Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 22.11.2019
Оқылды: 42 Печать страницы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК

     Бүгін Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Рухани жаңғырудағы ономастикалық кеңістік: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

     Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Гүлбану Әбіләжімова қатысты.

     Мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, тарихи топонимдер туралы мәліметтерді жинақтау, жүйелеу және біріздендіру.

     Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстан ономастикасының өзгеру динамикасы, географиялық зеттеулердегі қолданбалы топонимиканың орны және Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жер-су атауларының танымдық сипаты мәселелері талқыланды.

     Пленарлық мәжілістен соң конференцияға қатысушылар «Ономастика бойынша қолданыстағы заңнамалар: мәселелері мен шешу жолдары», «Рухани жаңғыру және ономастика» атты екі секцияға бөлініп жұмыс істеді.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.