Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ТІЛДІ ЖҮЙЕЛІ ОҚЫТУ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 21.11.2019
Оқылды: 63 Печать страницы
ТІЛДІ ЖҮЙЕЛІ ОҚЫТУ

        Бүгін Тіл сарайында «Тілді жүйелі оқыту» атты облыстық біліктілікті арттыру семинары өтті. Семинардың мақсаты - Қазтест жүйесі негізінде қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, Сүлеймен Демирель атындағы университетінің іс тәжірибесімен алмасу, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудандық, қалалық филиалдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

      Семинарға арнайы келген Сулеймен Демирель атындағы университтің профессоры, филология ғылымдарының докторы Майра Жолшаева Қазтест жүйесі, оның тапсырмалары, құрастыру әдістемесі, тапсырма түрлері және бағаланатын білік-дағдылар жайында баяндама жасап, халықаралық үлгідегі бағдарламасы бар оқу орнының тәжірибесімен бөлісті.

       Сол сияқты, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Зинагүл Қожакеева баяндама жасады. «Тілді бағалау жүйесінің әлемде мойындалған тәсілі – тест болып саналады. Халықаралық деңгейде ағылшын тілін білу деңгейін тестілейтін TOEFL, IELTS жүйесі бар. Аталған жүйе тілді қолданудың әр түрлі деңгейде меңгеру дәрежесін – тыңдап түсіну, оқып түсіну, жазу, өз бетінше қолдану, сөйлеу деңгейін анықтап, шынайы баға беруге ұмтылады» - деген ол Қазтест жүйесінің жаңа форматы, өзгерістер мен ерекшеліктері жайында айтты.

       Семинарға қатысушылар Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Марал Болысбекованың А2 – базалық деңгейіне арналған «Ғимараттар» тақырыбында шеберлік сабағын тыңдап, тәжірибе алмасты. Біліктілікті арттыру семинарына қатысқан қызметкерлерге сертификат берілді. Іс тәжірбие алмасу мақсатында ұйымдастырылған облыстық семинарға белсене қатысып, тілдерді оқыту үдерісін ілгерлетуге үлес қосқаны үшін Майра Сатыбалдықызы Жолшаеваға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хаты табыс етілді.

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.