Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

БІР ӨЛЕҢІ – БІР ӘЛЕМ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.02.2020
Оқылды: 40 Печать страницы
БІР ӨЛЕҢІ – БІР ӘЛЕМ

               Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жыл сайын қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында поэзия кешін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
             Бүгін Тіл сарайында ақынға арналған «Бір өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті.
             Еркін форматта өткен кешке ҚР халық әртісі, кино және театр актрисасы, Алматы облысының Құрметті азаматы, Б. Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының әртісі Алмахан Кенжебекова, Б. Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Кендебай Темірбайұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ф.ғ.д., профессор Мұратбек Иманғазинов, филология ғылымының кандидаты Сайлау Қожағұлов, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары  Жұматай Әміреев қатысты.
             Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әншілері Бейбіт Мұсаев, Құралай Шаяхметовалардың орындауында ақынның өлеңдеріне жазылған әсем әндер шырқалды.
            Оқушылар сарайындағы драма үйірмесінің оқушылары ақынның маржан жырларын шабыттана жатқа оқыды. Кешке келген көрермендер поэзия мұзбалағы Мұқағали өлеңдерімен сусындап, рухани азық арқалап қайтты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.