Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

«ТІЛ — ПАРАСАТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.09.2019
Оқылды: 99 Печать страницы
«ТІЛ — ПАРАСАТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

               «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, мемлекеттік тіл көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Ол достық пен ынтымақтың, татулық пен түсіністіктің бастауы.

               Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге арналған рухани-мәдени шаралардың бірі – дәстүрлі «Тіл парасат» байқауы. Этнос жастары арасында өтетін байқау Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен биыл да жалғасын тапты.

               Бүгінгі шарада облыс бойынша 17-22 жас аралығындағы 11 үміткер бақ сынады. Олар ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер рәсімін жасап, қазақ тілінде эссе жазды. Берілген тапсырма бойынша жұппен диалог құрды. «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы бойынша ән салып би билеп, өнерлерін ортаға салды.

             Қазылар алқасының ұпай саны бойынша қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Анжелика Боловнева бас жүлдеге ие болды. (Алакөл ауданы).

Ал талдықорғандық Эмина Аслан-Оглы І орынды еншілесе, ІІ орынды Іле ауданының намысын арқалаған Дияр Тильвалдиев алды. ІІІ орын Еңбекшіқазақ ауданынан келген Нармина Зандарова бұйырды.

Жеңімпаздар басқарманың Дипломы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға басқарманың Алғыс хаты табысталды.

              Айта кетейік, байқаудың мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру, талантты жастарды анықтау және қолдау болатын.

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.