Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 26.09.2019
Оқылды: 33 Печать страницы
ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР

              Кеше  Ш.Шайахметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар» тақырыбында онлайн семинар өтті.

              Онлайн семинарды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметшілері мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары тыңдады. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, ф.ғ.к. Айнұр Аташбекқызы онлайн семинарды жүргізіп отырды. Семинарда оқу-әдістемелік кешендеріндегі лексика-грамматикалық минимумдар, қазақ тілін танымдық-қатысымдық бағдарлы оқыту әдістемесі, мультимедиалық технологиялар негізінде, бейнефильмдер арқылы оқытудың тиімділігі жөнінде ақпарат берілді.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.