртаңбалардың) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 19, 21-бабына, эстетикалық талаптарға сәйкестігі; мекеменің негізгі қызметі жөніндегі іс-құжаттарының жазылу сап...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: Жұмыс көрсеткіштері Уақыты: 24.07.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.