Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

АРТЫҚ ҒЫЛЫМ КІТАПТА

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.01.2020
Оқылды: 47 Печать страницы
АРТЫҚ ҒЫЛЫМ КІТАПТА

            Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының кітапхана қоры елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктеткен хакім Абайдың бес кітабымен толықты. Олар: 1909 жылы Санкт-Пертербургте жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы; 1922 жылы Ташкентте және Қазанда басылып шыққан «Таңдамалы өлеңдер жинағы»; 1933 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан, латын қарпінде жазылған қара сөздері; 1895 жылы «Семей облысындағы ақын-жазушылардың тартуы» атты арнау өлеңдер жинағы. Құнды кітаптар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-музейінен алынып, көшірме кітап түрінде жасатылды.
            Биыл әлемдік мәдениеттің шоқтығы биік тұлғасына айналған, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық меретойы. Торқалы тойдың қарсаңында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тағылымы мол Абай мұраларына арналған сегіз шара өткізуді жоспарлап отыр.
            Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек... Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз» - деді.
            Ұлттық болмыстың бойымызда мәңгі тұрақтап қалуы тілімізбен, төл әдебиетімізбен тығыз байланысты. Ұлы тұлғалардың есімі мәңгі ұлықтала бермек.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.