Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.10.2019
Оқылды: 27 Печать страницы
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыстық "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы мен аудан, қала филиалдарының оқытушы ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтайды!

      Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық.
Себебі, ұстаз алдын көрмеген, одан білім мен тәрбие алмаған жан жоқ.
Өз білгеніңді өзгеге үйрету, бойға жиған бар біліміңді басқа адаммен бөлісу – адамдықтың асыл қасиеті.
Сауабы мол, игі іспен айналысып, ағартушылық жүгін арқалап жүрген Ұлы мамандық иесі өздеріңіз! Абыройлы еңбек, жоғары біліктілік, мол тәжірибелеріңіздің арқасында тыңдаушылардың тілге деген қызығушылығын оятып, өңірімізде тілдік ахуалдың жақсаруына үлестеріңізді қосып келесіздер!
Сондықтан, Ұлағатты ұстаздар, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

 
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.